Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Күні: Мұғалімнің тегі, аты: Сынып: 5



бет1/5
Дата26.04.2023
өлшемі105,47 Kb.
#87193
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қиял әлемі

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің тегі, аты:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Тақырыбы

Бала қиялы. Тіркесті күрделі сөздер. Қос сөздер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Ж.1.Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімді қамтитын қарапайым жоспар құру.
5.ӘТН.4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:
1 Берілген мәтінге қарапайым жоспар құра алады.
2.Ауызша және жазбаша тілдесім барысында туынды сөздерді қолдана алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
1.Жоспар құру барысында жоспар құрылысын сақтай алады.
2.Мәтін ішінен күрделі тіркесті және қос сөздерді таба алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
1.Кейіпкерлер мінезін аша отырып,салыстырады,шығармаға өзіндік баға бере алады.

Бағалау критерийлері

  1. Мәтінге қарапайым жоспар құрады

  2. Күрделі сөздердің түрлерін ажыратады

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:
1. Оқушылар уәдеде тұру – жақсы қасиет екенін түсінеді.
2. Тіркесті сөздердің ерекшеліктері жайында және қос сөздердің түрлері туралы үйренеді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Күрке, қарақшылық, уәделесу, опасыздық, о дүние, тозақта шыжғырылу, тіркесті сөздер, қос сөздер, қосарлама қос сөздер, қайталама қос сөздер, туынды сөздер, тұрақты тіркестер т.б.
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Қиял әлемі, шынашақ ілмелестіру, ит тұмсығы батпайтын, әлденіп алу, жанын қию т.б.)
Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қожа мен Сұлтан қол алысып, шынашақ ілмелестіріп серттесті. Неге?

  2. Сұлтан мен Қожаның жасаған ырымдары қазақтың дәстүріне сай ма?

  3. Күрделі сөздердің жасалуында кемінде екі лексикалық мағыналы сөз болу керек. Не себепті?

Алдыңғы оқу

Түбір сөздер,туынды сөздер, күрделі сөздер туралы біледі.
«Менің атым -Қожа» фильмімен таныс.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті,Өзін-өзі тану, Жаратылыстану, Музыка



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет