Конкурс материалдары 2023 жылдың 15 наурызынан 15 сәуіріне дейін қабылданады



Дата31.03.2023
өлшемі70,6 Kb.
#77938
түріКонкурс

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ





Серікбол Қоңдыбай қазақ мифологиясын философия, мәдениеттану, фольклортану, этнология, этнография аспектілерінде зерделеп, салмақты тұжырымдарға қол жеткізді. 1999 жылы «Мифологияға кіріспе», 2003 жылы «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» кітаптары, ал 2004 жылы «Арғықазақ мифологиясы» атты төрт кітаптан тұратын еңбегі жазылды.
Автордың арғықазақ мифологиясын реконструкциялау, арғы қазақ мифологиясымен оқырманды таныстыру мақсатында жазылған еңбектерінде ежелгі дүниетанымдық негіздер барынша дәйекті талдаулармен танытылған. С.Қоңдыбай ұсынған талдау, дәйектеу, болжам, тұжырымдар заманауи ғылыми ізденістер үшін барынша маңызды. Әдебиет пен миф байланысы, мифтің поэтикадағы қызметі, мәтін құрылымындағы мифтік қабатты анықтау көптеген зерттеулерге тақырып болуда. С.Қоңдыбай бұл саладағы мазмұны терең, маңызды еңбектері арқылы қазақ ғылымына үлкен үлес қосты.
С.Қоңдыбай еңбектерінде мифті лингвистикалық тұрғыда және салыстырмалы түрде зерттеу мектептерін қалыптастырған Еуропа ғалымдарының ұстанымдары басшылыққа алынған. Мифтанушы С.Қоңдыбай еңбектеріндегі ғылыми болжам-бағыттарды талдау, түсіндіру, оларды басшылыққа ала отырып зерттеулер жүргізу арқылы қазақ мифтану ғылымын дамытып, өркендету қажет.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мифтанушы С.Қоңдыбай еңбектерін насихаттау мақсатында магистранттар мен докторанттар арасында «СЕРІКБОЛ ҚОҢДЫБАЙДЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ МИФОПОЭТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ» тақырыбында ғылыми конкурс ұйымдастырады.
Конкурс материалдары 2023 жылдың 15 наурызынан 15 сәуіріне дейін қабылданады.
Конкурс қорытындысы 19 сәуір 2023 жылы шығарылады.
Конкурс талаптары: С.Қоңдыбай мұрасын зерделеген және мифопоэтикалық талдауға негізделген ғылыми мақала.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Мақала мәтіні 10 беттен кем емес, А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен жазылуы тиіс.
Мақаланың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң Times New Roman шрифтімен, 12 кегл көлемінде бас әріппен автор (лар)дың, одан төмен ғылыми жетекшінің аты-жөні және тегі, ғылыми дәрежесі, жіберуші ұйымның (ЖОО) аталымы, ел (мемлекет) аты оң жаққа курсивпен беріледі. Мақалаға, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аңдатпа берілуі керек.
Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Сызбалар, суреттер және бейнелер қосымша түрінде ұсынылады.
Мақалалар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қабылданады.
Үздік деп танылыған мақала авторлары арнайы диплом, грамоталармен марапатталып, мақалар арнайы жинақта жарияланады.
Тақырыпқа сәйкес келмейтін, сондай-ақ, талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды.
Мақала мына поштаға жолдауы керек: mifology@mail.kz
Байланыс телефондары.
Ұялы: +77017849292;
Қалалық: 8(7172) 70-95-00 (факс), (ішкі телефон: 32-313, 32-319).
Конкурсқа қатысу үшін мақаламен бірге төмендегі үлгі бойынша толық мәліметтер жіберу керек:
- автор (лар)дың толық аты-жөні
- мамандығы (шифр, білім беру бағдарламасының бағыты)
- оқу орнының толық атауы
- байланыс телефоны
- e-mail
- мақала атауы


Ұйымдастыру алқасы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет