Коммуникация



Pdf көрінісі
бет28/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   246
Мудрое слово Древней 
Руси.  М„  1989, 353 б.
25


қақтығыс бар, яғни  мәдениеттер  қақтығысы, сондықтан  шетел  не- 
месе  шетелдік сөздерімен тіркесетін  барлық тіркес осы  қақтығыс- 
ты  меңзейді.
Мәдениеттер  қақтығысының  ең  нақты  мысалдарын  шетел- 
діктер  мен  олардың  отанында  немесе  өз  елінде  қарым-қатынас 
жасаудан  байқауға  болады.
Мұндай  шиеленістер  көптеген  күлкілі  оқиғаларды,  анекдоттар 
мен  күлкілі сюжеттерді  («біздікілер шетелде»,  Ресейдегі  шетелдік- 
тер т.с.с.),  келеңсіздіктерді, драмалар  мен тіпті  қайғылы оқиғалар- 
Ды 
тудыруда.
Италиялық  отбасы  чернобыльдік  баланы  асырап  алады.  Түн 
ішінде  Римдегі  Украина  елшілігінде  телефон  шырылдайды:  «Тезі- 
рек  келіңіздерші,  біз  оны  ұйықтата  алмай  жатырмыз.  Ол  айғайлап 
жылай  береді,  көршілерді оятты», -  дейді телефонный, аржағында 
абыржыған  әйел  дауысы.  Оқиға  орнына  елшіліктің  машинасы  ау- 
дармашымен  келіп  жетеді.  Оған  әбден  жылап  сілесі  қатқан  бай- 
ғұс  баланың  бар  айтқаны:  «Менің  ұйқым  келді.  Бірақ  олар  маған 
костюм  кигізбекші!»  болған  екен.  Бала  үшін  ұйықтар  алдында 
«шешіну»  қажет  болған.  Оның  мәдениетінде  жаттығу  костюміне 
ұқсас  пижама  кию  әдеті болмаған.
Латын  Америкасында  «Мальборо»  темекісінің  жарнамасы 
«өтпейді».
Ковбой,  атқа  мінген  адам  -   тек  арзан  шылым  шегетін  кедей 
халықтың өкілі.  Сол  себепті де  ол  сапасыз темекі.
Испаниялық  фирма  Мексикамен  шампан  шарабына  арналған 
тығындарды  әкеп  сату  жөнінде  келісімшартқа  отырады.  Бірақ 
Мексика  мәдениетінде  қызылқүрең  (бордовый)  түстің  қайғы  сим­
волы  екенін  ескермегендіктен,  келісім  іске  аспай  қалды.
Қазақ  ұшағының  Дели  әуежайына  қону  барысында  апатқа 
ұшырауы  да  мәдениеттер  арасындағы  қақтығыстан  туындаған 
дейді:  үнділік  әуедиспетчерлер  биіктікті  метрмен  емес,  футпен 
айтқан.  Бұл  ағылшын  мәдениетінде  және  ағылшын  тілінде  солай 
қабылданған.
1996  жылы  Украинаның  Умань  қаласында  хасидилердің  дәс- 
түрлі съезі  кезінде туындаған жанжал,  көшедегі  көрерменнің бірі- 
нің  бетіне  хасиди  өкілінің  баллоннан  көзден  жас  ағызатын  газды 
шашып жіберуінен  басталған.  Хасидилердің салтында  әйелдердің 
еркекке өте  жақын  келуіне  болмайды.  Жанжалға себеп болған ук- 
раин  әйелі  еркекке  діни  салт  рұқсат  еткен  қашықтықтан  өте  жа- 
қын  келгенге  ұқсайды.  Наразылық  бірнеше  күнге дейін  созылды. 
Қалаға  тәртіп  енгізу  мақсатында  келген  өзге  қалалық  тәртіп  сақ- 
шыларына  мәдени  қақтығыстың  себебі  түсіндірілді.  Сөйтіп  олар 
да аса сақтықпен  қажетті ара  қашықтықты сақтауға  мәжбүр болды


әрі  әйелдерге діни  жоралар  өтіп  жатқан  аумаққа  енуге тыйым  са- 
лынғандығын түсіндіріп  бақты.10
Белгілі  саяхатшы,  антрополог  Сол  Шульман  австралиялық 
иммигранттар  арасындағы  мәдениеттер  қақтығысын  қарапай- 
ым  ғана  мына  мысал  арқылы  жеткізеді:  «Грек  немесе  италия- 
лық  отбасы  Австралияға  келеді.  Әкесі,  анасы  және  он  жастағы 
бала.  Әкесі  бай  мемлекетте  біраз  жұмыс  істеп  ақша  жинап,  со- 
сын  отанына  оралғысы  келеді.  Біраз  жұмыс  істеп,  5-6  жыл  өт- 
кен  соң,  еліне  қайтуға  бел  буады.  «Қай  отанға?»  -   деп  таң  қа- 
лады  ұлы,  -   «Мен  -   австралиялықпын».  Оның  тілі,  мәдениеті, 
отаны мұнда,  анда  емес.  Сөйтіп,  кейде осындай отбасылық драма 
шаңырақтың  ортасына  түсуімен  аяқталады.  «Әкелер  мен  бала- 
лардың»  мәңгілік  проблемасының  тереңдеуі  әрі  әртүрлі  буын 
мәдениетінің  алыстауы  осыдан  басталады.  Иммигранттардың 
Австралияны  «алтын торга» теңеуі  бекер  емес.11
Индонезия тілінен  кәсіби аудармашы,  жарты ғасыр  бойы  КСРО 
дипломатиясы  мен  саясатының  ең  жоғары  сапында  қызмет  істе- 
ген  И.И.Кашмадзе  Индонезияның  қылмыстық  полиция  басшысы 
біздің елімізге сапарын былай сипаттайды:  «Кеш  аяқталуға жақын 
қалғанда,  генерал  Калинин  индонезиялық  қонаққа  «ағайындық 
сезімін»  білдіру  мақсатында  оның  ернінен  сүймекке  ұмтылады. 
Бұл  полиция  басшысының ерекше таңданысын тудырды».12
Агылшын  жазушысы,  актер,  режиссер,  қоғам  қайраткері,  тегі 
орыс  Питер  Устинов  Италиядағы  ағылшын  фильмін  түсіру  бары- 
сында  италиялықтар  мен  ағылшындар  арасындағы  мәдениет 
қақтығысын  жазады.  Онда  ағылшындар  италиялықтарға  өз  мә- 
дениеті  мен  кәсіподақтарының  талаптарын  тықпалағысы  келеді. 
Мәселе,  ағылшын  жұмысшыларының  кәсіподағы  Англиядағы  шай 
ішу дәстүріне орай, жұмысшыларға  шайға үзіліске шығуына  рұқсат 
беруінен  басталған.
«Сөйтіп,  Италияда  бұрыннан  белгіленген  жұмыс  уақыты  шай 
ішу  үшін  үзілді.  Ауа  температурасы  40  градусты  көрсетіп  тұр, 
салқын  сусынды  қайдан  болса  да  табуға  болады.  Италиялық  жұ- 
мысшылар  бізге  аса  таңданыспен  қарады.  Олардың  барлыгы 
белдеріне  дейін  жалаңаштанып,  өздерінің  саяси  көзқарастарын 
бастарына  коммунистік  «Унита»  газетінен  жасалған  ұшқыштың 
бас  киімін  кию  арқылы  көрсетті.
Басында  біздің  түсіру  тобындағы  ағылшын  жұмысшылары 
италиялықтарды  шайға  үзіліс  жасауға  және  оны  ішуге  мәжбүр- 
леуді талап  етті.  Алайда  италиялықтарды  буны жасауға  ештеңе де 
мәжбүрлей  алмас  еді.  Ағылшындар  оларға  талаптарын  орындату 
үшін  моральдық  қару  ойлап  таппақ  болды.  Мен  оларға  Италия­
да  екенімізді  және  оларға  өз  елінде  шайды  зорлап  ішкізудің  бос


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет