Компьютерге арналған желілік кабельдер
Дата 17.10.2022 өлшемі 116,25 Kb. #43572
Байланысты:
7 сабақ Экрандалмаған шиыршықталған жұптың (UTP) бес категориясы Экрандалмаған шиыршықталған жұптың (UTP) бес категориясын Біріктіретін стандарттар анықталған. 1-категория – дəстүрлі телефон кабелі,оның бойымен деректер таратуға болмайды , тек сөз ғана жіберіледі. 2-категория – деректерді 4 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады. 3-категория – деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Əрбір метрге тоғыз шиыршықтан келетін төрт шиыршықталған жұптан тұрады. 4-категория – деректерді 16 Мбит/секжылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады. 5-категория – деректерді 100 Мбит/секжылдамдықпен жібере алатын кабель. Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады. • Шиыршықталған жұп əдетте желіні жүргізу барысында кеңінен қолданылады. • TIA/EIA ұйымы екі схема анықтаған, олар T568A жəне T568B аталады. анықталған. T568A жəне T568B схемалары бойынша кабель өткізгіштерінің екі типін анықтауға болады: тура жəне қиылысқан. Бұл кабельдің екі типі ақпараттық орталықтарда кездеседі (astraight‐throughcableandacrossovercable) . Тура кабель қолданылатын құрылғылар: • коммутатора жəне маршрутизатор порттары; • Концентратор жəне ДК порттары. Қиылысқан кабель қолданатын құрылғылар: Коммутатор жəне коммутатор порттары ; Коммутатор жəне концентратор порттары; Концентратор жəне концентратор порттары; Маршрутизатор жəне маршрутизатор порттары; ДК жəне маршрутизатор порттары; ДК жəне ДК. Қиылысқан кедергілер дегеніміз – көршілес сымдардағы сигналдардың əсерінен туатын электрлік əсерлер. Достарыңызбен бөлісу: