1. ГЛОССАРИЙ Механика- механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және бұл қозғалысты туғызушы немесе өзгертуші себептерді қарастыратын физиканың бөлімі.
Кинематика– денелердің қозғалысын осы қозғалысты туғызушы себеппен байланыстырмай зерттейді.
Материалдық нүкте – берілген есептің шарттарында өлшемдерін есепке алмауға болатын массасы бар дене.
Абсолют серпімді соққы – нәтижесінде толық механикалық энергия (потенциалдық және кинетикалық энергияның қосындысы) сақталатын соққы.
Абсолют серпімсіз соққы нәтижесінде толық механикалық энергия (потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы) сақталмайды және ол энергияның басқа түріне, мысалы жылулық энергияға ауысады.
Дененің массасы – дененің инерттілігінің сандық өлшемі болып табылатын физикалық шама.
Күш – денелердің өзара әсерлесуінің сандық өлшемі болып табылатын физикалық шама.
Қозғалыс траекториясы – қозғалған материалдық нүктенің кеңістікте уақыттың өтуіне байланысты сызатын сызығы.
Дененің импульсі – сан жағынан дененің массасының жылдамдығына көбейтіндісіне тең және бағыты жылдамдықтың бағытымен бірдей векторлық шама.
Абсолют үдеу (Ускорение абсолютное) — күрделі қозғалыстағы материялық нүктенің абсолют жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама. Абсолют үдеу — орын ауыстыру, салыстырмалы және кориолис үдеулерінің геометриялық қосындысына тең.
Бұрыштық үдеу - аралык уакытқа бұрыштык жылдамдықтың өзгеру қатынасы өзгеріс болған уақыт аралығында.
Еркін түсу үдеуі - ауырлық күш кимылымен материапды нүктемен пайда болған үдеу.
Қалыпты үдеу- нүкте үдеуін құрайтын қалыпты аркылы траекторияға бағытталған.
жанама үдеу - нүкте үдеуін қүрайтын жанама аркылы траекторияға бағытталған.
Лагранж функциясы - жалпыланған координаталар, жылдамдық және уақыт арқылы өрнектелген механикалық жүйенің сипаттамалық функциясы.
Декарттық координаттар жүйесі немесе картезиандық координаттар жүйесі - координаттар осіндегі межелері немесе базистік векторларының ұзындықтары тең, жазықтықтағы немесе кеңістіктегі түзу сызықты координаттар жүйесі.
Векторлық шама - сандық мәнінен басқа кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын физикалық шама; бір координат жүйесінен екіншісіне өткенде бағытталған кесінді проекциясы қалай түрленсе солай түрленетін координат өсіндегі проекциясымен анықталады.
Скаляр (лат. scalaris — баспалдақты) — әр мәні бір ғана (нақты) санмен өрнектеле алатын шама. Скаляр үлгілілері ретінде ұзындық, аудан, уақыт, масса, тығыздық, температураны, т.б. келтіруге болады. “Скаляр” терминін 1843 ж. У.Гамильтон (1805 — 1865) енгізген. “Скаляр” термині векторлық есептеулерде қолданылады.
Жылдамдық, механикада – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі: = =dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиус векторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама; физикалық шама өзгерісінін осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын, осы айнымалы шаманың уақыт бойынша өзгеруінің лездігі.
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Импульс моменті, "Қозғалыс мөлшері моменті" деп те аталады, – материалдық нүктенің немесе жүйенің механикалық қозғалысының динамикалық сипаттамаларының бірі. Физикада ол заттың әуелгі нүктеден қозғалу мен ауысуының физикалық шамасы болып, ол классикалық физикада: \mathbf{L} болып өрнектеледі. Күш моменті тәрізді қозғалыс мөлшерінің моменті центрге (нүктеге) және оське де қатысты анықталады.
Инерция моменті — айналмалы қозғалыстағы қатты дененің инерттілігінің өлшемі.
Егер бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш жарты түзулері болып табылса, онда мұндай екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.
Горизонталь бұрыш - горизонталь жазықтықта жатқан және вертикаль жазықтықтармен пайда болған екі кырлы бұрыш шамасын білдіретін жазық бұрыш.
Импульс (лат. іmpulsus – соққы, түрткі), физикада –
механикалық қозғалыстың өлшемі (қозғалыс мөлшері ұғыммен бірдей). Материяның барлық формаларының, оның ішінде электрмагниттік және гравитациялық өрістің де импульсті болады;
қандай да бір уақыт аралығындағы күш.
Механикалық құбылыстарды әр түрлі санақ жүйелерінде қарастыра отырып, Галилей келесі тұжырымғы келді: бірдей бастапқы шарттарда өзара қатысты бір қалыпты қозғалған кез келген инерциялық санақ жүйелерінде барлық механикалық құбылыстар бірдей өтеді. Бұл қағида Галилейлің салыстырмалық принципі деп аталады.