Коммуникация


§3.  Қазіргі мәдениетаралық



Pdf көрінісі
бет26/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   246
§3.  Қазіргі мәдениетаралық 
коммуникация мәселелерінің өзектілігі
Мәдениетке  қатысты  барлық  мәселелердің  өзектілігі  бүгінгі 
таңда  адам  нанғысыз  өткір  сипат  алды.  Түрлі  халықтың  мәдение- 
тін  зерттеу -  мәдениеттану  пәнінде  басты  мәселеге айналды.
Будан  сәл  ғана  бұрын  бұл  мәселеге  тарих,  философия,  фило- 
логияның  бір  бұрышында  болмашы  ғана  орын  беріліп  еді.  Қазір 
оны  Ресей  жоғары  аттестациялық  комиссиясы  ғылыми  мамандық 
ретінде айқындап отыр, мәдениеттану пәні бойынша  кандидаттық 
және  докторлық  диссертация  қорғау  үшін  мамандандырылған 
ғылыми  кеңестер  құрылды;  мәдениеттер  диалогі  мен  шиеленіс- 
тері  тақырыптарында  мақалалардың  көбеюі;  мәдениет  мәселе- 
лерін зерттеушілердің басын  біріктіретін  қоғамдар мен  қауымдас- 
тықтардың  құрылуы,  мәдениет  мәселелері  бойынша  конгрестер 
мен  симпозиумдардың,  конференциялар  санының  күрт  артуы; 
мәдениеттану мен антропологияның барлық гуманитарлық бағыт- 
тағы  мамандар  даярлаудың  оқу  жоспарына,  тіпті  орта  мектеп 
бағдарламасына  енуі;  жоғарыда  аталып  өткендей,  С.  Хантингтон- 
ның  үшінші  дүниежүзілік  соғыс  жайында:  «Бул  мәдениеттер  мен 
өркениеттердің  соғысы  болады»  деген  белгілі  болжамы  -   мұның 
бәрі  мәдениет мәселелеріне деген  ерекше  ықыластың көрінісі.
Өкінішке  қарай,  осындай  өзге  мәдениетке деген  ерекше  ықы- 
ластың  артында  өз  мәдениетін  өзгелердің  тәжірибесі  мен  ерек- 
шеліктері  арқылы  байыту  секілді  игі  және  жасампаз  мақсат  қана 
турған  жоқ,  сонымен  қатар  өзге де  көңілсіз  әрі  алаңдатарлық тә- 
жірибелер  де  кездеседі.  Соңғы  жылдардағы  әлемдік  деңгейдегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет