Сабақтың тақырыбы: Мен еңбекқор баламын Мақсаты



Дата10.04.2022
өлшемі0,55 Mb.
#30483
түріСабақ

Көгершін тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Әлеуметтік.

Бөлім: Өзін - өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Мен еңбекқор баламын
Мақсаты:
Білімділігі: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру
Дамытушылығы: еңбек ету дағдыларын дамыту
Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Суреттер

Ұйымдастырушы- ізденіс кезең
Шаттық шеңбері
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы, досым - ай.

- бала деп қандай баланы айта аламыз?
Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды.
Әңгімелеу.
Ойын. «Мен еңбекқор баламын».
Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты балаға лақтырады.
Мен ойыншықтарымды жинаймын.
Мен гүлдерге су құямын.
Мен киімдерді реттеймін.
Мен есіктің алдын сыпырамын
Мен ыдыстарды жуамын.
Мен үйді реттеймін.
Мен еден жуамын, т. б.
Шығармашылық жұмыс «Еңбек ер атандырады».


Негізгі бөлім:

-Балалар біз қазір сендермен топ ішін жинастырамыз( балаларды топқа бөлу)

Бірінші топ: Гүл суарады

Екінші топ: Шандарды сүртеді

Үшінші топ: Ойыншықтарды жуады

Төртінші топ: Ойыншықтарды, орнына қойып жинайды

-Жарайсындар балалар, біздің тобымыз тазарып қалды.

Қортынды:

-Балалар бүгін біз не істедік?

-Топ ішін қалай жинастырдық?



-Сендерге бүгінгі ұйымдастырылған еңбек іс-әрекетіміз ұнады ма?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет