Кітапханада – Сәлеметсіз бе, кітап алайын деп едім.
– Қайырлы күн!Қандай кітап?
– Фридерик Шопен туралы.
– Бэлзаның «Шопен» деген еңбегі бар.
– Рақмет! Тағы қандай авторлар бар?
– Ивашкевичтікі бар.
– Жоқ, Шопен туралы Брошкевичтің еңбегін беріңізші.
– Бұл автор да бар екен, міне алыңыз.
– Рақмет! Сау болыңыз!
– Сау болыңыз!
Дәмханада - Сәлеметсіз бе! Қош келдіңіз!
- Сәлеметсіз бе! Рақмет!
- Қандай тамақ аласыз?
- Маған қуырдақ және көкөніс салатын беріңізші.
- Сусын аласыз ба?
- Иә, шай және шырын беріңізші.
- Нан қажет пе?
- Қара нан беріңізші.
1-тапсырма. Қайта тыңдаңыз. Сәйкестендіріңіз. 1. Қандай тамақ аласыз? А. Қара нан беріңізші.
2. Сусын аласыз ба? Ә. Қуырдақ.
3. Нан қажет пе? Б. Рақмет!
4. Қош келдіңіз! В. Шырын беріңізші.
«Сауда орталықтарында» сұхбат
Кеңесші: Қайырлы күн! Сізге қалай көмектесе аламын?
Сатып алушы: Қайырлы күн! Мен белдемше іздеп жүрмін.
Кеңесші: Киім мөлшеріңіз қандай?
Сатып алушы: Кейде 36, ал кейде 38
Кеңесші: Түсінікті. Қандай түсті белдемше іздедіңіз?
Сатып алушы: Мен қанық түстерді ұнатамын.
Кеңесші: Онда сізге мына қызыл түсті белдемшені ұсынғым келеді.
Сатып алушы:Әдемі екен, бірақ мен ұзындау белдемше іздеп жүрмін.
Кеңесші: Бұл тым қысқа ма? Онда жасыл белдемшені көріңіз.
Сатып алушы: Маған ұнайды.
Кеңесші: Киіп көресіз бе?
Сатып алушы: Иә, киіп көрейін. Киіну бөлмесі қай жерде?
Кеңесші: Менімен жүріңіз
1-Тапсырма. Диалогті тыңдаңыз, бос орындарға қажет сөзді жазыңыз. Кеңесші: Қайырлы күн! Сізге қалай көмектесе аламын?
Сатып алушы: Қайырлы күн! Мен ___________ іздеп жүрмін.
Кеңесші: Киім ___________ қандай?
Сатып алушы: Кейде 36,ал кейде 38
Кеңесші: Түсінікті. Қандай ___________ белдемше іздедіңіз?
Сатып алушы: Мен ___________ ___________ ұнатамын.
Кеңесші: Онда сізге мына ___________.......___түсті белдемшені
ұсынғым келеді.
Сатып алушы: Әдемі екен, бірақ мен ұзындау белдемше іздеп едім.
Кеңесші: Бұл тым ________ма? Онда жасыл белдемшені көріңіз.
Сатып алушы: Маған ұнап тұр.
Кеңесші: Киіп көресіз бе?
Сатып алушы: Иә, киіп көрейін. Киіну __........._____қай жерде?
Кеңесші: Менімен жүріңіз.