Лекция №14 Баламалы энергия көздерін ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолдану мүмкіндіктері Лекцияны оқыту нәтижелері



бет1/9
Дата12.12.2022
өлшемі0,51 Mb.
#56716
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Лекция №14
Баламалы энергия көздерін ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолдану мүмкіндіктері

Лекцияны оқыту нәтижелері:



  1. табиғаттың іргелі заңдарын, оның ішінде жаһандану ауа – райы өзгеруіндегі энергетикалық және экологиялық проблемаларды меңгеруде білімдерін кеңейте біледі.

  2. баламалы энергия көздерін қолдану салалары бойынша жаңа зерттеулерді зерттеп орындайдыбаламалы энергия көздерін қолдану салалары бойынша жаңа зерттеулерді зерттеп орындайды;

  3. баламалы энергия көздерін алу бойынша зерттеу жұмыстарының ұйымдастыруын жетілдіруге қабілетті және жүзеге асыруға дайын



Лекция жоспары:

  1. Баламалы энергетикалық өркендеудің заманауи тенденциялары.

  2. Энергия алудың және түрлендірудің қауіпсіз экологиялық әдістері.

Лекция мақсаты мен міндеттері: Баламалы энергетикалық өркендеудің заманауи тенденциялары, энергия алудың және түрлендірудің қауіпсіз экологиялық әдістерімен таныстыру, түсіндіру.
Лекция мазмұны:Нарықтық қатынастардың дамуы энергияларды және ресурстардың барлық түрін оңтайлы пайдалану қажеттілігін, өндірістің ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық деңгейін экономиканың барлық саласында арттыру, сондай-ақ, біліктілігі жоғары кадрларды дайындау, материалдық техникалық, минералдық шикізат, өндірістік базаны және ғылыми әлеуеттерді арттыру қажеттілігін көрсетеді.
Ресурс жинау оның сапалық параметрлеріне зиян келтірусіз және өндірістің абсолютті көлемін артырусыз, өнімнің материал және энергия сыйымдылығын азайтудың негізі болып табылатынын айта кету керек [16,17,24,41].
Магистралды, пәтерішілік жылу желілерінде, жылу пункттерінде, түрлі модификациялы және әр жылдарда салынған үйлердің ішіндегі жылу энергиясын жоғалту орташа алғанда 25 тен 50% дейін ауытқып тұрады. Сумен жабдықтау жүйелеріндегі суық және ыстық судың және жылытудың үй ішілік желілердің қанағаттанғысыз жай-күйіне қарай айтарлықтай шығындарының орын алуы ееркше назар аударуды қажет етеді. Электрлік сұлбалардың жетілмегендігі мен электр энергиясының көптеген тұтынушыларының электр шаруашылығының қанағаттанғысыз жай-күйінен электр энергиясының шығындары да көңіл көншітпейді.
Жылу және энергиямен жабдықтау жүйелерін жетілдіру мен дамытудағы негізгі бағыттары деп санауға болады:
–энергиямен жабдықтау жүйелерін орталықтандырудың дәрежесін масатты түрде оңтайландыру;
–жылу - және энергиямен жабдықтау жүйесінің сұлбаларын және жабдықтарын жетілдіру, сондай-ақ, энергияның өзіндік құнын азайту мақсатында оларды пайдалану деңгейін;
–осындай жүйелерді автоматы және қолмен реттеу жүйесін енгізу, оларды өлшейтін және реттейтін приборлы және арматуралық аппаратурамен жабдықтау.
Электр энергиясы мен энергия тасымалдағыштардың шығындарын есепке алу жүйесі жеке кәсіпорын үшін автономды түрде және есепке алу мен бақылаудың көп деңгейлі жүйесінің бір бөлігі ретінде орындалуы мүмкін.
Энергия үнемдеу бойынша кез-келген шаралардан түсетін тиімділікті нақты есепке алусыз бағалау мүмкін емес, сондықтан энергия үнемдеудегі бірінші маңызды бағыт есепке алу құралдарын орнату болып табылады. Бұл аксиома. Әрине, тұрғындардың көпшілік бөлігі, ақшаларының кран арқылы канализацияға ағып кететінін, ал жылытылмаған терезе арқылы – желге кететінін білсе, өздерінің отбасылық бюджетін үнемдейтін болады, яғни мемлекет те үнемдейді. Тұрғын үйге жылуды берудегі жылуды есептегіш құрал қалыпты құбылысқа айналған. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, оның да қатардағы тұрғындарды қандай да бір үнемдеуге ынталандырмайды, өйткені нақты экономикалық эффект солардан байқалмайды. Яғни, энергоресурстарды есепке алудың пәтерлік жеке құралдары қажет. Өкінішке орай, қазіргі тұрғын үйлерде әр пәтердегі бірнеше тік бағаналы құбырлары бар ғимаратты жылытудың вертикалды тартпасы қолданылады, сол тұрған кезде есепке алудың дербес құралдарын орнату мүмкін емес.
Жобалаушылар мен құрылысшылар, есепке алудың құралдарын орнату құрылыстың айтарлықтай қымбаттауына әкеп соғады деп санайды.
Бірақ, елдегі тұрғын үй-коммуналды шаруашылықтың қазіргі мардымсыз жай-күйін, энергоресурстар тарифының ұдайы өсуін ескеріп, жақын болашақта тұрғындардың коммуналды қызметтерді 100% төлеуіне ауысуы мықты аргумент болып көрінбейді. Сонымен қатар, қазірдің өзінде нарықта барлық су- және энергоресурстардың пәтерлік есепке алудың көпфункционалды құралдары бар және бұндай құралдардың бағасы жаңа салынып жатқан тұрғын үйлердегі 1 ш.м. құнынан төмен.
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық.
ЖЭР (жылуэнергоресурстар) пайдаланудың тиімділігін арттырудың және энергия үнемдеу потенциалын тұрғын-үй коммуналды шаруашылығында жүзеге асырудың негізгі бағыттары болып табылады:
–үнемсіз қазандықтардың жүктемесін басқа қазандақтарға ауыстырып, оларды жою;
–қуаттылығы шағын қазандықтардың құрылысымен жылумен жабдықтау жүйесін децентрализациялау;
–үнемсіз қазандықтарды барынша тиімдісіне ауыстыру, бу қазандықтарын жұмыстың су жылытатын режиміне ауыстыру, қыздыру қабатын қақтан және күйеден тазартудың үнемді және қауіпсіз тәсілдерін қолданумен, реагентсіз моноблокты су дайындайтын қондырғыларды ендірумен, қазандықтарды мазуттан газға ауыстыру арқылы, коммуналды қазандықтардың жұмысы тиімділігін арттыру;
–қазандықтарды отынның жергілікті түріне ауыстыру;
–қазандықтарда электр генерациялайтын жабдықтарады орнату;
– жылу желілерін алдын ала оқшауланған құбырлармен төсеу;
–қазандықтарды, жылу желілерін, автоматтандыру және диспетчерлеудің кешенді жүйесін енгізу;
–тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жылулығын қалпына келтіру ;
– ресурстардың шығынын есепке алу, бақылау және реттеу құралдарын енгізу, пәтерлер мен тұрғын үйлерді ыстық, суық су және газды есептеу құралдарымен жабдықтау;
–автомобилді қалалық коммуналды көлікті газға ауыстыру;
Бірінші кезекте тұрған шаралар :
–жылу желілерін алдын ала оқшауланған құбырлармен төсеу;
–ұзын жылутрассаларды жою, қуаттылығы шағын қазандықтардың құрылысымен жылумен жабдықтау жүйесін децентрализациялау;
–ПӘК төменгі қазандарды барынша үнемдісіне ауыстыру;
–қазандарды жұмыстың су жылытатын режиміне ауыстыру;
–АБЖ, қазандықтарды, жылу желілерін, диспетчерлеуді және мониторингін енгізу;
–сыртқы жарықтандыру желілерін диспетчерлеу;
–сыртқы жарықтандыру желілерін енгізу;
–қалаларды сумен жабдықтау және суды бұруының АБЖ жүйелерін енгізу;
–ЖЭР тұтынуды реттеу және есептеу құралдарын енгізу .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет