БІЗ: 5»в» сынып ТОПТЫҢ АТЫ: «Көк бөрілер» ТОПТЫҢ ҰРАНЫ: "Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз,
Жігерлі де, білімді, айбаттымыз"*
Ассалаумалейкум жиналған жұрт, Сәлем бердік сіздерге біз иіліп. Армысыздар қазылар, қарсыластар, Бұл сайысқа келген ел бір жиылып.
Жігіттер арасында үлкен сайыс, «Ал,қанекей, ЖІГІТТЕР» тіресейік. Бұл сайысқа асығып біз де келдік, «Жігіттің сұлтанын » біз дәлелдейік.
Тобымызды атадық «Көк бөрі» деп, Көк бөрінің ұрпағы болғандықтан. Көк бөрідей бабаның батылдығы, Бойымызға арнайы қонғандықтан.
Дайындық та жоғары деңгейде бұл, Көк бөрідей шайқаста жеңілмейміз. Қарсыластар жан-жақтан қысса-дағы, Басты иіп сіздерге берілмейміз.
Біздің топтың балдары үздік бәрі, Өнерімен тәнті етер барша жанды. Ынтымақ пен сыйластық бірге үндесіп, Бақытына бөлейді барлық маңды.
Жеті атаңызды атаңыз
1.
2.
3.
4.
5.
6. 7.
2. Жеті қазынаға нелер жатады?
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел.
3. Ілім - білім.
4. Жүйрік ат.
5. Құмай тазы.
6. Қыран бүркіт.
7. Берен мылтық
4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
2) Бес дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,. еріншек,бекер мал шашпақ. 3) Бес асыл іс:талап, еңбек, терең ой,қанағат,рақым.
5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
Алтыбақан, ақсүйек, қыз қуу, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық, аударыспақ, көкпар, бәйге және т.б.
6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?
садақ, найза, қылыш, айбалта және шоқпар
Ағайын алтау, ана......(біреу)
2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)
3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)
4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың)
5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің
6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)
7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)
8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)
Сөз тауып күн қылатын көңіл – күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
5 «в»сыныптың ер жігіті, сұлтаны
Шығарайық ортамызға ӘБіЛМАНСҰР жігітті.
ИНАЯТУЛЛА ӘБІЛМАНСҰР!
Өнерімен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар ортада БЕЙБАРЫСбатыр
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан
БАЛЫҚБАЙ БЕЙБАРЫС!
Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
ДАСТАН атты жігіт болған сарбазды.