Лекция 10. Этика. Философия ценностей



бет1/8
Дата15.11.2023
өлшемі1,92 Mb.
#123367
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 9. Этика. Құндылықтар философиясы

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы


Пән: «Философия»
Дәріс-презентация №9
Этика. Құндылықтар философиясы
Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша
Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна

Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы

Этика. Құндылықтар философиясы

  • Құндылықтар философиясы. Аксиология және өнегелілік
  • Этикалық ілімдердің тарихи типтері
  • Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем
  • Қазақ халқының ұлттық этикалық құндылықтары

Құндылықтар философиясы


Құндылық — бұл адам және қоғам үшін бір нәрсенің оң маңыздылығы. Құндылықтар туралы ілім аксиология (грек тілінен: «аксис» – құндылық, «логос» – ілім) деп аталады. «Құндылық» ұғымы «баға» және «мақсат» деген түсініктермен байланысты. Құндылықтар адам ойларына, істеген қылықтарына, заттарға баға берудің негізі, өлшемі (критерийі) ретінде танылады. Адам нені құндылық деп санаса, соны өзінің мақсатына айналдырады. Махатма Ганди: «Сіздің құндылықтарыңыз сіздің тағдырыңызға айналады», - деген.
Құндылықтардың түрлері таңдаған өлшемнің негізінде жіктеледі:
- мазмұнына қарай - экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани құндылықтар;
- субъектісіне қарай - тұлғалық, топтық, ұлттық, таптық, жалпы адамзаттық;
- қажеттіліктерге қарай: материалдық (баспана, тамақ, киім және т.б.) және рухани құндылықтар;
- пайдалы болуына қарай – утилитарлық және утилитарлық емес (лат. тілінен «утилис» – пойда)
Жалпы адамзаттық құндылықтар - Ақиқат, Ізгілік, Сұлулық (ежелгі грек философы Сократ атап көрсеткен «құндылықтардың үшбұрышы»)
Махатма Ганди
(1869-1948)
Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері

Аксиология және өнегелілік


Аксиология мен өнегеліліктің өзара байланысы этикалық құндылықтарда көрінеді. Антикалық софистердің (б.д.д. V ғ.) байқауынша, мәдениет заңдары табиғат заңдарынан ерекшеленеді. Софистердің ашқан осы жаңалықтың негізінде философияның ерекше қыры ретінде этика пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет