Сабақ тақырыбы Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі



бет1/3
Дата06.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#79873
түріСабақ
  1   2   3

Пән

Химия



Мұғалім

Нұрмолдина Мейрамгүл

Мектеп, сынып

Астана қаласы, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі, 7Д сыныбы

Сабақ тақырыбы

Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

7.3А. Химиялық реакция.
№9 зертханалық тәжірибе. Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Реакцияны зерттейді.
Көпшілік оқушылар: Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесу реакцияларын жазады.
Кейбір оқушылар: Газды қалай анықтағанын жазады.

Бағалау критерийі

Сұйытылған қышқылдардың бірқатар металдармен әрекеттесу реакциясын зерттейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: сынауық, тұрғы, тұз қышқылы, мыс, мырыш, темір, магний, қауіпсіздік ережесі.
Диалог жасау үшін тіркестер: Қышқылдармен жұмыс жасау қауіпті, себебі....... теріні күйдіреді.

Құндылықтарға баулу

Жалпыұлттық идеяларды жүзеге асыру (жаһандық жылыну), адалдық, жауапкершілік.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта және слайд.

Алдыңғы бөлім

7.3A. Химиялық реакциялар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


I Ұйымдастыру бөлімі
Сыныпта ынтымақтастық қалыпты оқу ортасын қалыптастыру. Сәлемдесу, түгендеу. Көңіл күйлерін сұрау, бас бармақ әдісімен көрсету. Өткен сабақта қышқылдар туралы тақырып болғанын естеріне түсіріп, сол тақырып бойынша күнделікті өмірде кездесетін табиғи қышқылдарды атау. Ол үшін сыныпты 3 топқа бөлеміз. Алдарында тұрған суреттер бойынша бөлініп, орындарына отырады. Топтың атын өздері қояды.
1-топ: Лимон қышқылы.
2-топ: Алма қышқылы.
3-топ: сүт қышқылы.


II Өткен сабақта пысықтау
Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Қышқылдар табиғатта қандай болады? Үй тапсырмасын тексереміз.
Мысалдар келтіреміз. Қышқылдар мен негіздер индикаторларда түсін қалай өзгертеді? деген сұрақ қою арқылы сабақты пысықтау, топтарға тапсырма беру.
1-топ: Мына қышқылдардың атын ата: HCI, HNO3, H2SO4.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет