«Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функционалды қорлары»
Құрастырушы Лесбекова Р.Б.
Дәрістің мақсаты: Ағзаның дене жүктемелеріне бейімделу үрдісінің және ағзаның қорлы мүмкіндіктерінің заңдылықтарын ашу.
Дәріс жоспары. Спорттық физиология, оның мақсаты мен міндеттері. Спорттық физиологияның дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы. Дене жүктемелеріне бейімделу. Бейімделу сатылары: жедел, өтпелі,ұзақ. Бейімделу құны.. Ағзаның физиологиялық қорлары және олардың дене белсенділігі кезіндегі қосылуы. 1;2. Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері пәні спорттық физиология ретінде көбірек танымал жалпы физиологияның арнайы бөлімі. Ол ағзадағы бұлшық ет (спорттық) қызметі әсерінен болатын өзгерістерді зерттейді және осы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша іс жүзіндегі тиімділігіне негіздеме береді.
Спорттық физиология – оқу пәні ретінде екі негізгі міндетке бағытталады.
Бірінші мақсат адам денсаулығын дене жаттығулары көмегімен және қоршаған ортаның жағымсыз факторларына (температура, қысым, радиация, ауа мен судың ластануы, инфекциялар және т.б.), сондай-ақ,жұмысқабылеттілікті сақтау мен қалпына келтіруді, тез шаршамауға, адамның кәсіби қызметі кезіндегі психологиялық-эмоционалды жүктемелердің ауыртпалығын түзетуге тұрақтылығны арттыру. Бұл міндет бұқаралық дене шынықтыру шеңберінде шешіледі.
Спорттық физиологияның екінші міндеті - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-шараларға физиологиялық негіздеме беру.
Спорттық физиологияның ерекшелігі – оның материалдары тек адамға жүргізілген эксперимент нәтижесінде ғана алынуы мүмкін. Зерттеулер қимыл белсенділігіне дейін, кезінде және кейін жүргізіледі. Дене белсенділігін мөлшерлеуге және адамның тіршілік әректеінің түрлі кезеңдеріндегі қызметінің өзгерістерін тіркеуге мүмкіндік беретін арнайы жүктеме тестері (велоэргометрия, жүгірмелі жол (тредбан), баспалдаққа көтеріліп, түсу, қол эргометриясы) жасалған.
Ағзаның функционалдық күйін бағалау үшін түрлі физиологиялық көрсеткіштер қолданылады, атап айтқанда: