Кужаков Қ. К. Бастауыш деңгейдегі жас әншіні қалыптастырудағы практикалық жүмыс



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#7806
  1   2   3

Кужаков Қ.К.

Бастауыш деңгейдегі жас әншіні 

қалыптастырудағы практикалық жүмыс

ч»»ппа


УІХКЛІХ/

дауыс жаттығуларының мәселелері

(оқу-өдістемелік құралы)

Кужаков  К.К.

Бастауыш деңгейдегі жас әншіні 

қалыптастырудағы практикалық жұмыс және 

дауыс жаттығуларының мәселелері

(оқу-эдістемелік құрал)

Орал  - 2010

ООЖ  784(075)

I,I,Ж  85.314я7 

К 8 2

Пікір жазгандар:



Абилов Ш. К. 

-   Құрманғазы атындағы Қ¥К, Вокал жэне дирижерлау 

факультет!, Вокал өнері кафедрасының профессоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі, 

Мсмлекеттік сыйлықтың лауреаты,  Халықаралық шығармашылық 

академиясының академигі.

Нағымова М.  М. -  п.ғ.к., М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті.



Кужаков Қ.  К.

К'82  Бастауыш деңгейдегі жас эншіні  қалыптастырудағы  практикалық 

ж үмы с және дауыс жатгығуларының мэселелері:  Оқу-әдістемелік  құрал. -  

Орал: М.Өтемісов атындаш БҚМУ  Баспа орталыгы,  2010.-566.

ISBN 978-601-266-032-6

Бүл  эдістемелік  кұралда  дауыс  жаттығулары,  вокализ,  орындалатын 

көркем  шығармаларды  вокалды-техникалық  жағынан  талдай  білу  сынды 

міндеттерді  шешу  мен  жас  эншіні  қалыптастырудағы  дауыс  жаттығуларының 

рөлі  айқын көрсетіяіп, ұсынысгар берілген.

Оқу  куралы  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  музыка  мұғалімдеріне, 

сондай-ақ  жогары  және  орта  оқу  орықдарының  сырттай  және  күндізгі 

бөлімдерінде музыкалық білім  мамандыгы  бойынша білім  алатын студенттерге 

іірналады.

ҚазМҚПУ-ніц жанындагы ЖОО және ЖОО-нан кейінгі РОӘК негізінде 

баспага 

ұсынъшган. №4 хаттама,  09.04.2010 ж.

ӘОЖ 784 3(075) 

ББЖ 85.314я7

ISBN 978-601-266-032-6



К і р і с п е

Жалпы адамзат дамуының заңдылықтарына көз жіберсек, жеке тұлғаның 

дамуына  өнер  мен  мәдениеттің  әсері  туралы  мағлұматтар  ерте  кезден 

бастау  алады.  Әл-Фараби,  Дәруіш  Әли,  Ибн  Сина  сияқты  ғұламалар 

музыка өнерінің теориялық жэне тәжірибелік  негіздерін дамытуда маңызы 

зор еңбектер, ғылыми түжырымдамалар қалдырған.

Вокалдық  педагогика  —  орындаушылық  тәжірибенің  талаптарының 

негізінде  қалыптасты.  Сондықтан  дауыс  тәрбиесі  мәселелерін  зерттейтін 

әдістемелік  еңбектерді  тарихи  кезеңдермен  байланыстыра  отырып, 

олардың  қандай  ұлтық  өнердің  негізінде  қалыптасқан  эн  мектебіне 

жататындығына  көңіл  аударған  дұрыс  болады.  Бүкіл  дүние  жүзі 

мойындаған  элемге  эйгілі  италияндық  «бельканто»  эншілік  мектебі 

бар.Сол  сияқты  «неміс  эн  мектебі»,  «орыс  ән  мектептерін»  атап  өтуге 

болады.


Үлттық  вокалдық  мектептің  дүниеге  келуі  жэне  қалыптасуы  ұлттық 

операмен  тығыз  байланысты.  Қазақстанда  1917  жылғы  Қазан  төңкерісіне 

дейін  қазақтың  ұлттық  операсы  болмағандықтан,  музыкалық  білім 

негізіндегі  классикалық  эн  мектебі  де  болған  жоқ.  Кеңес  үкіметі  кезінде 

музыкалық  мектептер,  училищелер,  консерватория,  үлттық  опера  театры 

ашылып,  музыкалық білім беру жүйесі  қалыптасқаннан  кейін барып дауыс 

тәрбиесі мәселелері зерттеле бастады.

Қазақ  елі  -   қашаннан  да  эн  мен  жырдың,  тума  таланттардың  елі. 

Қазақтың жері,  жүрегі  қандай  кең болса,  эні  де  сондай  кең тынысты талап 

ететін,  кең  үнді,  әдемі  әуезді  келеді.  Халық  әндері  сан  ғасыр  бойы 

үрпақтан-ұрпаққа  ауызша  таралып,  қазіргі  заманға  қаймағы  бұзылмай, 

табиғи таза күйінде жетті.

Қазақтың  халык  эні  туралы  айтқанда,  халық  композиторлары  туралы 

айтпау  мүмкін  емес.  Олар  -   Біржан  сал,  Ақан  сері,  Естай,  Мұхит,  Ғазиз, 

Мәди,  Жаяу  Мүса,  Әсет,  Балуан  Шолақ,  Абай,  Жарылғапберді,  Қанапия, 

Майра,  Шөже,  Ыбырай,  Сегіз  сері,  Сәдіқожа  т.б.  Халық  әншілерінің 

шығармашылығы  әр  кез  адамды  әсерлілікке,  толғануға,  ойлануға, 

абзалдыққа,  рухани  байлық  пен  тазалыкқа  жетелейді.  Бұл  ең  әуелі  халық 

өнерінің  шынайы  шыншылдығының,  жүректен  шықкандығының  айғағы 

екендігін көрсетеді.

Сонымен,  қазақтың  халық  эні  мен  халықтық  орындаушылық  өнері 

казақтың  кэсіби  опера  жэне  орындаушылық  өнерлерінің  пайда  болуының 

және қалыптасуының негізгі жэне маңызды шарты болып табылады.

Әнші  тәрбиелеу,  дауыс  дамыту,  вокалдық  техниканы  жетілдіру 

мәселелерінің  қанша  күрделі  екендігі  баршаға  аян.  Бірақ  көптеген  вокал 

педагогтары  энші  тәрбиелеуде  үлкен  жетістіктерге  жетіп,  көптеген 

шэкіртерге  «үлкен  сахнаға» 

жолдама  берді. 

Солардың  қатарына

А.М.Курганов,  Б.Жылысбаев,  Ф.Шарипова,  Р.Жаманова,  М.Мұсабаев,



B.Серкебаев,  Б.Төлегенова,  Ғ.Есімов,  Ш.Әбілов  және  т.б.  атап  өтуге 

болады.


Белгілі  алыс-жақын 

шетел 


ғалымдары 

А.Л.Доливо, 

Э.Гандофи, 

Г.Панофка,  В.П.Мирзоев,  Л.Б.Дмитриев,  Э.Абдуллин,  Л.Г.Арчажникова, 

Ю.Б.Алиев  т.б.  болашақ  педагогты  оқыту  мен  музыкалық-эстетикалық 

гәрбиенің  негізгі бағыттарын,  олардың кәсіби  іскерліктерімен  дағдыларын 

қалыптастырудың  негізін  салса,  Қазақстан  ғалымдары  М.Х.Балтабаев,

C.А.Ұзақбаева, Р.Р.Жәрдемалиева, Ш.Б.Құлманова, Т.Ә.Қышқашбаев жэне 

г.б.  қазақ музыкалық педагогикасын қалыптастырудың әр түрлі формалары 

мен амал-әдістерін жалғастырды.

Музыкалық-педагогикалық 

оқу 


орнына 

келетін 


жастардың 

дауыстарының көптеген кемшіліктері болады.  Олардың бэрі дерлік өңешке 

күш  салып,  көмекей  немесе  мұрын  дыбыстарымен  әуестенеді.  Ол 

дауыстың  тұрақсыздығына,  детонацияға  ұрындырады.  Міне,  осындайда 

жас  энщінің  кемшіліктерін  көріп,  түзете  білетін  вокал  маманы  ауадай 

қажет.  Студент  пен  ұстаз  арасындағы  дұрыс  жүйелі  жұмыс  және  өзара 

түсінушілік  қалыптасқан  жағдайда  ғана  жақсы  нәтиже  береді.  Сондықтан 

да  өз  шэкіртін  тек  «вокалдық»  жағынан  ғана  тәрбиелеп  қоймай,  оның 

дауысын  жан-жақты,  бір  қалыпты,  барлық  регистрларда  да  тегіс,  әдемі 

үндесетіндей  эншілік  дағдысын  қалыптастырып,  оның  өз  мүмкіндігінше 

музыкалық  жэне  орындаушылық  шеберлігін  жетілдіру 

эр  ұстаздың 

міндеті.

Бүл  шағын  еңбек  «Музыкалық  білім»  мамандығының  «Вокал  класы» 

гіэнінің  әдістемелік  құралы  ретінде,  бастауыш  деңгейдегі  эншілерді 

қалыптастыруға  арналған.  Бүл  еңбекте  эншілік  дауыс  қалыптастырудың 

кейбір  мәселелерін  түсіндірумен  қатар,  дауыс  жаттығуларының,  белгілі 

вокал  мамандарының  вокализдері  мен  қазақтьщ  халық  әндерінің 

фортепианомен  сүйемелдейтін  ноталарымен,  оларға  орындау  барысында 

қолданылатын түсініктемелер берілді.

4


Ііастауыш деңгейдегі жас эншіні  қалыптастырудағы гірактикалық жүмыс 

жэне дауыс жаттығуларының кейбір мэселелері

Ән  салуды  үйренуді  жаңа  бастаған  студенттің  дауыс  ерекшелігіне  жэне 

иедагогтың оқу-эдістемелік тэжірибесіне қарамастан, вокалдық тәжірибеде 

қалыптасқан кейбір жалпы ережелерді орындау басты міндет.

Оқушымен  алғашқы сабақ өте  жауапты  кезең болып  есептеледі.  Онымен 

жақын  танысып,  дауыс  жэне  диапазон  мүмкіндіктерін  тексергеннен  кейін, 

оның  табиғи  жетістіктері  мен  көлдененнен  тапқан  кемшіліктеріне,  дауыс 

ерекшеліктеріне  жете  мінездеме  жазып,  болашақта  атқаратын  жұмыстар 

айқындалуы керек.

Ән  салуды  үйренуді  жаңа  бастаған  оқушылармен  сабақ  ұзақтығы  20-25 

минуттан  аспауы  керек.  Он да  да  дауыс  жаттығуларының  араларында 

аздаған  үзілістер  болуы  керек.  Бүл тек қана әлі  қалыптаса қоймаған дауыс 

аспабының  (дауысты  табиғи  музыкалық  аспап  деп  қарауымыз  керек)  тез 

шаршайтындығынан,  оған  жүктелген  вокалды-техникалық  тапсырманы 

дұрыс  орындай  алмайтындығында  ғана  емес,  соның  ішінде  ән  салғанда 

әртүрлі  органдардың  қарама-қайшылықсыз  біріңғай  үйлесімді  жұмыс 

істеуі  үшін  ой-түйсік  деңгейінде  үлкен  күш-қуат  жұмсалады.  Әнші 

даусымен жүмыс істеген кезде біріншіден  оның дауыс  аспабының бұлшық 

еттері  емес,  жүйке  (нерв)  жүйесі  шаршайды  десек  қате  айтпаған  болар 

едік.

Сабақтың  тәңертеңгі  мезгілде,  оқушы  элі  шаршамаған  кезде  күнсайын 



жэне  қысқа  мерзімде  өтуі,  берген  тапсырманың  тез  игерілуіне  септігін 

тигізеді.  Бүл  ережені  XVII  ғасырдағы  ежелгі  итальян  педагогтары  білген 

және  бастауыш  деңгейдегі  оқушылармен  күніне  2  реттен  15-20  минуттан 

әзірленуді ұсынған.

Алғашқы  кезде  дауысты  шаршатпау  үшін  45  минуттық  сабақты  бірнеше 

үзіліспен өткізу керек. Белгілі бір дағды қалыптасқанша, көп уақытқа дейін 

оқушының  педагогтың  қадағалауынсыз  өздігінен  ән  салуға  тиым  салу 

керек.


Дауыспен  жүмыс  істеген  кезде  диапазонның  орталық  бөлігінен  бастау 

керек.  Дауыс  жетілдіру  жаттығуларын  өтпелі  ноталарға  бармай,  ерлерде 

кеуде  регисторында,  ал  эйелдерде  орталық  регисторда  өткізу  керек. 

Дауыстың  осы  бөлшегі  ғана  «примарлы  тон»,  яғни  ешқандай  қиналмай 

айтылатын дауыс бөлшегі болып табылады.

Примарлы  тон  мен  табиғи  дауыс  бояуының  дамуында  дауысты 

дыбыстардың  алатын  орыны  ерекше  болып  келеді.  Эр  кезде,  эр  оқушыға 

өзіне  тән,  өзіндік  дауыс  бояуын  табатын  эртүрлі  дауысты  дыбыстардан 

қүралған дауыс  жаттығуларын  берген  жөн.  Көбіне  әншілердің  қолданатын 

дыбысы  дөңгелентіп  алынған  «а».  Ән  салғанда  оқушыдан  дыбысты  таза 

үндеу  (интонация)  жэне  дыбысты  дэл  шабуылдауды(атака)  талап  ету 

керек.


5

Әртүрлі  дауысты  дыбыстарды  бір  нотада  да  өте  пайдалы.  Бір  дауысты 

дыбыстан  екіншісіне  өткенде  көмекей  бір  қалыптағы  деңгейін  өзгертпей, 

бір  дыбыс  екіншісіне  ешқандай  іркіліссіз,  табиғи  түрде  ауысуы  керек. 

Дауысты дыбыстың айқын  артикуляциямен  ашық жэне  дүрыс  қалыптасуы 

әншілік дағдының басты шарты болып табылады.

Әншілік  дауысты  тәрбиелеу  -   әншілік  тыныс, 

өңеш  қуысы, 

артикуляциялық аппараттардың  жұмыстары сияқты маңызды  кұрамдардан 

құрылады. 

Олардың 


дұрыс 

жэне 


өзара 

тығыз 


байланыста 

ұйымдастырылуы  өте  күрделі  іс.  Осы  құрамдардың  әрқайсысы  фонация 

кезінде  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болғандықтан,  оқушының  зейінін 

шамадан  тыс  көп  талаптармен  ауырлатпай  жетілдіру  керек.  Дауыстың 

біртекті  тегіс  шығуы  алғашқы  кезеңце  екі  бұлшық  еттік  ұстаныммен 

шектеледі.  Бұл,  біріншіден  дауыстың  эншілік  биік  тұғырының  орнын,  ал 

екіншіден, сол мезгілде тығыз байланысты жоймай, икемді тыныс тірегінің 

негізінде дыбысты қалыптастыруды талап ету.

Бірінші  сабақтан  бастап,  дауыс  қалыптастырудың  табиғилығы  мен 

қарапайымдылығын  талап  ете  отырып,  керек  емес  дауыс  қысымының 

болмауына  көңіл  аудару  керек.  Бұл  негізінен  ән  айту  кезінде  қысылатын 

гынысқа, жақ-сүйек және  өңеш бұлшық еттеріне қатысты.

Сонымен  қатар  дауыс  қалыптастыруда  көмейдің  орыны,  дыбысты 

шабуылдаудың түрлері, өткелді дыбыстармен жұмыс істеу тәсілдерін және 

т.б. маңызын оқушыға жеткізе білу керек.

Вокалдық  педагогиканың  тэжірибесінен  дауыс  кеуде,  бас  жэне  аралас 

(медиум  жэне  микст)  регистрларына  бөлінетінін  білеміз.  Бас  регистрына 

өткенде  дыбысты  дөңгеленте  алудың  немесе  жабық  алудың  қиындық 

туғызуына 

қарамастан 

дауысты 

дыбыстың 

сапасының 

қолайлы 


қолданылуын  сақтаған  жөн.  Дыбысты  жабық  алуға  өтерде  алдыңғы 

дыбыстарды  дөңгеленте  алу  керек.  Әдемі  алынған  жабық  дыбыс 

дөңгеленте  алынған  алдыңғы  дыбыстармен  тығыз  байланысты.  «О»,  «У», 

«Э» дыбыстары жабық алуға ыңғайлы дауыстылар.

Дауыс  аспабының диапазонның  орталық  бөлігін  жемісті  игеруі,  өткелді 

дыбыстар  мен  жоғарғы  регистрді  игеруді  едәуір  жеңілдеді.  Дауыс 

аспабының  өткелді  дыбыстар  мен  жоғарғы  регистрді  қалыптастырудағы 

диапазонның  орталық  бөлігіндегі  жұмысына  тікелей  байланыстылығы, 

әншілік  дауыс  туралы  жазылған  ғылыми  еңбекте  орын  тапты.  Өнер  тану 

ғылымдарының 

докторы, 

профессор 

Л.Б.Дмитриев 

былай 


дейді: 

«Диапазонның 

орталық 

бөлігінде 

динамикалық 

жағынан 


дұрыс 

қалыптастырылған дыбыс, демді тиімді қолдану  және  жоғарғы  нысананың 

орынын  дәл  табу,  дыбысты  диапазонның  жоғарғы  бөлігінде  ойдағыдай 

жағдайда дөңгеленте «жабық» алудың  негізі  болып табылады.  Егер дыбыс 

кеуде  регистрында  қиналыссыз  «жоғарғы  деңгейдегі  үндестікпен»  дұрыс, 

жақсы  қалыптасқан  болса,  диапазонның  жоғарғы  бөлшегіне  өткенде  ол 

өзінен-өзі «жабыла» бастайды, басқаша айтқанда аралас жабылу үндестігін

6


табады».  Бұл  қағида  вокал  мамандарының  бәріне  де  ортақ  көзқарас  деп 

ойлаймын.

Шынында да, тесситураның жоғарлауына байланысты  дауыс белгілі бір 

шекке  жақындап,  одан  әрі  сол  мәнерде  дыбыс  алу  мүмкін  болмайтынын 

жеңіл  аңғаруға  болады.  Ол  немесе  «жайылма  ашық»  және  айқай  сипатты, 

немесе  жарықшақтанып  шығады.  Бұл  секілді  құбылыстан  құтылуға 

дыбысты жабық алуды игеру ғана көмектеседі.

7


Дауыс жаттығулары

Ән  салуды  жаңа  үйрене  бастаған  оқушының  ең  бірінші  әліппесі  дауыс 

жаттығулары  болып  табылады.  Бірақ  та  дауыс  жаттығулары  тек  қана 

бірінші  кезеңде  ғана  өтетін  белес  қана  емес.  Дауыс  жаттығулары  эншінің 

бүкіл  шығашылық  өмірінің  серігі.  Күн  сайынғы  дауыс  жаттығуларына 

көңіл бөлмейтін бірден-бір әншіні табу өте қиын.

Вокалдық дауысты  қалыптастыруда дауыс  жаттығуларының  маңызы  өте 

зор.  Ол  дауыстың  дұрыс  қалыптасуына,  дауыс  негіздері:  legato,  staccato, 

кантилена, дауыс жүрдектігі, эртүрлі көркемдік белгілерінің қалыптасуына 

эсер  етіп,  одан  әрі  вокализдер  мен  шығармаларда  шыңдалып  жалғасын 

табады.

Музыкалық  әуеннің  негізіне  алынған  дауыс  жаттығулары  жарты  тоннан 



транспозиция  жасалып,  дыбыс  шкаласымен  жоғары  шеңіне  жетіп,  одан 

төмен  деңгейіне  дейін  қозғалып  отырады.  Осылай  белгілі  бір  әуеннің, 

белгілі  бір  музыкалық  фразалардың  қайта-қайта  қайталануы,  белгілі  бір 

дұрыс дағдыға, әншілік машықтың қалыптасуына жэне жүзеге асуына эсер 

етеді.

Дауыс жаттығуларының әрбір әуен бөлшегінің алға қойған мақсаты және 



оның  үздіксіз  орындалуының  қадағалануы  эншілік  дағдыны(навык) 

қалыптастырады.

Оқушысының  дауыс  қалыптастырудағы  қателіктерін  дұрыс  тауып,  сол 

кемшіліктерді  жоюға  арналған  дауыс  жаттығуларын  дұрыс  қолдану 

арқылы педагог  тиімді жұмыс  істеуі  тиіс.  Сондықтан  дауыс  жаттығулары 

эр  оқушының  дауыс  ерекшелігіне  байланысты  болуы,  еш  уақытта 

үйреншікті, бір қаліпті болмауы керек.

Әрине,  барлық  оқушыларға  ортақ  белгілі  бір  деңгейдегі,  вокалды- 

техникалық  жүрдектікке  арналған  дауыс  жаттығулары  болады.  Бірақ  та 

олар  да 

оқушылардың  дауыс  ерекшеліктеріне  байланысты  жеке-жеке 

берілуі керек.

Дауыс  жаттығулары  өте  көп  жэне  олар  эр  түрлі  педагогтық  бағытта 

болады. Олар трельді әзірлеуге арналған,  форпілагтарға арналған, дауысты 

дыбыстарды  бірыңғай  қалыптастыруға  арналған,  гамма,  интервалдарға, 

арпеджио, пассаждарға, т.б. арналған жаттығулар болып бөлінеді.

Бастауыш  деңгейдегі  оқушыларға  берілетін  дауыс  жаттығулары  өте 

күрделі  болмауы  керек.  Оның  назары  дауыс  қалыптастыру  процесінде 

болуы  керек.  Жаттығулар  күрделі,  көп  сарынды  болмай,  ырғағы  жағынан 

қарапайым жэне әуені анық, түсінікті болуы керек.

Музыкалық 

сауаттылығы  дамымаған, 

алыс 

аудандардан 



келген 

оқушыларға  таныс  халық  әндерінің  негізінде  қүрастырылған  дауыс 

жаттығуларын  берген  өте  орынды  болар  еді.  Өзі  бүрын  естімеген, 

құлағына  жат  көрінетін  әуенді  айта  алмай  қиналған  оқушы,  өзіне  таныс 

әуенді техникалық жағынан қанша күрделі болса да тез игеріп кетеді.

8


Бастауыш деңгейдегі оқушыларға берілетін дауыс жаттығулары дауыс 

жүрдектігі жағынан қарапайым, шағын интервалды, диапазоны шектеулі, 

үлкен дауысты және кең тынысты талап етпейтін болуы керек.

Төменде өз тәжірибемде қолданып жүрген, белгілі вокал мамандарының 

тәжірибелеріне сүйене отырып жасалған бастауыш деңгейдегі оқушыларға 

арналған дауыс жаттығуларының бір тобын үсынып отырмын.

9


ДАУЫС ЖАТТЫҒУ ЛАРЫ

I. 


Алгашқы  жаттығуымыз  дауысты  дыбыстарды  бірыңғай  тегістеуге 

(выравнивание)  арналады.  Дауысты  дыбыстар  жұмсақ,  икемді  дем  тірегі 

(опора)  негізінде  жоғарғы  эншілік  үннің  биік  тұғыры  орнында  (позиция) 

қалыптасуы  керек.  Сонда  ғана  дыбыс  таза,  эдемі  үнделеді.  Дауысты 

дыбыстарды  үндеуде түйсігімізде  кеудедегі жүмсақ тірек (опора) негізінде 

дыбыс  бас  резонаторының  күмбезінде  қалыптасқандай  эсер  қалдыруы 

керек. Жаттығу жәй екпінмен орындалады:

A  


a

 

A ndante



ш

т

122

Тағы 


солай ж.б

ма -  мэ - ми - мо  -  му 

ба  -  бэ - би -  бо  -  бу

д а -  д э -  д и - д о -   ду 

бра-  брэ- бри- бро - бру

т

■''а


а -

■&

■''а


Тағы 

солай ж.б

2.  Келесі  жаттығу  алғашқы жоғарғы  деңгейдегі  дыбыс  туғырын  (позиция) 

келесі  барлық  дыбыстарға  бірегей  тегіс  жеткізуге,  дауыс  тегістігіне 

(выравнивание),  бас  және  кеуде 

регисторларын  аралас 

қолдануға 

тәрбиелейді.  Жаттығу  дауысты  «О»  немесе  «О»  мен  «У»  дыбыстарын 

аралас  қолданудан  басталады.  "Отаным  менің"  немесе  "Родина  моя” 

мәтінімен орындауға болады.



J U L . .  

Һ .   1V - f r

------- V----

h , .  


L -  

Һ

V-



----------- *------ л

-------ф—

Г ........ч т   *

Г....... 



/

ч—

с

------ %------



---- l-ағы---------

солай ж.б

о  - 

л я - л я - л я -   ля 



у  - 

л я - л я  - л я -   ля

О  - 

та-ным ме - нін. 



Ро - 

ди- на  мо -  я.

3.  Жаттығу дыбысты дұрыс  шабуылдап(атака)  алуға  арналған.  Жаттығуды 

жүрдектеу  екпінмен, 

эр  дыбысты  дәл  шабуылдай  үндеп,  дүрыс 

дауысталатын  таза, ашық дауысты дыбыспен әндету керек. 

Тағы

солай ж.б



-  и  

— — :----- ---------------------- і— 

_______ ___________—  _________солай ж.б

>

у

  j j   r > j j  

1

  > і j.  і і д і  I  > д ? і і а



ма  - а  ма - а  ма -  а  ма - a  -  a 

ля- ля  ля- ля  ля - ля  ля- ля  ля

м а - а   м а - а   м а-а  ма-а  -  а 

л я - л я   ля-ля  ля-ля  ля-ля  ля

10


4. 

Бул  жаттығу  legato 

қалыптастыру  мақсатында  қолданылады. 

Жаттығудың  дыбыстан  дыбысқа  іркімей,  дүмпусіз,  жай  қалқып  жэне  дэл 

орындалуын  қадағалай  отырып,  сабырлы,  асықпай  әндету  керек.  Барлық 

дыбыстардың  күші  бірқалыпты  шығуы  керек.  Жаттығудың  бірінші 

дыбысының  айқын  қалыптасуына  көңіл  аудару  керек,  себебі  келесі 

дыбыстар тап сол дыбыстай үнделеді.





a



5.  Кеуде  жэне  бас  регисторларын жалғастыруға арналған жаттығу.  Ерекше 

көніл  аударуды талап ететін  жағдай -  төменгі дыбыстың өте  жоғары  жэне 

еркін  үнделуі.Сондай-ақ  жоғарғы  ноталарға  көшкенде  эншілік  дем 

қимылын жандандыру керек.



4

M oderate

Т.с.с.

£

ма -  ми -  мэ -  ми -  ма

ма -  ми - мо - ми -  ма

6.  Жаттығу  бас  регисторын  игеруге  жэне  диапазон  кеңейтуге  арналған. 

Дауыс  журдектігі  жетіледі.  Орташа  жэне  жылдам  екпінмен  орындалады. 

Көбіне тенорлармен жұмыс  істегенде қолданылады.



7.  Жаттығу 

кеуде  мен  бас  резонаторларын  жалғастыруға  арналған. 

Жоғарғы  дыбысты  таңдай  күмбезіне,  алдыңғы  тістер  бағытына  жіберу 

ұсынылады  және  кеудедегі  жұмсақ  тірек  (опора)  негізінде  алынады.

-s'-

да  - 


да  -  

да

8.  Жатгыгу  дауыстың  жайылмай  дөнгеленіп,  жабық  қалыптасуына 



көмектеседі.  "У"  дыбысы  секундаға  жоғары  көтерілгенде  "О"  дыбысына 

айналып,  тетрахордпен  төмен  қарай  жылжиды.  Мұндағы  мақсат  бірінші 

тоннан  екіншісіне  өткенде  жүмсак  таңдайдың  көтерілгенін  сезіну  жэне 

дыбыстың  еш  өзгеріссіз  ауысуы.  Көптеген  оқушылар  дыбысты  жабық  алу 

(прикрытие)  дегенді түсіне  алмай  қиналулары  мүмкін.  Ал  мО"дыбысы  сол 

"ж абы қ  алу” десеңіз  тез  түсінеді.Жаттығуды  "Отаным  менің",  "Родина 

моя" сөйлемдерімен эуендетуге болады.

і

S i p


ТХ.€-.

*

іЕ

£



тж

£

у -  о -  о- ля-ля-ля -  ля

о

О -  та-ным ме - 



о -  ди - на  мо -

НІҢ.


я.

О

Ро  -  о



9. 

Кеуде  жэне  бас  регисторларын  араластыруға  арналған  жаттығу.  Бұл 

жатығудың  басты  талабы  -   төменгі  кеуде  дыбысын  ала  отырып,  жоғарғы 

нотаның  әзірлігін  ойлау.  Баритондар  бұл  жаттығуды  кіші  октаваның "до" 

нотасынан  бастайды.  Ол  төменгі  "до" нотасын  эндеткенде  сіз  одан 

санасында  жоғарғы  нотаның  орынын  ойлауды  және  ештеңе  өзгертпей 

дыбысты қалықтатып сол күйінде өзгеріссіз көтере коюды талап етініз.

да

"Тдх:



Д а - д а - д а - д а - д а - д а   -  да

m

да

Дауыс  тегістігінің  негізгі  жетістігі  барлық  дауыс  диапазонында  кеуде 



жэне бас резонаторларының бірегей қалыптасуы болып табылады.

Диапазонның 

жоғарғы 

жағын 


жемісті 

игеруде,  өтпелі 

ноталар 

бөліктерінің тембрлік бояуларының дұрыс қалыптасуының маңызы өте зор. 

Жоғарғы 

регистрге  немесе  өтпелі  дыбыстарға  өтуде,  тіпті  өтпелі 

дыбыстардың  өздерін  қалыптастыруда  дыбысты  жеңіл,  күшенбей,  жәй 

қалықтатып  (плавно),  икемді  дауыс демінде,  міндетті  түрде  ықшам  дөңге- 

лентіп,  бірыңғай  күңгірттендіріңкіреп  қалыптастыру  керек.  Тамақтағы 

дауыс  қыртыстарына  күш  түсірмей,  дыбысты  еркін,  табиғи  түрде  және 

жүмсақ  дауыстау  маңызды.  Егер  осы  белестер  ойдағыдай  игерілсе,  онда 

жоғарғы 


тондарды 

ойдағыдай 

қалыптастыру 

ешқандай 

қиындық 

туғызбайды.



10. 

Жаттығу  легато  тәсілін,  кантилена  элементтерін  игеруде  пайдалы. 

Сонымен  қатар  эншілік  демнің  жетілуіне  себеп  болады.  Демнің  үнемді 

жэне 


бірыңғай  тегіс  шығыуына  ден  қоя  қадағалау  керек.  Оқытудың 

бастапқы  кезеңінде  демді  әр  екі  такт  сайын  алып,  кейіннен,  уйрене  келе, 

жаттығуды бір деммен орындауға ұмтылу керек.

Presto


т р

11. 


Жаттығу  барлық  дауыс  түрлеріне  пайдалы.  «Ля»  буыны  дыбысты 

жақындатады,  «до»  -   оны  дөнгеленте  ықшамдайды.  Қайтапанатын 

дыбыстарды  әндеткенде  жоғарғы деңгейдегі  дыбыс  тұғырының бір  ыңғай 

ұстанымын  (позиция) сақтау  керек.  Секвенциялы  сатылап  жоғарылай,  еркін 

орындалатын диапазон шеңберінде орындалады.

12

 



р   Presto

- J і Ц  -■



л ...... *

-----------------

*------- -------- Jzrz.  q.

J  ,  U


12 

Р

-----


JL_---- Л

1'— I .  

1

......л



я

-J— ---------- 1---------------

— ----------rj--------------



± k - 4 -

- h r f r

ғ

М



т 

я . ; .... a  .....

-jg)---------------r----- ----------

12.  Жаттығу регисторлары бірыңғай тегістеуде пайдалы жэне ол кантилена 

негізін  қалыптастыруға себепші  болады.  Негізгі  мақсат  жоғарғы  тондардың 

бір деңгейде(позиция) болуында.

15 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет