Компьютерлік желілер. Компьютерлік желілердің классификациясы. Желі



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі2,41 Mb.
#13718
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Компьютерлік желі сабақ

  • Компьютерлік желілер.
  • Компьютерлік желілердің классификациясы.
  • Желі дегеніміз ресурстарды– дискілерді, принтерлерді ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан бірнеше компьютерлер тобы.
  • Компьютерлік желілер- (Computer NetWork, net -желі,work-жұмыс)берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.
  • Бірнеше (екіден артық) компьютерлерді бір-бірімен физика­лық түрде байланыстырғанда компьютерлік желі құры­лады.
  • Мәлімет алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен байланыстыру түрі тікелей байланыс деп аталады.
  • Соңғы мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау мақсатында OSI (Model of Open System Interconnections – ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі) моделі жасалып шықты.
  • Бұл модель Халық­аралық стандарттар жасау ұйымы­ның – ISO (International Stan­dards Organization) техникалық ұсыныстары негізінде құрылған.
  • Осы ISO/OSI моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитек­тура­сының әртүрлі деңгейлерін (деңгейлер саны – жетіге шейін) қарастыру керек. Олардың ең жоғарғысы ­­­­–­ қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі ­­­­­­­– физикалық деңгей болып саналады.
  • Компьютерлік желі архитектурасының осы жеті деңгейінде мәлімет­тердің бір-біріне қажетті сәйкестігін қамтамасыз ету үшін протокол (хаттама) деп аталатын арнайы стандарттар жасалған.
  • Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.
  • Жергілікті - LAN (Local Area Network) жергілікті желі, бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі.
  • Аймақтық- MAN (Metropolitan Area Network) — бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.
  • Ауқымды- WAN (Wide Area Network) — глобалды желі, бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.
  • Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде.
  • Желілердің функционалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыратын әр түрлі желі топологиялары қолданылады.
  • Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі деп аталады.
  • Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет