Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе



бет1/34
Дата19.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#75467
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Лекция №1.
Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік.
Кіріспе.

    1. Географиялық карта туралы жалпы түсінік.

    2. Картаның элементтері.

    3. Картографияның теориялық концепциялары.

    4. Картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны.



Кіріспе.
Картография карталар туралы ғылым, яғни картаны нақтылықты бейнелеудің ерекше тәсілі ретінде қарастырып, оларды жасап шығу және пайдалану мәселелерін қарастырады. Бұл анықтама Халықаралық картографиялық ассоциациясымен бекітілген. Мемлекеттік нормативтік шығармалар бойынша картография картографиялық шығармаларды зертелуін, жасап шығаруын және оларды пайдалануын қамтитын ғылымның, техниканың және өндірістің саласы болып табылады. Сөйтіп, картография шартты түрде үш формада болады:

  • карта арқылы табиғат пен қоғамның құбылыстарын бейнелеу туралы ғылым;

  • картографиялық шығармаларды жасап шығу және пайдалану технологиясы мен техниканың саласы;

  • картографиялық өнім (карталарды, атластарды, глобустарды т.б.) шығаратын өндіріс саласы.

Басқа елдерде басқа түрдегі анықтамалар кездеседі. Мысалы, ағылышын түсіндірмесінде картография карта жасаудың өнері, ғылымы және технологиясы, сонымен қатар карталарды ғылыми құжжаттар және өнер туындылары ретінде зерттеу. Француз түсіндірмесінде «карталарды, пландарды және тағы басқа бейнелеу тәсілдерді жасап шығу мақсатында зерттеулер, ғылыми, техникалық және көркем процестер жиынтығы».
Компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты картография туралы көз қарасты өзгеру барысында, оның құрамына электрондық карта жасаумен қатар сандық картографиялық ақпараттың қорын қалыптастыру мәселелерін жатқызады. Бірақ, барлық анықтамаларда картография ғылым, техника және өндіріс саласы болып табылады, кейбір анықтамаларда өнерді қосады, сонымен қатар картография карта жасаумен бірге оларды пайдалану мәселелерін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет