Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет1/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
2 сем




,ДӘРІС № 14
ТАҚЫРЫБЫ: Асқорыту жүйесінің бөліктері.Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер.Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы
Ішкі ағзалар деп негізінендене қуыстарында орналасқан ағзаларды айтады. Оған ас қорыту, тыныс алу және несеп–жыныс ағзалары жатады.Ішкі ағзалар зат алмасуға қатысады, тек көбею қызметін атқаратын жыныс ағзалары ғана оған жатпайды. Ішкі ағзаларды зерттейтін ғылымды спланхнология деп атайды.

Ас қорыту жүйесі, systema digestorium тағамды механикалық және химиялық жолмен өңдеп, оның өңделген бөліктерін сіңіріп, қалған бөліктерін сыртқа бөліп шығаратын ағзалар кешені.

Адам денесі ас қорыту мүшелері арқылы жасушалардың өсуі мен жаңаруы үшін қажетті заттарды қабылдайды, денені энергиямен қамтамасыз етеді.

Адам ас қорыту жолының ұзындығы – 8 – 10 метр және ол мына бөлімдерден тұрады: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек және тік ішекпен аяқталады.

Ас қорыту бездеріне:сілекей бездері, ұйқы безі, ас қорыту жолының қабырғасындағы бездер жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет