Кіріспе. Шап өзегі, шап жарығы. Негізгі бөлім



бет1/6
Дата27.03.2023
өлшемі99,14 Kb.
#76631
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
анатомия реферат




«Астана медицина университеті» КеАҚ

Адам анатомиясы кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Шап өзегі, шап жарығы.
Орындаған: Қайратқызы Үміт
Топ: 102
Факультет: Фармация
Тексерген: м.ғ.к.доцент Мукаметжан Қ.Қ.

Жоспар:
Кіріспе.


Шап өзегі, шап жарығы.
Негізгі бөлім:

  1. Шап өзегі

  2. Беткей шап сақинасы

  3. Терең шап сақинасы

  4. Латералды шап шұңқыры

  5. Шап жарығы

  6. Шап жарығының анатомиясы және эмбриологиясы

  7. Шап жарығының пайда болу себептері мен емделу тәсілдері.


Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Шап өзегі құрсақтын алдыңғы қабырғасының төменде қиғаш бағыттағы саңлау, ол жоғарыдан төмен және сырттан ішке қарай бағытталған. Шап өзегі, canalis inguinalis, саңылау болып табылады, ер адамдарда бұл өзекше арқылы тұқымдық шылбыр, funiculus spermaticus өтсе, әйел адамдарда жатырдың жұмыр байламы, lig.teres uteri өтеді. Шап өзегі қиғаш бағытта орналасқан, ұзындығы шамамен 4-5 см. Бұл өзектің төрт қабырғасы, шап жарығы болған жағдайда тереңде орналасқан сақинасы, annulus inguinalis profundus мен беткей сақинасы, annulus inguinalis superficialis ажыратылады.


Шап өзегінің қабырғалары: алдынғы қабырғасы: іштің сыртқы қиғаш бұлшыкетінің апоневрозынан, артқы қабырғасы: іштің көлденен фасциясы, fascia transversus abdominis және ішастардан, жоғарғы қабырғасы: ішкі қиғаш бұлшықет пен көлденен бұлшықеттің төменгі жиегінен, төменгі қабырғасы: іштің сыртқы қиғаш бұлшыкетінің науашығынан немесе шап байламынан, ligamentum inguinale, тұрады.
Шап өзегінің сақиналары немесе тесікшелері: 1. Шап өзегінің терең сақинасы annulus inquinalis profundus, латеральды шап шұңқыры fossa inguinalis lateralis тұсында орналасқан. 2. Шап өзегінің беткей сақинасы, annulus inguinalis superficialis, ол шап сүйегі қасағасының маңында орналасып, сыртқы пішіні сопақ тәрізді болып келген.
Бұл тесіктің үш қабырғалары ажыратылады: а) медиалді және латералді қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозының медиалді аяқшасы, crus mediale, мен латералді аяқшасынан, crus lateralis және ǝ) аралық қабырғасы: аяқша аралық дәнекер тінді талшықтардан, fibrae intercrurales және иіліп доға тәрізді байламадан, ligamentum reflexum тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет