«Лагер аруы ханшасы мен ханзадасы»



Дата26.09.2022
өлшемі20,8 Kb.
#40306



Орал гуманитарлық - техникалық колледжі


Тақырыбы:
«Лагер аруы ханшасы мен ханзадасы».


Орал -2016
Тәрбиелік іс-шараның тақырыбы: «Лагер аруы ханшасы мен ханзадасы».
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат міндеттері:
а)ақпараттық: Балаларға оқуға,ата-ана,туыстары алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
ә)коммуникативтік: қыздарды,аналарды бүкіл әйелдер қауымын құрметтеп,мерекелерін қызықты әрі көңілді өткізуге тәрбиелеу.
б)проблеманы шешу: Оларды біреуге жақсылық жасауға,қуанышын сыйлауға дағдыландыру,танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбие шараның түрі: сайыс.
Көрнекілігі: плакаттар, шар
Тәрбиелік шара әдісі: сайыс.
Өтетін орны: спорт залы.
Барысы:Ұйымдастыру бөлімі:
1-ж.Кеш жарық қымбатты,ханымдар мен мырзалар!
2-ж.Армысыздар,көңілі көктемдей,ән сүйер ардақты ағайын!
1-ж.Армысыздарма,ұстаздар мен оқушылар!
2-ж.Бармысыздарма,жанкүйер әз қауым!
1-ж.Уа,халайық,халайық!
2-ж.Бәріне жар салайық
1-ж.Бүгінгі ойын түрінде
2-ж.Есеп шешіп жарысып
1-ж.Жұмбақ шешіп аңдысып
2-ж.Шабыттасып шалқысып
1-ж.Көңілді ойын жасайық
2-ж.Жұмбақ шеруен шашайық
1-ж.Мұнда қызық табылар
2-ж.Жұмбақ есеп бәрі бар
1-ж.Бүгінгі кешті біз бастайық
2-ж.Сайыста көңілмен қол соғайық.
2-жүр:Бүгінгі «Лагер ханшасы мен ханзадасы» бағдарламасының кейіпкерлерін қошеметпен ортаға шақырайық!
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
II.Негізгі бөлім.
2-жүр. Кезеңдермен таныстыру.
1.Таныстыру.
2.Сұрақ-жауап.
3.Өз өнерлерін көрсету.
4.Сән үлгісі.
(Сайыскерлерді көрермендермен таныстыру).
1-жүр: Құрметті көрермендер!Өздеріңіз білесіздер,қазақ халқы қай уақыттада өздерінің балаларына іс-әрекет,мінез-құлықтарына қарай еркелетіп,сондай-ақ жеңгелері қайындары мен қайын сіңілілеріне,ағалары қарындастарына қосымша ат берген екен.Осы дәстүр-салт бойынша қазір қарындастарына өзінше лайықтап қойған еркелету атын атамақшы.
2-жүр.
1.Қаракөзім-жансая
2.Талдырмашым-Балауса
3.Ақылдым-Айкөркем
4.Назеркем-Жанна
5.Арайлым-Қаламқас.
1-жүр:Айналайын,балаларым менің.Сендер де менің тұңғышым мен кенжелерімсіңдер.Көзімнің ағы мен қарасысыңдар.Сондықтан қалайша маған да сендерге еркелету атын қоймасқа.Әрқашан осы аттарыңа заттарыңа да сай болсын.
1.Салмақтым-Асхат
2.Аңқылдағым-Азамат
3.Аңсағаным-Дәулет
4.Шырайлым-Нұржол
5.Жігерлім-Ермахан.
Әділқазы алқасымен таныстыру.
Ән: «Достарым»
1-кезең.Таныстыру.
1-жүр:-Арулар мен Сұлтандар,сайысқа түсуге дайынсыңдарма?(Дайынбыз)Олай болса,бірінші тапсырма:қауыммен өздеріңді таныстыру.
Топ алдына шыққан басын иіп
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер оқушыларымыз
Сәті келіп қалғандай танысатын.
Әрбір топ өздерін таныстырып өтеді.Таныстырып болған соң сөз кезегі әділ-қазыларға беріліп,әр топқа тиісті бағалары беріледі.
2-кезең.Сұрақ жауап.
Әрбір топқа екі сұрақтан беріледі.Олар тез әрі дұрыс жауап берулері керек.Сұрақ әдет-ғұрыптарға және ел тәуелсіздігіне арналады.
1-Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?
Сыйлы,мейман,үлкен кісілерге.
2-Қазақстан өз тәуелсіздігін өай жылы,қай күні алды?
1991жыл, 16желтоқсан.
3-Төс кімге тартылады?
Күйеу жігітке.
4- Биыл ҚР-сының тәелсіздігінің неше жылдығы тойланды?
20жылдығы.
5-Қызға таңдай берудің мәнін түсіндір?
Таңдай тақылдап пысық,ділмар болсын деп.
6-Биыл ұлы жеңістің неше жылдығы тойланды?
67жылдығы.
7-Балаға неге құлақ береді?
Баланы құймақұлақ азамат болсын,ақылды адам болсын деген ниетпен берген.
8-Халықаралық балаларды қорғау күні?
1-маусым.
3-кезең.Өз өнерлерін көрсету.
Келесі өнер кезегі
Көркем өнер жас бөбек
Сүйкімді болмас бақпаса
Тартасың алға бал қаймақ
Бойыңа сынау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ
Басына үкі тақпаса
Байқауымыздың келесі бөлімі бойынша әр қатысушылардың өнерлерін тамашалайық. « Әрбір топ өз өнерлерін көрсетеді. »
4-кезең.Мода.
Қыздар деген шешек атып жарады
Өмірінің бастау алар жаңа әні
Жігіт деген тіршілікке пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.Байқауымыздың тқртінші кезеңі сән үлгісі.Топтарымыздың сән үлгілерін тамашалайық.
III.бөлім.Қорытынды бөлім.
Тілектес бұл өмірге болып қанша,халық қанша.
Қош болып тұрыңыздар!
Сау-саламат тағы да қайта айналып жолыққанша
Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет