Күнтізбелік – тақырыптық жоспар



бет1/7
Дата09.06.2023
өлшемі68,79 Kb.
#100216
  1   2   3   4   5   6   7

«Бекітемін» «Келісемін» Әдістемелік бірлестік
Мектеп директоры Директордың оқу ісі отырысында қаралып,
___________А.Жарасова жөніндегі орынбасары бекітілуге ұсынылды.
« » ______ 2022 ж. ________Т.Әменова Хаттама № 1 « »_____2022 ж.
« » ______ 2022 ж. Бірлестік жетекшісі
_________ А.Ахметова

КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Пән мұғалімі: Ахметова Асем Сайпуллаевна
Мектеп: Қармақшы аудандық білім бөлімінің С.Есқараев атындағы «№27 мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып: 5 «а»


Пәні: Қазақ әдебиеті(ҚГБ)
2022/2023 оқу жылы


Түсінік хат

Тақырыптық – күнтізбелік жоспар ҚР Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі, орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары ( 2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен енгізілген 19,22 қосымшалары өзгерістер мен толықтырулар;)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдег і №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары 2020 жылғы 27 қарашадағы №496с бұйрығы өзгерістер мен толықтыруларымен
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығы негізінде әзірленді.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған:

  1. Тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Қазақ тілі» пәнінің 5-сыныптағы базалық мазмұны бойынша білім алушылар:
1) тыңдалым және айтылым: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды; негізгі ойды анықтайды; негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіре алады;
2) оқылым: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді; лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы таниды; хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктерін, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер; оқылым стратегияларын қолданып, қажетті ақапаратты таба біледі;
3) жазылым: мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құруды; хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сай етіп жазуды; сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазуды; эссенің бөлімдерін меңгеруді (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды); мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазуды үйренеді.
4) әдеби тіл нормалары бойынша білім алушылар:
1) орфографиялық норма бойынша қазақ тілінің дыбыстар жүйесі; үндестік заңы; емле заңдылықтарын үйренеді;
2) орфоэпиялық норма бойынша ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал түрлерін ажырата алады;
3) лексикалық норма бойынша сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздер мен синоноим, омоним, антоним туралы білімдерін кеңейтеді;
4) грамматикалық норма бойынша туынды сөздер; күрделі сөздер: зат есімнің мағыналық түрлерін; сын есім, шырай категориясы; сан есім, мағыналық түрлерін; төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі туралы білімдерін кеңейтеді;
5) пунктуациялық норма бойынша төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдануды үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет