ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Философия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы
философия және саясаттану факультеті
Ғылыми кеңесінінің мәжілісінде бекітілді
№ 2 хаттама « __27__» тамыз 2015 ж.
Факультет деканы_________Ә.Р. Масалимова
Мамандық
«5В010300-Педагогика және психология»
СИЛЛАБУС негізгі базалық 2 модуль «Физиология және психология»
«PsiAD 1204» - Психология және адам дамуы
1 курс, қ/б, cырттай бөлім, күзгі семестр, 3 кредит, міндетті пән
Дәріскер: педагогика ғылымының магистрі, Мурзагулова М.Д.
Телефон: 87470146084
е- maіl: mira-ulan@ mail.ru
Философия және саясаттану факультетінің ғимараты, 117 бөлме
Семинар сабақтың оқытушы:Мурзагулова М.Д.
Пәннің мақсаттары мен міндеттері: Мақсаты болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, психологиялық іс-әрекетке дайындығының теориялық сапасын жоғарылатуға, балалардың жас ерекшелік дамуының заңдылықтарын, теориялық және тәжірибелік білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Студенттерге онтогенездегі тұлғаның психикалық даму ерекшеліктерін, тұлғаның әрбір даму кезеңдеріндегі психикалық даму заңдылықтары жайлы білім алуды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
Жас ерекшелік курсы бойынша әлемдік және отандық психологиядағы теориялар мен эмпирикалық зерттеулерді талдау, бағыттар және идеяларымен студенттерді таныстыру. Баланың жеке дамуының заңдылықтары, бұзылыстардың топтастырылуы, себептері мен олардың пайда болу жолдары туралы студенттердің теориялық және ғылыми негіздегі білімдерін қалыптастыру;
Қазақстан Республикасындағы және шетелдік арнайы педагогика мен психология саласындағы қазіргі таңдағы ғылыми жетістіктерімен және тұлғаның онтогенездегі даму барысында кездесетін жастық дағдарыстарымен, олардың себептерімен тенденцияларымен студенттерді таныстыру.
Қазіргі кездегі ақпараттық (информациялық) технологияны, кәсіби әрекетінде пайдаланатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеудің компьютерлік әдістерін игеру; мемлекеттік және шетел тіліндегі мамандық бойынша ғылыми, анықтамалық, әдістемелік әдебиеттерді пайдалану; білім беру және ақпараттық технологиялар негізінде білімін кеңейту мен оқу бағдарламасының аяқталуында өзіндік оқуды қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;