Л. С. Выготский ақаудың күрделі ұғымы туралы



Дата07.04.2023
өлшемі182,13 Kb.
#80230

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультеті Олигофренопедагогика



СОӨЖ №1

Пәні:«Күрделі бұзылыстары бар балалардың психофизикалық дамуы»
Тақырыбы: «Күрделі даму кемшіліктері бар балалар психологиясының пәні мен міндеттері.»

Орындаған:Жолшиева Қ.Е Қабылдаған:Жаканбаева Б.Б


Алматы қаласы 2022ж


«Күрделі даму кемшіліктері бар балалар психологиясының пәні мен міндеттері.Күрделі ақау ұғымының анықтамасы. Л.С.Выготский ақаудың күрделі ұғымы туралы»
Жоспар:

  1. Күрделі даму кемшіліктері бар балалар психологиясының пәні мен міндеттері.

  2. Күрделі ақау ұғымының анықтамасы.

  3. Л.С.Выготский ақаудың күрделі ұғымы туралы

Күрделі даму кемістігі бар балалар психологиясы, екі немесе одан көп даму бұзылуы бар адамдардың психикалық дамуын зерттейтін бағыт. Бұл саланың негізгі мақсаты - күрделі бұзылулары бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттеу оларға, олардың отбасына психологиялық-педагогикалық көмек беру жолдарын қарастыру мен жүзеге асыру
Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың психологиясының негізгі міндеттері :
1.Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамып келе жатқан баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу 2.Даму кемістігі бар баланың әртүрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру.
3. Кеміс баланың даму механизмін анықтау. Бала дамуындағы механизмнің бұзылу тегін, уақытын, тереңділігін анықтау. 4. Дамудағы кемістіктерге байланысты өзіндік ерекшеліктерді анықтау.
Күрделі ауытқулар - бұл бірнеше кемістіктердің бірлесіп, баланыңдамуына кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл кемістіктердің тек қосындысы емес, оның әркайсысының қалыптасу ерекшеліктері бар. Қосылған кемістіктердің клиникалық белгілері жеке-жеке кемістіктер түрлерінің белгілерінен ерекше. Сондықтан, ғылыми әдебиеттерде кездесетін «күрделі ауытқулар», деген терминдеріне мағынасы бойынша үқсас «күрделі дефект», «дамудың күрделі ауытқулары», «бірнеше кемістіктердің бірлескен түрі» сияқты сөздер қолданылады. Оның бәрі - сонғы кезде жиі кездесетін ауытқулардың күрделі құрамын анықтайды. Ауытқулардың құрамына байланысты күрделі зақымдануы бар балалар үш топқа бөлінеді.

  • Бірінші топқа жататын балаларда психикалық және физикалық дамуында негізінен ауыткудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқулардың әрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуын кері әсерін тигізеді. Мысалы, соқыр - саңыраулық, кемақыл -саңыраулық, нашар еститін және психикалық дамуында тежелуі бар балалар

  • Екінші топқа бірінші кезектегі өте ауыр кемістігі бар және оған қосымша ауытқу - жеңілдеу, бірақ ол да баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, кемақыл балаларда кездесетін нашар есту. Осы жағдайды кейде баланын алғашкы кемістігінің асқынуы деп түсіндіруге де болады.

  • Үшінші топқа - кемтар балаларда кездесетін бірнеше алкашқы кемістігі бар және кейбір жағдайда оған қосылатын аскынған кемістіктер. Мысалы, кемақыл, нашар көретін және нашар еститіп балалар; немесе қимыл-тірек аппараты зақымданған балаларда кездесетін қөру және есту кемістіктері оған косымша тіл мүкістіктері

Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі дефектологтардың түжырымы бойынша арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40% күрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы мекеменін жүмыс істеу әдістемелерін құрастырғанда және түзету әдістеренің нәтижесі болуына өте кажет. Осы балаларды толық зерттеп, және олардын ерекшеліктерін жақсы білу - оларға тек түзету, дамыту әдістерін колдану үшін ғана қажет емес. сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын-алу үшін де қажет.


«Л. С. Выготский жас ерекшелік психологиясын, балалар психологиясын, педагогикалық және арнайы психологияны өзара жақындатады. Мысалы, арнайы және жас ерекшелік психологиясының зерттеу нысаны бір, ол – дамып, өсіп келе жатқан адам. Егер жас ерекшелік психологиясы қалыпты дамудағы психикалық даму онтогенезін, жасқа сай даму динамикасын т.б. зерттейтін болса, арнайы психология ауытқыған дамудағы әдістерді процестерді зерттейді.

Педагогикалық психологиямен байланысы мынадан көрінеді: арнайы психология даму ауытқуы бар балалардың білім, білік, дағдыларды меңгеру ерекшеліктерін, педагогиалық әдіс заңдылықтарын, оқыту-тәрбиелеу әдісінде психиканың өзгеру механизмдерін зерттейді. Сөйтіп, педагогикалық әдіске бағдар береді.




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://melimde.com/l-s-vigotskij-bojinsha-damu-satisi.html

  2. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ




  1. https://www.referat911.ru/Psihologiya/damuynda-buzylystary-bar-balalardy-zhoary/403157-2921265-place2.html


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет