Тәрбие сағаты Тақырыбы: Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!
Дайындаған
Бейнеу 2023
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!
Мақсаты:Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
Көрнекілік:слайд,стикер,түрлі-түсті карандаштар
Тәрбие сағатының барысы: Мұғалімнің сөзі:Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады. Бір түрлі тағам денсаулыққа қажетті қоректік заттардың барлығын бере алмайды. Бір тағамдар ағзаға күш-қуат береді. Мәселен: бал, қарақұмық, геркулес, жүзім, май- қимылдар жасауға, жақсы ойлануға, шаршамауға көмектеседі. Ірімшік, ет, жұмыртқа, жаңғақтар* ағзаның мықты болуына, сүйектердің жақсы дамуына көмектеседі. Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ендігі кезекте мақалды жалғастырайық оқушылар: Ет жесең тісіңе кіреді,(жемесең түсіңе кіреді)
Ет етке (сорпа бетке)
Ас атасы(нан)
Тоқ адамды ұйқы басады,(Аш адамнан ұйқы қашады)
Жетімге жеті бидай да(тамақ)
Дастарқанда нан жоқ(Тамақта мән жоқ)
Тамағы тоқ,(Көйлегі көк)
«Тамақтану бағдаршамы » ойыны: Оқушыларға қай тағам пайдалы, пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады. Пайдалы тағам туралы айтылса шапалақтау , келіспесе- аяғын тарсылдату көрсетеді
«Жағдаяттардан шығу»
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді. - Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па? Жауабы:Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен тиімді тамақтану қажет
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды. Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:- Айгүл, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.- Неге?дейді Айгүл таңырқап. Сұрақ: Алма неге Айгүлге олай айтты.Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді. - Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
Жауап: Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықтыжоғалтуоңай, қалпына келтіру қиын
«Ия, жоқ» ойынымен аяқталық. 1. Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе? ия 2. Тәулігіне екі рет тамақтансақ жетеді? Жоқ. үш немесе төрт рет 3. Тамақтану процесі туралы диетолог дәрігерден кеңес сұрау керек? ия 4. Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілеттінің дамуына мүмкіндік береді. Ия 5. Тамақтануда тазалықтың қажеті жоқ.
Қортынды:Ас - адамның арқауы
Аспен күш артады
Тағам іш жағымды,
Тазартар жаңынды,-деп сынып сағатын аяқтаймыз.