Лекция 36 Таратқыштар жұмыс принціпі



Дата10.05.2023
өлшемі20,62 Kb.
#91643
түріЛекция

Лекция 36 Таратқыштар жұмыс принціпі

Тарату құрылғылары (ТҚ) – электр қуатын қабылдау жəне тарату үшін қызмет ететін жəне коммутациялық аппараттардан, жинақ жəне жалғастырғыш шиналардан, көмекші құрылғылардан (компрессорлық, аккумуляторлық жəне т.б.), сондай-ақ қорғаныс, автоматика, телемеханика, байланыс жəне бөлшек құрылғыларынан тұратын электр қондырғысы. Тарату құрылғылары тағайындалуына қарай келесі типтерге бөледі:


– электр станциялары генераторларынан электр қуатын қабылдау үшін қызмет ететін басты ТҚ,
– жоғарылатқыш жəне төмендеткіш шағын станцияларының ТҚ, онда электр уаты күш трансформаларында кернеуді жоғарылату немесе төмендетуден кейін бөлінеді,
– станциялар мен шағын станциялардың өз қажеттіліктеріне тұтынушыларға электр қуатын бөлу үшін арналған жеке қажеттіліктер ТҚ,
– сызықтық ТҚ (таратқыш тармақтар), мұнда қуат кернеуді трансформациясыз жеке ауа желілері арқылы бөледі. Тарату құрылғылары кернеу жəне орналасу түрі бойынша 1000 В дейінгі жəне 1000 В асатын кернеулі, сондай-ақ генераторлық кернеулі ТҚ бөлінеді. Ірі электр станцияларында генераторлық кернеулі ТҚ 3—10 кВ кернеуімен орындалады, ал үлкен емес ауылдық станциялар үшін олар 1000 В дейінгі кернеумен орындалуы мүмкін. Негізгі қондырғыны орнату түрі бойынша ТҚ жабық ғимараттарға қондырғыны орналастыру арқылы жабық (ЖТҚ) жəне ашық ауада қондырғыны орнату арқылы ашық (АТҚ) болып бөлінеді. Конструктивтік орындалуы бойынша ТҚ жинақы, кешенді жəне жабық немесе ашық камералары (тек ЖТҚ қатысты) бар болып бөлінеді.
Ашық тарату құрылғылары (АТҚ) – қондырғысы ашық ауада орнатылатын тарату құрылғылары болып табылады. АТҚ барлық элементтері бетон немесе металл негіздемелерінде орналасады. Элементтер арасындағы ара-қашықтық ЭҚЕ (ПУЭ) сəйкес таңдалынады . 110 кВ жəне асатын кернеудегі жұмыс үшін май (майлы трансформаторлар, ажыратқыштар, реакторлар) қолданылатын құрылғылардың астына қиыршық тасқа тереңдікпен толтырылған май қабылдағыштар құрылады. Бұл шара өрттің туындау ықтималдығын төмендетуге жəне мұндай құрылғыларында апат кезінде жарақаттаулардың төмендетуге бағытталған. АТҚ жинақ шиналары қатты құбырлар түрінде секілді, иілімді құбырлар түрінде орындалуы мүмкін. Қатты құбырлар тіреу оқшаулағышының көмегімен тіреулерге бекітіледі, ал иілімділері ілме оқшаулағыштарының көмегімен порталдарға ілінеді. АТҚ орналасқан аумақ қоршалады.





Жабық тарату құрылғылары (ЖТҚ – қондырғысы жабық жайларға орнатылатын тарату құрылғылары болып табылады. ЖТҚ үшін АТҚ үшін арналған қондырғылар қолданылады, алайда мұндай жабық жайдың ішінде орналастырылады. Кернеудің типтік санаты: 35…110 кВ, сирек 220 кВ. Мұндай типтегі ЖТҚ АТҚ салыстырғанда аз басымдылыққа ие, сондықтан сирек қолданылады. АТҚ жəне ЖТҚ үшін заманауи құрылғылары зауыттармен толығымен аяқталған түрде немесе орнату, монтаждау жəне қосуды талап ететін жинақ құрастырылымы түрінде жеткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет