Лекция 14
Тақырып: Қорытынды бөлімді жазу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қорытынды бөлімді жазу кеңестері
2. Қорытындыны жазу барысындағы сөздер мен сөз тіркестері
Мақсаты: Қорытынды бөлімді жазуды сипаттау. Қорытынды бөлімді жазу кеңестерін жіктеу. Қорытындыны жазу барысындағы сөздер мен сөз тіркестерін талдау.
Қорытынды эссе құрылымының қажетті бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені, қорытындыда эссенің негізгі идеялары мен түйінді ойлары беріледі. Сонымен қатар, қорытынды эссенің соңғы параграфы болып табылады. Мұнда эсседе айтылған жайттар жөнінде мәселелер автордың өз пікірімен жинақталып беріледі және мұнда жаңа ой айтылмайды. Ол тек қарастырылған тақырып бойынша автордың ойлары мен алдағы уақытта талданатын мәселеерін ғана қамтуы қажет.
Кейбір студенттер үшін қорытындыны жазу біршама қиындық тудыруы мүмкін. Себебі, қорытынды жазу - барлық жұмыс аяқталғаннан кейін автордың қандайда бір тұжырымды нақтылап беруінің соңғы мүмкіндігі, сондықтан бұл жере жұмысың негізгі түйінін барынша бере білу қажет. Ал, оқырман қорытындыны оқи отырып, осы кезеңге дейін айтылған ойдың нақты бір тыжырымын есінде сақтайтын болады.
Қорытындының өзге бөлімдерден ерекшеліктері бар және оның жазба жұмысында атқаратын негізгі қызметтері мынандай:
Негізгі ойды түйіндеу
Эссе жазудағы негізгі идеяны беру
Эссенің негізгі идеясы жайлы соңғы пікірі білдіру
Оқыманның есінде қалуы тиіс ойды ерекше көрсету
Студенттер жазылым үдерісі барысында қорытынды бөлімді жазу үшін мынандай қарапайым кеңестерді ескергені жөн:
Аргументтер мен негізгі идеяны қысқаша қорытындылап беру. Қорытынды бөлімде берілген ойларды түйіндеу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданған жөн.
Автордың қорытынды пікірді білдіруі. Бұл қорытынды бөлімнің негізгі шарттарының бірі.
Эсседегі өзіндік пікірді анық етіп жазу. Себебі, эссе жазудағы мақсат - көтеріліп отырған тақырып жөнінде автордың өз ойын білдіруі.
Қорытындының көлемі шағын болады. Негізіне, қорытындының көлемі жалпы жұмыстың 10% аспауы қажет.
Қорытынды жазу барысында эссенің негізгі бөлімінде берілген көлемді ақпаратты қайталамау қажет. Сонымен қатар, негізгі бөлімде талқыланбаған жаңа ойды да жазылмайды, жаңа ой талқыланбайды. Қорытындыда тек айтылған ой қорытындыланады.
Қорытындыны жазу барысында мынандай сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға болады: «Толықтай алғанда; қорыта келе; қорытындылай келе; барлық жағдайларды ескере отырып; сондықтан да; аталған жайттарды ескере отырып; және т.с.с.»
Ал, автор ретінде өз көзқарастарын білдіру үшін мынандай сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға болады: «Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл тақырып өте даулы; ... бұл тақырып өте өзекті; зерттеу нәтижелері бойынша; қалыптасқан пікір бойынша; қарастырылған мәселені саралай келе, .... көрінеді және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |