«Ана тілім – айбарым»



бет1/7
Дата09.05.2022
өлшемі31,62 Kb.
#33487
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Даналардан шыққан сөз


«Ана тілім – айбарым»

1) Халық гүлі – тарих шекерасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның күллі рухани тіршілігінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайталап шешек атып тұратын тамаша гүлі.

К.Д. Ушинский

2) Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Ғ.Мүсірепов

3) Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

М. Әуезов

4) Құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына екі тілді – қазақ пен орыс тілін білу сондай қажет.

Ғ.Мүсірепов

5) Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені.

С.Мұқанов

6) Бойда – қайрат, ойда –көз,

Болмаған соң, айтпа сөз.

Абай Құнанбайұлы

7) Әркімнің туған тілі – туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе.

Сәбит Мұқанов

8) Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

С.Торайғыров

9) Ана тілі – мәдени өрлеудің аса зор тегершігі.

Н.Я. Марр

10) Қай халықың болса да қоғамдық өсу-өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да ақыл-ой тереңдігі, сана-сезімі, сергектігі көп салалармен тармақтана-молыға келіп, тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла береді, ажарлана береді. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасала да береді, жасара да береді. ТІл диалектикасы – жасаған сайын жасара беруінде. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.

Ғ.Мүсірепов

11) Қазақтардыі тілі- исламның бүлдірушілік әсеріне ұшырамай, түпкі таза түрін – түркілік сипатын сақтап қалған тіл. Рас, оған да бірен-саран жас сөздердің енгені байқалады. Бірақ ол сөздер... қазақ тілінің үндестік заңына бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына қосылып кеткен. Қазақ тілінің осы тазалығы мен табиғилығы, сондай-ақ көп таралғандығы бұл тілдегі мұараларды менің көбірек жинап, оған әдебиет нұсқаларынан құрастырған жинақтардың толық бір томын арнауыма себеп болды. Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті.

В.Радлов


12) Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл,  қадір-қасиеті – кісілік
М.Жұмабаев

13) “Біздің тәжірибемізде  қазақ тілі — бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен  кем болатын емес, бұған илануымыз керек”.



Х.Досмұхаммедұлы

14) Қасиетін сезем деп ана тілдің, Қауырсыны қалмады қанатымның.

М. Мақатаев

15) Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.



М. Жұмабаев

16) Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды...

С.Сейфуллин

13) Әркімнің туған тілі – туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе.

С. Мұқанов

14) Ана тілін  ананың баласындай сүй.  Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.

Ғ. Мұстафин

17) Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

А. Жұбанов   

18) “Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ.  Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін  бұрынғы өткен ата-бабаларымыз  бәрі жақсы болып, әулие болып өтті”, “Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі”.

М. Ж. Көпейұлы

19) "Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің  айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін  мәңгі құламайтын бәйтерегі”.



Ж. Аймауытов




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет