1.1, 1.2 Органикалық химия пәні. Органикалық қосылыстардың ерекшеліктері.
Органикалық қосылыстардың барлығының құрамында болады: көміртек Органикалық химия: көмірсутектермен олардың туындыларының химиясы Органикалық қосылыстарда көміртек атомдары бірімен-бірі байланысады: түзу тізбекті, тармақты, тұйықталған тізбек түзіп Органикалық қосылыстар тегіне байланысты бөлінеді:табиғи, синтездік Табиғи органикалық заттарға жатады:газ, мұнай, көмір, шымтезек, тақтатас, озокерит, мақта ж/е орман шаруашылығы өнімдері Табиғи газдар тұрады: метаннан Мұнайды өңдеп алады:бензин, керосин, жанармайлар, жағармайлар
Отын ретінде қолданылады: таскөмір Битумды ж/е жанғыш тақтатастарды өңдеу арқылы алады:отындар, майлар, битум, тұрмыстық газ Органикалық қышқылдар, фенол, т.б. органикалық заттар алынатын шикізат ретінде қолданылады:шымтезек Мақта талшығымен ағаш сүрегінің құрамында болады: целлюлоза Ауылшаруашылық өнімдері мен олардың қалдықтарынан алынады: крахмал, сахароза, глюкоза, витаминдер Целлюлозадан алады: жасанды талшықтар, қағаз, картон, спирт, эфирлер Органикалық қосылыстардағы көміртек атомының тотығу дәрежелері:-4 тен +4 ке дейін өзгереді Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері:алмаз, графит, карбин, кумулен, фуллерен Көміртек атомы үш түрлі болып гибридтенеді: sp3, sp2, sp Sp3 валенттік бұрышы: 109’28 Арасындағы байланыс ұзындығы: 0,154 нм Кеңістіктік пішіні: тэтраэдр тәрізді
Алкандар Органикалыққосылыстардыңжіктелуінебайланыстыкімнің құрылыс теориясына сүйенеміз: Бутлеров Көмірсутектер көміртек атомдарының бйланысу ретіне қарай қалай бөлінеді: Ациклді (молекулада көміртек атомдарының тұйық тізбегі болмайтын), карбоциклді (атомдардың тұйық тізбегі болатын) Карбоциклді көмірсутектер қалай бөлінеді: алициклді, ароматты Молекула құрамына кіретін атом түріне қарай органикалық қосылыстарды ұандай топтарға жіктейді: көмірсутектер, оттекті, азотты органыикалық қосылыстар Қаныққан көмірсутектер: алкандар, циклоалкандар Алкан дегеніміз: молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы СпН2п+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер Алкандар неліктен қаныққан көмірсутектерге жатады: себебі, алкандардың молекуласындағы әр көміртек атомының барлық 4 валенттігі толығымен, яғни, шегіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Алкандарды басқаша атаулары: парафиндер,метан қатарының көмірстектері Гомолог дегеніміз: Жалпы формулалары бірдей,химиялық қасиетері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше СН2 тобына өзгеріп отыратын заттар Алкандардың гомологтық айырымы: СН2 Радикал түзілуі: Алкан көмірсутектерінен бір сутек атомы үзілгенде түзіледі Радикалға жалғанатын жұрнақ: -ил Алкандарға тән изомерлену: құрылымдық( көміртек қаңқасына байланысты) Алкандардың изомерленуі басталады: Бутаннан Изобутанда көміртек атомдары қалай орналасады: тармақталып Тармақталған көміртек тізбегі қалай аталады: нормальды Изомерлер саны: бутан-2, пентан-3, гексан-5, декан-75 Алкандардың бастапқы қанша көмірсутегі тривиальды атпен: метан,этан,пропан,бутан Пентаннан бастап қалай аталады: грек сандарына –ан жұрнағы жалғанып аталады Тармақталған алкандарды қалай нөмірлейміз:радикал жақын орналасқан жағынан бастап нөмірлейміз Тармақталған көмірсутекті қалай атаймыз: радикал байланысқан көміртектің нөмірін, содан кейін сызықша арқылы радикалдың атын атап, сосын негізгі тізбекке сай көмірсутек аталады(егер 4 көмірсутек тізбектеліп тұрса, онда бутан),егер бір көміртекте бірдей екі радикал болса, нөмірді екі рет қайталайды.
Бірдей радикалдардың сандары грек сандарымен көрсетіледі: ди-, три-, тетра-; 2,2-диметил...; 2,2,3 триметил... т.с.с