Концепт және оның зерттелуі



бет1/2
Дата03.04.2023
өлшемі71 Kb.
#78596
  1   2

УДК 81:001.12.18

КОНЦЕПТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


Садықова Р.К.
ф.ғ.к.

Бұл мақалада концепт ұғымы және оның тіл біліміндегі рөлі, қазақ тіліндегі еңбектерде ғалымдардың концептілік ұғымдарға әр түрлі талдау жасауы жайында беріледі.


Концепт – лингвистикалық категория. Бірақ басқа лингвисткалық терминдермен балама қолдануға болмайды. Концепт когнитивтік тіл білімінің басты термині ретінде қарала бастағаннан-ақ мағына мен ұғым, лингвомәдени бірлік терминдерімен ауыстыра қолдану жағдайы кездесе бастады. Зерттеушілер ең алдымен осы ұғымдардың ара-жігін ажыратып көрсеткенді жөн көреді. Концепт ұғымы қазіргі тіл білімінде ХХ ғасырдан бастап белсенді қызмет атқара бастады.
Ең маңызды ұғымдар тілде көрсетіледі. Концепт – идея, оның ішінде абстракты, нағыз-ассоциативті және эмоционалды-бағалы белгілер болып табылады.
Бұл мақалада сондай-ақ қазақ халқындағы түр-түс атауларының ерекшеліктері және ондағы символикалық белгілері жайында айтылады.


Түйін сөздер: концепт, лингвистика, зерттелу, когнитивтік сипат, концептуалды негіздер, антропологиялық белгілер


Қазіргі қазақ тіл ғылымында көбірек зерттеліп, тіпті негізгі проблемалардың біріне айналып келе жатқан бірнеше ғылыми бағыттар бар; олар: лингвомәдениеттану, концептология, антропоценртистік лингвистика. Бұл салалардың басты зерттеу нысаналары бір-біріне ұқсас болып келеді. Өйткені біз атап отырған тармақтардың барлығында да тіл адам факторымен тығыз байланыста, тілдік кеңістікте өмір сүретін адамның барлық қарым-қатынастығы, мінез-құлықтағы стереотиптердің қалай қалыптасқандығы және оның тіл арқылы қалай берілетіндігіне қатысты болып шығады. Сондықтан қазіргі кезде антропоцентристік лингвистикада болсын, когнитивистика саласында да, лингвомәдениеттануда да әрбір халықтың өзінің этнотипіне қарай қоршаған ортаны қалай түсінеді, ол туралы қандай білім жинақтайды, неге ұқсатып барып образ жасайды, неге қарама-қарсы қояды деген сияқты бір топ түсінік талданады. Бұл мінез-құлықтың этникалық стереотипіне және гетеростереотипке байланысты. Сөйтіп, әр халықтың этностереотипін, менталды қабылдап, жеткізуін көрсететін сөздер мен сөз тіркесінің топтап, жинақтап қарастыру мәселесі көтерілді. Осыған орай ғылымда «концепт» ұғымы пайда болды.
Бұл арада мынаны анықтап айтып кеткеніміз жөн болады.
Біріншіден, қазір «концепт» ұғымы барынша жиі қолданылып, тіл біліміндегі маңызды терминдердің біріне айналғанымен, ол – философия мен логикада баяғыдан бері жиі жұмсалып келе жатқан аталым; ол тек тіл білімі саласында жаңаша мазмұнға ие болып отыр. Ол когнитивті тіл білімінің негізгі категорияларының біріне айналды.
Екіншіден, «концепт» ұғымы бүгінгі таңдағы жаңа аталымдар қатарында тұрса да, ол туралы алғашқы пікірлер мен көзқарастар В.фон Гумбольдттің еңбектеріне бастау алады. Бұлай деуімізге себеп бар. Концепт антропологиялық лингвистикаға қатысты дедік, ал В.фон Гумбольдт «салыстырмалы антропология» жайында идея айтып, салыстырмалы антропология бойынша әртүрлі ұлт өкілдерінің рухани тұтастығы мен ерекшеліктерін қатар қойып, салыстырып барып зерттеу деген болатын [1;85].
Үшіншіден, әлемдік лингвистикада, яғни шетел ғалымдары мен орыс тілші-ғалымдарының зерттеулерінде когнитивтік талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері, қазіргі бағыттары, жалпы алғанда, концепт дегеніміз не, оны қалай танып білуге болады дегендер туралы жалпы бағыттар мен көзқарастар Н.Хомский, А.Вежбицкая, Н.Артюнова, ДЖ.Лакофф, Г.Филлмор, Ю.Апресян, В.Маслова, Ю.Караулов және т.б ғалымдардың еңбектерінде аталған. Ал орыс тіл білімінде концепт жөнінде алғаш рет ғылыми тұжырым айтқан С.А.Аскольдов деп аталынды, көптеген зерттеушілер оның көзқарастарын арқау етеді.
Төртіншіден, қазақ ғылымына келетін болсақ, бізге дейін бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар жалпы, қазақ ғылымында когнитивистика жайында көзқарас білдіргендер деп А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Э.Сүлейменова, Ж.Манкеева А.Ислам, Қ.Жаманбаева сияқты ғалымдар көрсетіледі, өйткені аталған ғалымдар этнолингвистика шеңберінде концептілер туралы да пікірлер айтқан. Сондай-ақ бір топ жас зерттеушілер (М.Күштаева, Н.Аитова, А.Сыбанбаева, Ж.Жампейісова, А.Смайлов) де еңбектері бар, олар тікелей осы мәселеге арналған.
Қандай да халықтың болмасын лингвомәдениетінде концептінің болмауы мүмкін емес, бұл – барлық халықтарға тән фактор. Халықтар тіліндегі концепт тек әлемнің тілдік бейнесін танып, қабылдауда сандық және мазмұндық жағынан айырмалануы мүмкін. Бұны сипаттау үшін сол халықтың философиялық ой-толғамын, тарихын, психологиясын, менталитетін жетік білу қажет болады, содан кейін ғана осы аталғандардың тілде қалайша берілгендігін қарастыру туындайды.
Қазір осы мәселеге, атап айтқанда, концепт түсінігін талдауға қазақ тіл ғылымында көп мән беріліп келеді. Бұл бағытта бірқатар еңбектер жасалуда, диссертациялар қорғалуда. Жарық көрген еңбектердегі қарастырылған мәселелерді екі топқа бөлуге болады:
1. қазақ тіліндегі концептілік ұғымдарға талдау жасау.
2. концептіні салыстырмалы тіл білімі аясында қарастыру.
Қазақ тіліндегі концептілік ұғымдарға талдау жасау бағытында біз көптеген еңбектерді кездестіреміз. Шындығына келсек, бұл зерттеулерде осы мәселенің талдануы әртүрлі жағдайда. Мысалы, «Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі» деген еңбекте (авторы – Ж.Саткенова, 2005) нақты бір көркем шығармаға концептуалдық талдау жасалып, жазушы шығармасындағы бала танымын бейнелейтін концептілердің семантикалық өрісі анықталған. Сөйтіп, жұмыста 24 сөз концепт ретінде талданады (арман, қиял, талант шабыт,тәртіптілік, тәртіпсіздік, қулық, өмір, тағдыр, дүние, тоқшылық, той,соғыс, аштық, қуаныш, өкініш, сезім, қызғаныш, ұят, қорқыныш, үрейлену, қобалжу, сезіктену, ашулану).[2;12]. Бұл арада біздің байқағанымыз – зерттеуші В.А. Маслованың : «жеке тұлғалық концептілер; адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты концептілер; жалпыұлттық концептілер болады» деген ойына сүйене отырып, бала танымында, жас ерекшеліктеріне қарай концептілер болады деп санайды. Ж.Саткенова былай деп жазады: «Жеке тұлғалық концептілер дегеніміз, біздің пайымдауымызша, белгілі бір тұлғаның немесе автордың жеке қолтаңбасына тән тірек мағыналар. Ал адамдардың жас ерекшеліктеріне тән концептілер тобы сол адам санасының жасына қарай дамуын, сол арқылы әлемді, қоршаған ортаны қабылдауын көрсетеді. Мәселен, зерттеу жұмысындағы талданатын концептілер тобы балалар танымындағы тірек мағыналардың көрінісін сипаттайды» [2; 12 б]. Осылайша айта келіп, Ж.Саткенова балалар әдебиетіндегі нақты бір шығарманың мазмұнына, сюжетіне, оқиғаның мерзіміне, тақырыпқа қарай жазушы жиі қолданған сөздерді концептілік тірек мағыналар деп таниды. Зерттеуші А.Смайловтың «Әйел» концептісін қалыптастыратын тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты» тақырыбындағы еңбегінде төмендегілерге мән беріледі:

  • когнитивті модель қалыптастырушы нақты бір лексеманың концептуалды негіздері, символдық мәні, когнитивті семантикасы жинақты түрде зерттеледі;

  • «Әйел» ұғымына байланысты ұлттық танымның сипаты жинақты түрде баяндалады, бұл қазіргі жаһандану заманындағы «Әйел» концептісіне қатысты ұғым-түсініктердің тұрақты болуы немесе өзгерістерге ұшырауы үдерісі үшін маңызды.

  • концепт ұғымы, осы ұғымның айналасына шоғырланатын басқа түсініктер (гештальт, фрейм, сценарий, ұғым, мағына, ойсурет) қарастырылып, тұрақты тіркестердің лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік ерекшеліктері көрсетілген;

  • когнитивтік бағыттың ұстанымдарының негізінде «әйел» атауына қатысты ассоциациялық фондық образы, ұғымдық мәні ортақ концептуалдық өрістер, ұлт мәдениетінің танымдық-ақпараттық ерекшеліктерін айқындайтын концепт құрылымдар жүйеленген;

  • әйел бейнесінің лингвомәдени мазмұны және символдық мәні сипатталған[3].

Қазақ тіліндегі концептілерді талдауға арналған еңбектің тағы бірі «Ақ – Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі» деп аталады (авторы – Ж.Жампейісова). Зерттеу жұмысының мақсаты – «ақ-қара тілдік бірліктерінде жалпыланған білімнің когнитивтік сипатын оппозиция негізінде түсіндіру, концептуалдық мазмұнын айқындау, олардың тілдегі қызметін саралау» . Зерттеуші мәселеге қарама- қарсылық ұғымдардың бір-бірінен ажырамас бірлікте болатындығы философияда қарама-қарсылықтың бірлігі болатындығы тұрғысынан қарайды. Жұмыста ақ-қара қарама-қарсылықтары концептілер деп алына тұрса да, осы екі қатар «адам, қоғам, табиғат, уақыт және кеңістік» концептілеріне қосып қарастырылған, сөйтіп, автор жұмыс барысында «ақ – қара» дегендерді тілдік бірліктер деп алады. Жұмыстың қорытындысы бойынша мыналар анықталады: «ақ – қара» тілдік бірліктерінің қазақ халқының дүниетанымдық жүйесінде алатын орны ерекше. Олардың символдық жүйесі халқымыздың дәстүрлі дүниетанымының негізгі танымдық кодтарының бірі болып табылады» [4;22б.].
Салыстырмалы тіл білімі аясында концептілерді қарастырған маңызды еңбек – «Языковая концептуализация цвета в казахском и руссом языках»[5]. Бұл жұмыста линвистикадағы когнитивистика саласында елеулі үлес қосып отырған жұмыс деп атауға болады. Олай дейтініміз - әлемдік лингвистикадағы көптеген ғалымдар концептілердің табиғатын танудың басты жолдарының бірі – бірнеше тілдердің материалдарын салыстыру деп атайды, ал бұл жағы қазақ лингвистикасында осы Ш. Жарқынбекованың жұмысынан басталады деп есептеуге болады. Бұл жайында Ш. Жарқынбекованың өзі анықтап жазады: сопоставительный анализ концептосфер разных культур позволяет уже сегодня со всей очевидностью увидеть особенности развития национально-специфического сознания человека, в частности зафиксировать особенности, отраженные на вербальном уровне, отличия и сходства мыслительной деятельности того или иного народа, специфику его ментального мира и национального характера. Об этом свидетельствуют лингвистические исследования, появляющиеся в последнее время: описаны «западный» и «восточный» концепты жизни, времени, пространства, общерусские концепты простора, воли, судьбы, земли, воды, хлеба….. Новый аспект исследования сопоставительного изучения концептосфер разных языков несомненно, имеет большую потенциальную теоретико-прикладную значимость для гуманитарного знания в целом» [ 5].
Осылай дей келіп, ғалым екі тілдегі түс атауларының концептуалдануы мен вербалдануын салыстырады. Автордың пікірлері бойынша қазақ және орыс мәдениетіндегі түс семиотикалық феномен болып табылады, түс атауларының айқын көзге түсетін коннотациялық белгілері бар. Екі халықтың мәдениетіндегі түр-түс атаулары халықтардың әлемнің тілдік бейнесін жасауда маңызды рөл атқарады, бұл атаулар халықтардың тілдік санасында толық орнығып,түс концептілерін құрайды. Түс концептілері халық санасында этникалық мәдени, мәдени, тарихи, күрделі менталдық құрылым ретінде орныққан. Осыларды айта отырып, зерттеуші Ш. Жарқынбекова әр халықтың түр-түс атауларына қатысты айырмашылықтары бар екендігін де көрсетеді. Бұл арада біз үшін Ш. Жарқынбекованың түс атауларын салыстырмалы тұрғыдан талдағаны, осы талдаудың нәтижесінде әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігіне сәйкес түс атауларының концептосфера құрауы бірдей болмайтындығы жайында айтқаны маңызды болып табылады. Мысалы, диссертацияда мына жағдай салыстыру нәтижесінде анықталған болып отыр: «Для полного семантического осмысления цветоконцепта «көк» следует указать и на связь с такими понятиями как жизнь, обновление, счастье, смерть, время и высота, которые восходя к представлению о небе как о божественном начале, непосредственно поддерживаются и общей смысловой направленностью целого ряда этимологически связанных с нею лексем: например, көктеу – восход, көктем – весна, көк тіреу – высокий, көкке шақыру - парить высоко» [5;42б.]. Сөйтіп, автор бір ғана «көк» деген концептінің өзі қазақтардың лингвомәдениетінде табиғатпен тығыз байланыста болып, адамның ішкі жан-дүниесін, оның әлеуметтік қызметін бейнелейді деп дәлелдеген. Ал орыс тіліндегі осы «көк» сөзінің баламасына келетін болсақ, Ш. Жарқынбекованың көрсетуінше, «вербальная репрезентация смыслового содержания концепта «синий» в руссом языковом сознании представлена ограниченным количеством фразеологически связанных значений» [5;42б.]. Яғни қазақ тілінде осы «көк» сөзі жеке лексема түрінде тұрып та концептілік сипатта бола алады, оның айналасында жасалған, халықтың ұлттық саналық ойлауын жеткізетін тіркестер де мол, ал орыс тілінде бұл бір топ фразалық тіркестермен шектеледі деген сөз.
Түс атауларының аудармада берілуіне алғаш назар аударған ғалым А. Алдашева түс атаулары лингвомәдени ерекшеліктерді айқын көрсететін топ деп санайды. Автор халықтардың ұлттық-этникалық айырмашылықтарының басты концептісі, антропологиялық негізі – адам дей отырып, «көз» ұғымына қатысты лексемалардың орыс тіліне қазақ тіліне аударылуын талдайды. «Екі тілді номинациялау әлеуетін қатар қойғанда, - деп жазады А. Алдашева, - түс атауларын білдіретін тілдік единицалардың нақпа-нақ баламалары қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамынан оңай табылады. Антропологиялық белгілерді көрсетуде көк көз, қоңыр көз, қара көз номинациялары қолданылады; қазақ тілінің құрылымы үшін алайда ашық көз, жасыл көз, сұр көз деген синтагмалық қатарларды түзу тән емес. ... Мысалы, көк сөзі заттың түр-түсін білдіру жағынан ұлттық ойлау стереотипіне тән белгілері бар лексема. Түркі тілдерінің бірқатарында, оның ішінде қазақ тілінде де айнала қоршаған ортадағы саналуан обьектінің түсі, бояу көк сөзі арқылы беріледі: көк аспан, көк мұнар, көкжиек, көгал, көк тұман, көк шөп, көк шай, көкөніс, көк алма, көк базар, жер көгерді, көк шықты. Бірақ бұларды аударуда фондық ақпаратқа көңіл бөлуге тура келеді» [6 ;145 б.].
Бұның себептерін өз еңбектерінде В.фон Гумбольдт айтып кеткен болатын; ол тілге материалдық және рухани мәдениет әсер етеді, кез-келген мәдениетте ұлттық нышан орын алады, бұл тіл жүйесінен айқын аңғарылады, тіл – адам мен қоршаған ортаны жалғастырушы дәнекер, тілде сол халықтың рухы мен мәдениетінің белгісі – ішкі формасы жатады [1; 32 б.]
«Концепт» ұғымы, оның қамтитын аумағы жайында қазақ тіл білімінде қазір талданып жүр деп біз жоғарыда атап өтіп кеттік. Бірақ қазақ тіл біліміндегі еңбектерде мыналарға көбірек көңіл бөлінеді:

  • концепт – ұғым - семантика дегендерді кейде бір ұғым – түсінік деп таниды, кейде олардың арасында айырмашылықтар бар екендігін айтылады (Ж.Манкеева, Ж.Жампейсова, А.Смайлов, Н.Уәлиев);

  • бірқатар жұмыстарда көркем шығарманың сюжетіне негіз болған сөздер концепт деп аталынады (мыс., Ж.Саткенова басты кейіпкердің образын сомдайтын 24 сөздің барлығында «концепт» деп анықтайтынын біз жоғарыда көрсетіп кеттік);

  • «концепт» ұғымының нақты анықтамасы ұсынылады, мысалы, былай деп көрсетіледі: «концепт – адам санасында қалыптасатын, сөйтіп, сол адамның этникалық ортасы болып табылатын ортаның барлық мүшелері үшін белгілі бір түсінік, ұғым болып орнығатын идеал мән. Вербалды құралдар арқылы жеткізілгенде концепт кодталған мәтін түзеді деп санауға болады; ол – нақты бір этникалық орта мүшелерінің стандартталған мінез-құлқы; белгілі бір құбылыс туралы пайымдап, қабылдауларының ортақ болуы» [7;14б.].

Концепт – когнитивті лингвистиканың негізгі түсініктерінің бірі. Орыс тіл білімінде В.Маслова, В.Воробьев, Н. Арутюнова, А. Бабушкин, Н. Болдырев, Г. Берестенев, Г. Волохин, Е. Кубрякова, З.Телия, Ю.Степанов, И. Стернин осы бағыттың басты тұжырымдарын жасады. Олар өз еңбектерінде когнитивті лингвистиканың (когнитивизмнің) адамның (сонымен қатар осы адам өкілі болып саналатын ұлттың) қоршаған ортаны қалай қабылдап, оны менталды түрде өз ұлтына тән қалай репрезентациялайтынын (яғни өзінің ішкі жан-дүниесінде қандай түсінік туады, қандай үлгі, символ жасайды, коммуникативті актіге түскен кезде қандай стереотиптермен, модельдермен жеткізеді) зерттейтін сала екендігін дәлелдейді.

Пайдаланылған әдебиет:


1.Гумбольдт В.Избранные труды по языкознанию.-М.,Прогресс,1984.-396с.
2.Саткенова Ж.Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі (Б.Соқпақбаев шығармалары бойынша). - канд.дисс.авторефераты.-Алматы, 2005.-24б.
3.А.Смайлов. «Әйел» концептісін қалыптастыратын тұрақты тіркестердің линвомәдени сипаты.канд.дисс.авторефераты.-Алматы,2008.-24б.
4. Ж.Жампейісова «Ақ-Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі.-автореферат канд.дисс.-Алматы,2007.-24б.
5. Садықова Р.К. Түр мен түс атауларының аудармада берілуі («Абай жолы» эпопеясының парсы тіліндегі аудармасы негізінде // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы Алматы 2008. - №1(12). – 58-62 бб.
6.Алдашева А.Аударматану:лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.-Алматы,Арыс,1998.-248б.
7. Алдашева А. Мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері.-Жинақ: «Тіл және Жаһандану: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция материалдары.-Алматы,Арыс,2008.-13-16б.

Абстракт
Садыкова Р.К.-к.ф.н. roza.sadikova@mail.ru


Концепт и его исследование


В этой статье дается определение понятию концепт, его роль в лингвистических работах казахских ученых, а также проделан анализ различных концепций.
Концепт – лингвистическая категория. И поэтому или могут быть, а могут и не быть, лингвистические термины. Концепт, как часть когнитивных знаний, схож с терминами в их смысле и понятии, что обусловливается лингвoкультурным единством терминов. И поэтому, многие исследователи предпочитают устранить различия между этими понятиями. Понятие «Концепт» в современной лингвистике начал бурное развитие в XX веке.
Самые важные концепты отражены в языке. Концепт – идея, включающая абстрактные, конкретно-ассоциативные и эмоционально-оценоч­ные признаки.
В данной статье также рассматриваются особенности наименований видов цветов в культуре казахов.


Ключевые слова: концепт, лингвистика, исследование, когнитивное свойство, концептуальные основание, антропологический признак.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет