«Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғыру кепілі»



Дата06.01.2022
өлшемі17,75 Kb.
#11775

ММ «Қостанайқаласыәкімдігібілімбөлімнің Физика-математикалықлицейі»

«Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғыру кепілі»

Қазақ тілі.



Авторы:Гошовский Егор

4 сынып, ММ «ФМЛ…», Қостанай қ. Ғылыми жетекшісі: Самбулатова Г.Ш.,

қазақ тілі пәнінің мұғалімі ММ «ФМЛ…»

2018 ж.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ........................................................................................................................3-4

Теориялық бөлім.

1.1.Латын әліпбиіне көшу мәселелері............................................................................5

1.2.Латын әліпбиі арқылы бұрынғы мұраларымызды тану жолдары......................6-8

1.3.Латын әліпбиінің маңыздылығы................................................................................9



1.4.Латын әліпбиінен ұтарымыз .............................................................................10-13

Практикалық бөлім.

2.1. Латын әліпбиінің қазақ тіліне әсері................................................................14-15

2.2.Әліпбидің жобасын қолдай отырып, оны жақсартуға байланысты жолданған ұсыныстар........................................................................................................................16

2.3. Сөздердің жазылу және оқылу тәртібі..................................................................17

2.4. Мен зерттеген төлқұжет..........................................................................................18

2.5. «Латын әліпбиін үйренейік» жинағы.....................................................................18



ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................18

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................19

Абстракт

1. Тақырыптың өзектілігі – Латын әліпбиінің шығу тарихымен танысу латын әліпбиі әлемінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау, латын әліпбиі туралы мәліметтер жинақтау.

Зерттеу мақсаты Латын әліпбиі туралы мәліметтерді жинақтап танысу бағытында, тәжірибелік зерттеулер арқылы өзіндік ерекшеліктерін білу.

Зерттеудің ғылыми болжамы:Латын әліпбиінің ерекшеліктерін айқындау, латын әліпбиін үйрену бағыттарын айқындау.

Зерттеу міндеттері:

- Латын әліпбиінің ерекшелігін айқындап, өзіндік ерекшелігін талдап, мәнін ашу;



Зерттеудің әдістері: Іздену,зерттеу, сұрақ-жауап,пікірталас.

Зерттеудің жетекші идеясы.Латын әліпбиі - тәуелсіз ел ретіндегі еркін таңдауымыз. Өзінің дамуында мемлекет болсын, ұлт болсын рухани жаңғыруды үнемі қолға алып отырмаса, онда жалпы дамудың бәсеңдейтіні, қоғамдық қозғаушы күштердің әлсірейтіні адамзаттың өркениетті тарихынан белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның мемлекет ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және осы мемлекетке атау берген қазақ халқының рухани әлеуетін күшейту үшін қашанда жаңғыруға бастайтын идеяларды ортаға салып, олардың орындалуына мән беріп тұрады. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазіргі кезеңдегі қазақ елінің бүгінін сараптап, ертеңгі бағытын айқындаған бағдарламалық еңбек. Біз осынау маңызды еңбектегі ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау, интеллектуалды қоғам қалыптастыру сияқты мәселелердің аса өзекті екендігін сезіне отырып, олардың ішінде бір ғана мәселеге – латын әліпбиіне көшу мәселесіне тоқталмақпыз. Елбасы таяу жылдардағы ең маңызды міндеттерді атап өтіп: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деді. Латын әліпбиіне көшудің, әлбетте, кейбір қиындықтары болады. Дегенмен, қиындықсыз өтетін реформа да болмайды. Мәселенің маңыздылығы ондай қиындықтарды еңсеруді қажетсінеді. Еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де тиімді боларлық мәселенің шешілуіне байланысты қоғамда әртүрлі пікірлер қалыптасуда десек, сол ойлардың көпшілігі жаңа әліпби таңдауды қолдайды.



Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Алғашқы кезеңде зерттеу тақырыбы белгіленіп,тақырыптың теориялық-педагогикалық негіздері айқындалды.

Екінші кезеңде латын әліпбиіне байланысты материалдар жинақталып, зерттеліп, тәжірибе жұмыстары жүргізілді.

Үшінші кезеңде зерттеу жұмыстарына байланысты жинақталған материалдар теориялық тұрғыда талданып, қорытындыланды.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет