Кризистік, экстремалды және төтенше жағдайлар Орындаған: Андирова Гүлдана Мамандығы



бет1/6
Дата09.05.2022
өлшемі7,02 Mb.
#33325
  1   2   3   4   5   6

Кризистік, экстремалды және төтенше жағдайлар

Орындаған: Андирова Гүлдана

Мамандығы: педагогика және психология

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті



Жоспар:
  • Төтенше жағдай ұғымы
  • Төтенше жағдайға ұшыраған адамның психологиясы:

  • Кризистік жағдай немесе дағдарыс, өмірге бейімделу дағдарысы,

Қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси жағдайларда төтенше оқиғалар кеңінен орын алуда. Балалар мен ересектер техногендік, табиғи апаттарға ұшырау, зорлық-зомбылықтың құрбандарына айналу, кепілдікке алыну жағдайларына жиі ұшырауда. Сол себептен қазіргі заманда саясаткерлер, әлеуметтанушылар, философтар, сондай-ақ практикалық психологтардың тарапынан экстремалды жағдайларға деген кәсіби көзқарас барған сайын артуда. Қазіргі заманда экстремалды жағдайлар психологиясы практикалық психологияның төтенше оқиғаларды басынан кешірген немесе кешіруші адамның психикалық күйлерінің диагностикасын, сонымен бірге психологиялық көмектің, психологиялық түзету, кеңес беру және психотерапия сияқты әдістерін, техникаларын, амал-тәсілдерін қамтитын аса маңызды бөлімдерінің бірін құрайды.

Түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар
  • Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығынақоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
  • Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
  • 1Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай
  • 2Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай
  • 3Төтенше жағдай аймағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет