Леция№2. Лингвистика және социолингвистика тарихы аясындағы гендерлік зерттеу



Дата22.09.2022
өлшемі15,62 Kb.
#39854

ЛЕЦИЯ№2. ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ СОЦИОЛИНГВИСТИКА ТАРИХЫ АЯСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ЗЕРТТЕУ

Гендерология ғылымында,соның ішінде гендерлік тіл білімінде гендерлік лингвистикалық ерекшеліктердің әлеуметтік әлде биологиялық факторларға қатыстылығы жөніндегі айтыс пікірлер өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап,күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Адам миының ассиметриялық қызметі,яғни еркек пен әйел миы жарты шарларының әртүрлілігі туралы психолингвистер ұсынған ғылыми болжам ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас қалыптастырып,пікірталас тудырып,әлі де нақты шешімін таппай келеді.Солардың бірі-биодетерминистік-еркек пен әйел тілінің айырмашылығы табиғилықтың (биологиялық) басым болуынан деп дәлелдеп,эксперименттік тәжірибе нәтижелерін алға тартады. Екіншілері, социодетерминистік-гендерлік тілдік ерекшеліктің болуы әлеуметтік-мәдени факторлардың әсерінен деп түсіндіреді.
Әлеуметтік-психолингвистикалық бағыттағы зерттеулердің басым көпшілігі биодетерминистік және социодетерминистік сипаттама дамып келеді.
Биодетерминистер еркек пен әйел тілінің айырмашылығын когнитивтік тұрғыдан қарастырып,эксперименттік жолмен дәлелдеуге тырысады.Биодетерминистік теорияға сәйкес,ер мен әйелдің сөйлеу әрекеті гормондық жүйенің айырмашылығымен байланысты.Сөйтіп, гормондық жіктелім салдарынан болатын когнитивтік,эмоциялық және физикалық ерекшеліктерді бөліп көрестеді.Когнитивтік тұрғыдан алғанда,жыныстық айырмашылық – ер мен әйелдің ментальдік қабілеттерінің әртүрлілігінен көрінуі мүскін; эмоционалдық – ер адамның агрессивтілігі мен әйел мінезінің эмоциалығы, сезімталдығы, қамқорлығы арқылы байқалады; физикалық ерекшелік – әйел жынысына тән бала туу болса, еркектің дене күшінің басым болуы жыныстық рөлдік жіктелімге әсер етеді [Горошко 2005.].
Социодетерминистер (сол қатардағы феминистік лингвистика, этнолингвистика өкілдері) түрлі мәдениеттерге тән тілдік қатынас ерекшеліктері мен адамның әлеуметтенуін дәлелге келтіре отырып,гендерлік айырмашылықтардың негізі қоғам мен мәдениет әсерінен деген пікірлерінен бұлтартпайды.
Биодетерминизм бағытын жақтаушылар еркек пен әйел миы жарты шарлары асимметриялы деп таниды әрі ғылыми дереккөз ретінде пйдаланып келеді. Мидың бір бөлігінің үнемі зақымдалуы себепті ер мен әйелдің сөйлеу тілінде түрлі өзгерістер байқалған (алғашқы мәлімет жарақат салдарынан ми құрылысы зақымданған емделушіге жүргізілген бақылаудан белгілі болды).
Ғалымдар адам миы жарты шарының нейроанатомиялық сипаттағы айырмашылығы когнитивтік үдерістерге өз әсерін тигізеді деген болжам жасады. Биологиялық айырмашылық,яғни ми жарты шарлары жұмысының ұйымдасуы мен қызметі когнитивтік әрекеттін диотомиялық өрістеуіне жол салады.Мидың сол жақ жарты шарының нейрондық ұйымдасуы оң жағымен салыстырғанда,бұрын жинақталған мәліметті тез ұсынуға бейімді әрі ол когнитивтік әрекеттерді толық қамтамасыз етіп отырады.Әйелдерде тілдік үдерістер үшін мидың оң жақ жарты шары да қатысады.Сондықтан ерлерге қарағанда,әйелдерде сол жақ жарты шарты зақымданған жағдайда да сөйлеу қабілеті сақталады.Сол сияқты қыз баланың тіл игеруге,оқуға бейімділігі тәріздес дәлелдер де әйел миы жарты шарларының қатарласып вербалдық қызмет атқаратынын нақтылай түседі.Ер адамдарда ол тек мидың сол жақ жарты шарты қызметіне негізделген (Э.Гольдберг, Л.Д.Коста).С.Филипс мұндай деректердің лингвистикалық біліктілікке (лексикалық,грамматикалық білім деңгейі) қатысы жоқ деп санайды [Горошко 2005,237б].
Мидың асимметриялық қызметінің ықпалын зерттеу ассоциативтік тәжірибелерде орын алған.Осындай нейролингвистикалық зерттеулер мидың асимметриялық қызметі адамның вербалды қабілеттерімен қатар оның жынысына да қатысы бар екендігін көрсетеді. Оған қоса МАҚ (мидың асимметриялық қызметі)ассоциативтік және эмоционалдық үдерістерге тікелей әсер етеді.Кейбір ғалымдар МАҚ-тың әсерін адамның түрлі-түсті бейнелерді қабылдауы барысында анықтаған жөн деп есептейді.Мәселен, эмоционалды стимулар мен олардан туындайтын эмоциялық реңтер адам миының сол және оң жақ жарты шарлары арасындағы белсенділікке тәуелді болады.Бірақ бұл тәуелділіктің болуын айқындайтын басқа да факторлар бар:жыныс,жас т.б.Олардың рөлі мен қызметі әлі де толық зерттелген жоқ. Сонымен МАҚ-ты кешенді зерттеудің бағыттары:
-МАҚ-пен ассоциативтік үдерістер арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен эмоционалды үдерістер арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен сөйлеу тілі арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен түр-түсті қабылдау арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен адам жынысы арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен адамның жас ерекшелігі арасындағы байланыс.
Е.И.Горошко жүргізген ассоциативтік тәжірибелерде түр-түсті білдіретін лексиканы пайдалана отырып, жынысты басқа биоәлеуметтік факторлармен (жасы,білім деңгейі,т.б)байланыстыра қарастырды.Ғалымның дәлелдеуінше, ассоциативтік әрекетке қатысушыларға барынша күшті әсер еткен жыныс факторы содан кейін жасы мен білім деңгейі, ана тілі болды.[2001].
Ал нейропсихолог Е.Д.Хомская әзірге адам миы жарты шарларының ассиметриялық ерекшелігін туғаннан болатын не болмаса генотипке байланысты әлде өмір сүру деңгейінде қалыптасып я өзгеріп отыратынын, яғни динамикалық сипатын айқындайтын дәлелді қағидалар жоқ дегенді алға тартады [1995, 14-27 бб.].
Жалпы алғанда,ғылыми дискурста әр бағыттың өзіндік көзқарастары, дәлелдері, болжамдары жетерлік. Гендер – жалпы ғылыми категория, гендерлік тәсіл кез келген ғылым саласында қолданыла алады, бірақ сол саланың әдістерін ескеру қажет [Кирилина 2005, 10-12бб.]. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап Батыс Еуропа мен Америкада бастау алған гендерлік лингвистиканың зерттеулер күні бүгінге дейін қарқынды дамып келеді. Ғалымдар екі мәселеге баса назар аударып отыр:ерлер мен әйелдер тіліндегі гендерлік ерекшеліктер және ерлер мен әйелдерге қатысты қолданылатын тілдік бірліктер. Зерттеулердің басым көпшілігі тілдік талдаулар ,талдау әдістері арқылы гендердің мәнін ашып көрсетуді көздесе, бірқатары гендердің лингвистика ілімін дамытудағы қызметін анықтауды мақсат етті

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет