Түзудің теңдеулері.Шеңбердің теңдеуі 1.1.Жазықтықтағы нүктелердің координаталары ; кесіндінің ортасының координаталары .
1.2Екі нүктенің арақашықтығы
1. 3.Жазықтықтағы сызықтардың теңдеулері .Түзудің теңдеулері
1.4 Түзүдің жалпы теңдеү.
1.5. Шеңбердің теңдеуі.
ҚІРІСПЕ: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі туралы білімін кеңейтеді; Координаталары бойынша нүктені салуын үйренеді; Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын табады, координаталары берілген нүктені координаталық жазықтықта салу дағдысын қалыптастырады; кесіндінің ұштарының координаталары бойынша оның ортасының координаталарын табуды үйренеді.
- Оқушылардың топпен жұмыс істеуін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, шыдамдылыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке өз бетінше еңбектену белсенділіктерін дамытады, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіреді.
- Оқушыларды көпшіл болуға үйренеді, өзара бір-біріне көмегін қалыптастыра отырып, өз біліміне ғана емес, басқа оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыланады, өзін - өзі басқаруға үйренеді;
Шеңбердің теңдеуі. Сабақ мақсаттары. Оқушыларға шеңбердің теңдеуін үйрету, формуласын қорытып шығару, формуланы есептер шығаруда пайдалануды үйрету, дайын сызба бойынша шеңбердің теңдеуін құру. Құралдар. Ноутбук, проектор, презентация, үлестірме қағаздар, бағалау парағы, стикерлер, GeoGebra программасы.
1.1Жазықтықтағы нүктелердің координаталары ; Кесіндінің ортасының координаталары . Екі нүктенің арақашықтығы.
Нүктенің координаталық түзудегі орны бірғана санмен анықталады. Оң сандармен теріс сандар және 0 саны координаталық түзуде`(сантүзуінде) кескінделеді. Оңбағыт қақарама-қарсы – теріс бағыт деп аталатын бағыт татеріс сандар кескінделеді.Өзара 900 бұрыш жасап қиылысаты н екі түзу перпендикуляр түзу деп аталады.
Өзара перпендикуляр екі түзу жүргізейік. Горизонталь осьті х-пен белгілеп, оны абсцисса осі деп, ал вертикаль осьті у-пен белгілеп, ордината осі деп атаймыз. Олардың О қиылысу нүктесін координаталар басы деп атаймыз. Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды
Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық тікбұрышты декарттық координаталар жүйесінде координаталық жазықтық деп аталады. Бұл жүйені хОу жүйесі деп аталады.
Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады. Нүктенің координатасын жазу кезінде рет сақталады, бірінші орынға абсциссаны, екінші орынға ординатаны жазады.
Координаталық осьтер жазықтықты төрт бөлікке –І,ІІ, ІІІ, ІV координаталық ширекке бөледі. Ширектердің рет саны сағат тілінің қозғалыс бағытына қарсы бағытта анықталады. Алдымен әрбір ширектегі абсциссалардың таңбалары , содан соң ординаталардың таңбалары жақшалардың ішінде көрсетіледі.