Лекционный комплекс по курсу «Методика преподавания специальных дисциплин»



Дата10.04.2023
өлшемі38,5 Kb.
#80914

1 дәріс
Кіріспе. «Арнайы пәндерді оқытудың әдістемесі» курсының мақсаты мен міндеттері.

Кіріспе
Біздің қоғамымыз үшінші мыңжылдыққа кіріп отырып, жұмысшылар мен орта буындағы жұмысшылардың (шеберлердің, бригадирлердің және т.б.) біліктілік деңгейлеріне қарағанда технологиялық күрделілілктің жылдам өсуі жағдайымен кездесті. Отандық кәсіптік оқыту мектебі жастарды жаңа технологиялардың өндірістерге енгізу жағдайында еңбекке үйретуі қажет. Жұмысшы мамандықтары үшін жоғары білімнің қажеттілігі туралы мәселе көп көтеріліп жүр.


Бұл үшін жұмысшы кадрларды және сонымен қатар кәсіптік оқытудың педагог-инженерлерін дайындаудың жүйесін ұйымдастыру қажет.
Жұмысшы кадрларды дайындауда оқу процесін арнайы кабинеттер мен өндірістік шеберхана базаларында оқу процесін ұйымдастыру және өткізу ең басты орында. Кадрларды сапалы дайындау алдымен арнайы технологиялар оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің компетенттілігіне байланысты. Кәсіптік лицейдің негізгі міндеттерін іске асыру үшін жұмысшы кадрларды дайындауда жас педагогтарды жалпы техникалық пәндер мен арнайы пәндерді оқытудың қазіргі замандағы оқыту әдістемелерімен қамтамасыз ету қажет.
«Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» пәні жалпы пәндер қатарына кіреді және студенттерді кәсіптік қызметке дайындайды. Бұл пәнді оқу педагогика, психология, физика, электротехника, материалтану деген сияқты пәндермен тығыз байланысты және студеттердің алғашқы екі курста оқыған біліміне негізделеді.
Оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу дәстүрлі тәсілдермен бірге техникалық процестерді модельдеуді, анимацияларды, дербес компьютерді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы пән білім алушыларды білімге сын көзбен қарап сараптама жасауға, ағымдағы білім технологияларына бейімделуге үйретеді.
Мақсат: приоритетті технологиялық білім алу, білікті мамандар дайындайтын білім беру мекемелерінде оқу процесін жүргізе білу дағдысын меңгеру:
1. Білікті мамандар дайындаудағы оқыту технологиясының мәселелерін, дидактикалық заңдалақтар мен нормативтерді қолдануды оқып үйрену.
2. Студенттердің оқу жұмысын жоспарлауды үйренуі, жалпы техникалық және арнайы пәндердің түрлері мен әдістерін қазіргі замандағы оқыту технологиялар аймағында игеру.
3. Нақты пәндерге оқыту әдістемесі бойынша педагогикалық жобаларды орындай білуге дағдылану.
4. Кәсіптік цикл пәндері бойынша сабақ өткізуге дағдылану және оқу процесіне педагогикалық жобаларды енгізуге тәжірибелену.
5. Студенттердің педагогикалық қызметке дайындығын және педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыру.

Оқу материалының мазмұнын таңдаудың және ұйымдастырудың принциптері


Пәннің бағдарламасы 050120 – Кәсіптік оқыту мамандығының бағыты бойынша Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес жасалған.
Материалды таңдау студенттерді келесі қазіргі заманғы ғылыми ақпаратпен таныстыру қажеттілігіне негізделген:
· білім беру бағдарламасының тақырыптары мен бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және оқу жоспарына сәйкес жалпы техникалық және арнайы пәндер бойынша сабақтарды өткізу және жоспарлау;
· оқытудың қазіргі заманғы ғылыми негізделген тәсілдерін, әдістерін және оқу құрадарын пайдалану;
· техникалық оқу құралдарын, жаңа педагогикалық, ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану;
· білім алудың нәтижесін бағалаудың қазіргі заманғы құралдарын қолдану;
· білім алушылардың рухани, адамгершілік және патриоттық көзқарасын жеке нанымы арқылы қалыптастыру;
· өз біліктілігін арттыру және жетілдіру мақсатында өзінің қызметіне талдау жасау;
· оқудың және тәрбиеленудің нәтижелеріне бақылауды ұйымдастыру;
· білім алушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру;
Пәннің мазмұнын игерудің деңгейіне қойылатын талаптар
Студент білуі керек:
· алғашқы кәсіптік білім алу мемлекеттік стандартының негізгі құжаттарының мазмұнын (Мемлекеттік Үкіметтік емес ұйымдар (ГОС НПО));
· кәсіптік білімнің мазмұны мен әр түрлі мемлекеттік емес ұйымдар жүйесінің оқу орындарындағы оқыту, оның анықтаушы факторлары;
· оқу жоспарын, оқу бағдарламасын және басқа да оқу-бағдарламалық құжаттардың жасаудың принципі мен талдауы;
· теориялық және практикалық оқытудың әдістері, құралдары және түрлері, түсінігі, маңызы мен сипаттамасы;
· кәсіптік білім педагогының дидакткиалық қызметінің мазмұны;
· мақсатты бағыттаудың әдістері, оқудың мотивациясы мен ынталандыру, жаңа білімдер, дағдыларды қалыптастыру;
· оқу-тәрбие процесін жетілдірудің мәселелері мен оқытудың тиімділігін арттырудың бағыттары;
· мемлекеттік емес ұйымдар жүйесінің оқу орындарындағы әдімстемелік жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастыруы.

Студент жасай білуі тиіс:


· нормативтік және оқу-бағдарламалық құжаттарға талдау жасау, осы құжаттарға енгізілетін өзгерістерді негіздеі, оны жаңаландыру және қажет болған жағдайда қайта жасау;
· қажетті дидактикалық материалды таңдап алу және жалпы техникалық, арнайы пәндер бойынша пәндік мазмұнын конструкциялау;
· оқу процесін дидактикалық жобалауды іске асыру;
· теориялық пәндерді берудің және өндірістік оқытудың жеке әдістемесін жасау;
· білім алушылардың оқу-танымдық қызметін басқару;
· білім алушылардың білімі мен дағдысының қалыптасушылығын өлшеу және бағалау;
· ғылыми, әдістемелік және оқу әдебиеттерімен өздігінен жұмыс жасай білу;
· өз қызметіне өзіндік талдау жасай білу, оның нәтижесін бағалау және түзетулер жүргізу.
Студенттің келесідей дағдысы болу керек:
· әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешу үшін оны өткізудің әдістемесі мен технгикасына қойылатын талаптарды сақтай отырып оқу физикалық эксперименттің барлық түрлерін жасай білу;
· физикалық-техникалық тапсырмаларды шешудегі физикалық шамаларды есептеудің сандық есептегішін және эксперменталдық нәтижелерді өңдеу;
· физикалық-техникалық ақпаратты әр түрлі тәсілдермен ұсыну (вербалдық, белгілік, аналитикалық, математикалық, графикалық, схемотехникалық, бейнелік, алгоритмикалық формаларда).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет