хани және материалдық мәдениетін, өмір сүру салтын, үлттық
мінез-құлқы мен дүниетанымын тереңінен әрі тыңғылықты түр-
де зерттеу керек. Өйткені сөздің сөйлеу тіліндегі шынайы қолда-
нысы, сөйлеу тілінің қалыптасуы мен туындауы сол тілде сөйлейтін
үжымның әлеуметтік және мәдени өмірімен тікелей байланысты.
«Тіл мәдениеттен тыс, яғни біздің өмір салтымызды сипаттайтын
әлеуметтіктүрғыдан еншіленген практикалық дағдылар мен идея-
лардың жиынтығынан тыс өмір сүре алмайды.18 Осылайша, біз
тілдік құрылымдардың негізінде әлеуметтік-мәдени құрылымдар
жатқанын айқындаймыз.
Сөздің мағынасы мен грамматика ережелерін білу-тілд і сөй-
лесу қүралы ретінде пайдалануға аздық етеді. Өзіңіз оқып, мең-
геретін тілдің әлемін барынша тереңірек білген жөн. Басқаша
айтқанда, сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық ере-
желерінен бөлек мыналарды меңгерген жөн:
1) қашан айту/жазу керек (қалай, кімге, қайда, кімнің көзінше);
2) контекстік мағына (меңгеретін тілдің сөйлеу тіліндегі сөздің
шынайы қолданысы, белгілі бір ойдың меңгерілетін тілде қалай
бейнеленетіндігі).
Осыған байланысты қазіргі кезде Мәскеу гуманитарлық үни-
верситетінде Шет тілдер факультетінің оқу жоспарында шет тілін
оқытуға бөлінетін сағаттың үштен бір бөлігі «Меңгеретін тіл әле-
мі» («Мир изучаемого языка») атты пәнге беріледі. Бул пән Ресей-
дің көптеген жоғары оқу орындарына да енгізілген.
Әлеуметтік лингвистика, лингвоелтану және меңгеретін шет
тілінің әлемі атты ұғымдар өзара бір-бірімен қалай байланысады?
Достарыңызбен бөлісу: