Лекция 13. Салық жүйесі >13. 1



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата09.05.2022
өлшемі256,11 Kb.
#33249
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 13



Лекция 13. Салық жүйесі 

 

 



13.1  Ұйымдық–құқықтық  жағынан  салықтар  –  бұл  мемлекет  біржақты  тәртіппен 

заң  жүзінде  белгілеген,  белгілі  бір  мөлшерде  және  мерзімде  бюджетке  төленетін 

қайтарусыз  және  өтеусіз  сипаттағы  міндетті  ақшалай  төлемдер.  Салықтардың 

экономикалық  мәні  олардың  өзінің  функциялары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыру  үшін 

мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. 

Салықтар  қаржының  бастапқы  категориясы  болып  табылады.  Салықтар 

мемлекетпен  бірге  пайда  болды  және  мемлекеттің  өмір  сүріп,  дамуының  негізі  болып 

табылады.  Адамзат  дамуының  бүкіл  тарихы  бойына  салық  нысандары  мен  әдістері 

өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар 

тауар-ақша  қатынастарының  ахуалына  әсер  ете  отырып,  олардың  дамыған  жүйесінде 

айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің 

қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. 

Салықтар  барлық  елдерде  олардың  қоғамдық-экономикалық  құрылысы  мен  саяси 

іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта 

бөлудің  басты  қаржылық  құралы,  мемлекеттің  кірістерін  және  бюджеттің  кірістерін 

қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық 

мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық мәні, олардың 

түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және 

функцйяларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір 

азаматтың қасиетті борышы деген еді. 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  35-ші  бабында:  заңды  түрде 

белгіленген  салықтарды,  алымдарды  және  өзге  де  міндетті  төлемдерді  төлеу  әркімнің 

борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. 

      Салықтарды  ежелден  салық  жүктемесін  (салық  ауыртпалығын  )  бөлудің  екі 

қағидаты қалыптасқан:  

1. 


пайда (алынған игіліктер ) қағидаты; 

2. 


«қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты. 

Алынған  игіліктерге  және  төлем  қабілеттілігіне  салық  салудың  қағидаттарын 

пайдалану  салық  мөлшерлемелерін  белгілеуге  және  табыстың  өсуіне  қарай  олардың 

өзгеруіне саяды. 

Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит 

ұсынған еді. Олар мынаған саяды:  

1.  салық  салық  төлеушінің  әрқайсысының  табысына  сәйкес  алынуы  тиіс 

(әділеттілік қағидаты); 

2.  салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек 

(анықталық қағидаты); 

3.   әрбір  салық  салық  төлеуші  үшін  неғұрлым  қолайлы  уақытта  және  әдіспен 

алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты); 

4.  салықты алудың шығындары өте аз юолуы тиіс (үнем қағмдаты). 

Бұл  қағидаттарды  пайдалану  салық  салудағы  зорлық-зомбылықты  жоқ  етті,  бұл 

процеске  реттемелеуді  енгізді  және  Адам  Смитке  «салықтар  –  оны  төлейтіндерге 

құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік 

берді.  Салық  салудың  кейінгі  даму  барысында  қағидаттардың  тұжырымдамалары 

дәлденді, толықтырылды. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет