Кремний және оның Қосылыстары



бет1/4
Дата13.12.2022
өлшемі25,42 Kb.
#56959
  1   2   3   4

КРЕМНИЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.
Кремнийді 1811 жылы француз ғалымдары Гей-Люссак пен Тенар алғаш рет ашқан. Кремний табиғатта көп тараған элемент. Жер қыртысының 27,6% кремнийдің үлесіне тиеді. Ол табиғатта тек қосылыстар түрінде кездеседі.
Физикалық қасиеттері. Кремний кристалды және аморфты күйде кездеседі. Таза кристалды кремнийдің өзіне тән жылтыры бар, морт, шыныда із қалдырады. Кристалдық торы алмаздың торына ұқсас. Кристалды кремнийдің электр өткізгіштік қасиеті бар. Аморфты кремний – қоңыр түсті ұнтақ зат.
Химиялық қасиеттері. Химиялық қосылыстарда кремний -4, +4 тотығу дәрежесін көрсетеді. Кремний қалыпты температурада инертті элемент. Кристалды түріне қарағанда аморфты кремнийдің химиялық активтігі жоғары болады.
Жоғары температурада (400-20000С) кремний көптеген металеместермен: хлормен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, көміртекпен әрекеттесіп сәйкес қосылыстар түзеді.
Кремний қышқылдарда ерімейді. Ол тек фторсутекпен реакцияға түседі. Кремний сілтілер ерітіндісінде жақсы ериді. Кремний қыздырғанда кейбір металдармен әрекеттесіп силицидтер деп аталатын қосылыстар түзеді.
Алынуы. Кремнийді техникалық мақсаттар үшін арнаулы электр пештерінде кварцты кокспен жоғары температурада тотықсыздандыру арқылы алады. Кремнийді зертханада кремнеземді магниймен тотықсыздандыру арқылы алады.
Кремнийдің қосылыстары.
Кремний (IV) оксиді SiO2 таза күйде түссіз, өте қатты, қиын балқитын, суда ерімейтін зат. Кремний (IV) оксиді SiO2 қышқылдық болғандықтан негіздік оксидтермен, сілтілермен әрекеттеседі. Кремний (IV) оксидінің фторсутек қышқылымен әрекеттесу реакциясы шынылардың бетіне сурет салу үшін қолданылады.
Кремний (IV) оксиді SiO2 метакремний H2SiO3  және  ортокремний  H4SiO4  қышқылдары сәйкес келеді.
Метакремний немесе кремний қышқылы қатты зат, суда суда ерімейді, өте әлсіз қышқыл, қыздырғанда ыдырайды:
H2SiO3 SiO2 + Н2О
Қышқылдық оксид SiO2 суда ерімейтіндіктен кремний қышқылын жанама жолдармен: тұздарға басқа күштірек қышқылдармен әрекет ету арқылы алады:
K2SiO3+H2SO4→H2SiO3+K2SO4
Кремний қышқылының тұздарын силикаттар дейді. Силикаттардың көпшілігі суда ерімейді. Натрий мен калий силикаттары суда еритіндіктен техникада ерігіш шыны немесе сұйық шыны деген атпен желім, терезе замазкаларын жасауға, матаға, ағашқа сіңіру арқылы отқа төзімді материалдар жамауға қолданылады.
Сұйық шынылар әлсіз қышқыл мен күшті негіздердің тұздары болғандықтан гидролизденіп сілтілік орта көрсетеді:
SiO32- + HOH ↔HSiO3- + OHрН>7
Қорытынды
Сонымен, кремний табиғатта кең таралған ең маңызды химиялық элемент екенін білдік. Кремний құрылыста және өнерде қолданылады, сонымен қатар тірі организмдер үшін таптырмас зат. Қарапайым шыныдан ең құнды фарфорға дейін көптеген заттардың құрамында кремний және оның қосылыстары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет