Критериалды бағалау – жиынтық және формативті бағалауды білдіреді.
Формативті / Қатыптастырушы бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Маңызды: формативті бағалау туралы толық ақпарат Формативті / Қатыптастырушы бағалау мақаласында сипатталған.
Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі.
Жиынтық бағалау журналын ашу үшін бір рет оқу жылдың басында сынып параметрлерінде «Журнал түрін» таңдау қажет. Жүйеде әр сыныпқа арналған журналды таңдау үшін журналдың екі түрі беріледі– «Журналдың классикалық түрі» және «Жиынтық бағалау журналы». Сынып қандай бағалау жүйесімен оқитын екеніне байланысты, сол журналын таңдау қажет.
Критериалды журнал келесі түрде көрсетіледі:
Ескерту: оқушылардың тегі және есімі журналда, жүйеде орнатылған тіліне қарамастан, қазақ тілінің ережесімен әліпби бойынша тұрады.
Жиынтық бағалау журналына:
Максималды балл - оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;
Бөлім бойынша әрбір жиынтық жұмысқа балл қойылады (БЖБ) – жиналған балл сомасы және оқу жетістіктеріне тиісті деңгейі.
Тоқсан бойынша жиынтық жұмысқа балл қойылады (ТЖБ) – сипаттамаға сәйкес жиналған балл сомасы.
Сабаққа қатысу туралы белгі.
Формативті бағалау - оқушының үлгерімін сипаттайтын мұғалімнің ағымдағы белгісі.
Қорытынды баға - формулаларды есептеу негізінде тоқсан / жартыжылдық / жыл қорытындысы бойынша қолмен қойылады.