Оқулық Алматы, 2014 Б. Қ. Қапасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің



жүктеу 5.06 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата29.01.2017
өлшемі5.06 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТІЛ МӘдЕНИЕТІ. 
ШЕШЕНдІК өНЕР
Оқулық
Алматы, 2014
Б. Қ. Қапасова 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» 
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
Сағындықұлы Б. – филология ғылымдарының докторы, профессор;
Сарбалаев Ж. Т. – филология ғылымдарының кандидаты, профессор;
Баратова М. Н. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Қапасова Б. Қ.
 Тіл мәдениеті  Шешендік өнер: Оқулық. – Алматы, 2014. – 224 бет.
Оқулық тіл мәдениеті мен шешендік өнердің тілдік ерекшеліктерін 
қоғам дамуымен қарастырады. Аталған нысанның негізгі теориялық 
мәселелерін түсіндіре отырып, жаттығу, жазба жұмыстарымен бекітіледі. 
Осы тұрғыдан алғанда, оқулықтың тәжірибелік сипаты басым. Қазіргі 
қоғамға қажет іскерлік тіл оралымдары мен құрылымдарының жазбаша және 
ауызша үлгілерін қалыптастыруға арналған жұмыс түрлері мен пікірталас 
мәдениетін игертуге бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар студенттердің өз 
бетімен дайындалуына мүмкіндік береді. Оқулық гуманитарлық бағыттағы 
мамандықтарға арналған.
   
©  апасова Б. К., 2014
© ҚР Жоғары оқу орындарының 
    қауымдастығы, 2014
ƏОЖ 80/81 (075.8)
КБЖ 81.2 я 73
Қ 40
ISBN 978-601-217-479-3
ƏОЖ 80/81 (075.8)
КБЖ 81.2 я 73
ISBN 978-601-217-479-3
Қ 40
Қ
:

3
КІРІСПЕ
Жаһандық үрдістер ұлттар мәдениеті мен руханиятына үл­
кен өзгерістер әкеліп жатыр. Ғаламдық тұтасу, әлемдік жаңа 
қатынастар ұлттардың өз руханиятының ең басты өзегі – тілі­
не қайта қарауды қажет етеді. Кез келген ұлттың тілі қоғамдық 
сұраныс пен қажеттілікті өтеген шақта ғана толыққанды қаты­
нас құралы бола алады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдер арасынан 
көр кемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының 
молдығы жөнінен өзгеше орын алған тілдердің бірі. Бүгінгі әлем 
материалдық байлық үшін де, рухани байлық үшін де ең бастысы 
– оның бар екендігіне мақтан етуден гөрі, дұрыс жарату, ұлт үшін 
пайдаға асыра алу мүмкіндігімен өлшенетіндігінде. Сондықтан бо­
лар, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң қазақ тілінің мәртебесін 
көтеру, қоғамдық мәнін айқындау, қолданыс кеңістігінің жаңа 
бағыттарын белгілеуде бірнеше Мемлекеттік бағдарламалар 
қабылданды. Сол бағдарламалардың қолданыстағысы «Тілдерді 
қолдану мен дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекет­
тік бағдарламасының» басымдық беріп отырған негізгі тұстарының 
бірі  тіл мәдениетін дамыту  «зиялы ұлттың күш­қуаты» екендігі­
не баса назар аударады.
Тіл мәдениеті мен шешендік өнер туралы зерттеулер қазақ 
тіл білімі мен әдебиеттану ғылымында түрлі қырынан зерттеу 
нысаны ретінде алынғаны белгілі. Мәдениеттің негізгі бастауы 
тіл қатысудан басталады. Сондықтан да болар, қазақ тілінде де 
сөздің астармен, әдеппен жетуі  басты назарда ұсталынады. Бұның 
қоғаммен өзгерісі, түрлі сипаттарының зерттелуі 1970­жылдардан 
кейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтындағы арнайы 
ашылған бөлімнің ғалымдары еңбектерінде кең қарастырылды.  
Ғалым М. Балақаев қазақ тіл білімінде алғаш рет тілдік норма 
деген ғылыми терминді қалыптастырды. Тіл мәдениеті бұған 
дейін көркемдікпен ғана байланысты болып келсе, ғылыми зерт­
теулер тілдік норма шеңберінде түсіндірілді. «Сөз өнері» (1978), 
«Өрелі өнер» (1978) ғылыми жинақтары жұртшылықтың назары­
на ұсынылды. Аталған зерттеу сөз өнерін (тіл мен әдебиетті) жал­
пылай алып, сөз қолданудағы, көркемдік ой жасаудағы шеберлікті 

4
тіл мәдениетімен байланыстырады. «I Әдеби тіл стилистикасы»,  
«II Сөздер төркіні», «III Сөз саралау мәдениеті», « IV Сөйлеу 
мәдениеті және орфография», «V Терминология мәселесі» деп ата­
латын бес бөлімдері бар. 
Тіл мәдениетін зерттеуде ғалым М. Балақаевтың («Қазақ әдеби 
тілі»), Р. Сыздықтың, Н. Уәлидің еңбектері мол.  Р. Сыздық «Тілдік 
норма және оның қалыптануы (кодификациясы)» еңбегінде Ғалым 
алдыңғы норма, тіл мәдениеті, кодификациялау деп аталатын 
терминдерге ортақтықты – тілдегі заңдылықтарды сақтау деп 
түсіндіреді, ғалым бір ғана тілдік дерекке қатысты дәлелдері 
тарихи, саяси, әлеуметтік, заңдық, шаруашылық, тұрмыстық 
т.б. мәселелерді жете білуден ғана анықталатын тұстар деп 
анықтайды.
Тіл үнемі даму үстіндегі үрдіс. Сондықтан да сыртқы бөтен 
тілден сөз алмай, таза бір тілдің негізінде ғана өмір сүретін 
әдеби тіл болмайды. Тіл мәдениетін зерттеуде тіл білімі ғылымы 
дәстүрлі ғылыми тұжырымдарды негізге ала отырып, жаңа әлем 
қатынастарына қарай икемдеуде. Әр ұлттың жаңа әлемдегі рухани 
байлығының ең асылы тілдерінің қоғаммен бірге дамып, өз халқы 
үшін қызмет етіп, жаһандық өркендеуге өз құндылықтарымен жа­
уап беруі ұлттың сақталуының кепілі екені белгілі. 
Тарихы тым тереңнен бастау алатын тіліміздің сонау есте 
жоқ ескі замандардан­ақ саясат, шаруашылық, тұрмыс, рухани 
құндылықтар тілі болғанын дәлелдер деректер де жеткілікті.
Тіл – халық тарихының, әдет­дәстүрінің, әдебиетінің, мәде­
ниетінің, таным­түсінігінің көрсеткіші десек, ұлттық сипатты 
анықтар салт пен әдетті, халықтық тағлым­танымды, рухани 
қазынасын сақтаушы да – ана тілі. Қазақ тілінің бай ауызекі сөйлеу 
үлгілері көркем де бай болса, жазба нұсқалары әр кезеңіндегі 
ұлттық тілдің әдеби негізін танытар белгілер.
Біздің мақсатымыз – ата­баба аманат еткен тілді қадірлей білу, 
көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу ғана бо­
лып қоймай, оның қоғам қажетіне қызмет етуін дағдыға айналды­
ру. Осы тұста қазақ тілінің қоғамдық қызметі дегенде оның нарық 
тіліне айналуын, ғылым мен өркениет тілі болуын қамтамасыз ету. 

5
Бұның  басты шарты – тілдің сөздік қорын барынша пайдаланып, 
сөйлеу мен жазу тілінде ұлттық қалыпты сақтау мен дамыту.
Қазақ тіл білімінің теориялық негіздерімен толық танысумен 
бірге тәжірибеде қолдануға төселу, қарым­қатынас тілі ретінде­
гі ерекшеліктерін үйренудің өзіндік сипаттары бар. Сөйлеу тілі 
мен жазба тілдегі қолданыстардың бірқатар ерекшеліктері көңіл 
қойып, баса назар салатын тұстарды айқындайды. Сондықтан да 
біз оқулықта тіл мәдениеті мен шешендік өнердің басты ерекшелік­
терін анықтай отырып, тәжірибеде дұрыс қолдану үшін қажет 
дағдылар мен қажеттіліктерді қалыптастырудың әдіс­тәсілдеріне 
жаттығу жасауды мақсат еттік. Осы тұста қазақ тілінің қоғамдық­
әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, 
сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану үшін сөз 
қолданудың дәстүрі мен сөз әдебінің негізгі деген шарттарын 
көрсеттік. Шешендік өнер, соның ішінде қазақ шешендік өнерінің 
құрамдас бөліктері мен көркемдегіш құралдары, қазіргі шешендік 
өнердегі пікірталас мәдениеті мен оның түрлері, жаттығу, басты 
бөліктері мен ой мен сөз, сөйлем қатынастарын ашудағы сипат­
тарына талдау жасау міндеттері белгіленді.
Сөз мәдениетінің негізін тағы да ұлттық әдеп пен тәрбиеден 
табамыз. Әдептіліктің өзін әдемілікке балаған ел дәстүрі өз 
тілінде таза да көркем сөйлеуді қажет етеді. Тілді үйрену – өз 
ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу –  ұлт ділін, қасиетін, мінезін, 
ой, жан дүниесін, сырын білу, халықтық мәдениет пен дәстүрді 
жаңғырту.
Тілді оқулықтан ғана үйрену өте  мардымсыз болады. Бай 
қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем әдебиеттерді оқу, ғылыми 
еңбектермен танысу,  жазба жұмыстарын жүргізу күнделікті оқу, 
үйрену арқылы ғана орындалады. Оқулық  «Тіл мәдениеті» және 
«Шешендік өнер» деп бөлініп, әрқайсысының негізгі нысандары 
талданып, жаттығу жұмыстарымен бекітіліп отырады.

6
I бөлім. Қазақ тілі – ұлт тілі.
Тіл мәдениеті және ұлттық мұрат
Тіл – қоғамдық құбылыс. Қоғамның өзгеруімен бірге адам­
дар танымына да өзгерістер кіреді. Тіл мәдениеті ұлттық құнды­
лықтарды сақтай отырып, қоғаммен бірге тілдің, сол тілді тұты­
нушылардың қарым­қатынас мәдениетін реттейді. Тіл мәдениеті 
тіл заңдылықтарын сақтау, ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал­
тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар таза, әдеби 
тілмен сөйлеуге дағдылану, тілдік қарым­қатынастағы әдеп пен 
нақтылықты, әсерлілікті, түсініктілікті талап етеді. Тіл мәдениеті 
нысанына мәтінді мәнерлеп оқу, өз ойын қисындылықпен бай­
ланыстыра  алу,  жазуда  орфографиялық  норма  дағдыларын 
қалыптастыру талаптарын игерумен де анықталады. 
Тіл мәдениеті зерттеу нысаны ретінде ғалымдар Р. Сыздық, 
Т. Қордабаев М. Балақаев, Н. Уәли еңбектерінде кеңінен зерт­
телді. Бұның бастауында қазақ халқының сөз өнеріне өзгеше 
жауапкерлікпен қарайтын талабы да бар. Абайдың «Өлең – сөздің 
патшасы» өлеңіндегі «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп­тегіс 
жұмыр келсін айналасы» немесе: «Іші – алтын, сырты күміс сөз 
жақсысын, Қазақтың келістірер қай баласы?» – дейтін жолдарынан 
бастап кейінгі сөз зергерлерінің тілді өнер ретінде сақтаудың ба­
сты шарты  оның алғашқы ұлттық қалпын сақтау, халықтық өзегін 
үзбеу тілі білімі мен әдебиеттегі негізгі ұстанымдары екені белгілі. 
Тілдік қарым­қатынастағы ізеттілік, сауаттылық, фонетикалық, 
орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, 
стильдік заңдылықтарды дұрыс қолдану – тілдің мәдениетін сақтау 
ғана емес, ұлттық танымды қадірлеу.  Осы тұрғыда ғалым Н.Уәли 
өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде: «сөйлеудегі, жазудағы 
сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, 
сөзді  дәл  айыру  шеберлігі,  сөйлеу  өнеріне  шыныққандық», 
–  деген пікір білдіреді. Ғалым Р. Сыздық сөздің лексикалық, 
синтаксистік, морфологиялық, орфоэпиялық, орфографиялық 
заңдылықтарын сақтаумен бірге лингвостилистикалық нормала­
рын ұстану, орнықтыру, жетілдіру қажеттігін айтады. Тіл мәдениеті 
ғылымын ауызша сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті деп 

7
шартты бөлу қалыптасқан. Бүгінгі қоғам жазу тілі мен ауызша 
сөйлеу тіліндегі ара­жікті жақындата түскендігін еске алсақ, тіл 
мәдениеті дегеніміз –  тұтас сөйлеу, жазу, оқумен бірге қоғамдағы 
сөз өнерінің мәдениеті ғана емес, әр адамның білім мәдениеті мен 
әдеп мәдениетін біріктіріп, тілдің қоғамдық қатынас қызметін бар 
айшығымен көрсете алуы. 
Тіл байлығын, әдетте,  біз  сөз байлығымен өлшеп үйренгенбіз. 
Сөз байлығы әркімнің сөздік қорымен байланысты болғанымен, 
басты  байлық  –  ой  байлығы.  Ой  байлығы  ғана  сөздерді 
қиюластырып, әсем де әсерлі жеткізіп қана қоймай, ойға бастай­
ды, тыңдаушысын бей­жай қалдыра алмайды. Сөзді түрлендіре 
қолдану, әр сөзге қажет тіркесер, сабақтасар, ой ашар сыңарын 
дәл тауып қиюластыру сөздің парқын білу мен ойға жетелеу – тіл 
мәдениетіне қажет талаптар. Сөздерді бір­бірімен жалғастырып 
қана қоймай сол арқылы стильдік бояуын мен бір­біріне әсер етер 
керектісін дөп басып табу ойлау қабілетімен, оның шығармашылық 
сипатымен ұштасады. 
Ой байлығы адамға табиғат берген сый екені де рас. Бірақ 
ежелгі шешендер өмір жолына назар салсақ, олардың тарих пен 
өнердің, бар ғылымның кешегісі мен бүгінгісін жетік білген­
дігін, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгергендіктерін 
байқаймыз. 
Сөз қолдану мәдениетіндегі қалыптасқан терминдердің  бірі –  
тіл тазалығы. Тіл үнемі даму үстіндегі үрдіс. Сондықтан да сыртқы 
бөтен тілден сөз алмай, таза бір тілдің негізінде ғана өмір сүретін 
әдеби тіл болмайды. Тіл ұлттың жаны дегенді еске алсақ, жұртты 
құрметтеу – оның тіліне қояр талаптарды орындау. Жаһандық 
үрдістер қазақ тіліне деген өзгеше көзқарастарды қажет етеді. 
Себебі әлемдегі кең таралған ағылшын, қытай, араб, француз, ис­
пан, орыс тілдерімен қатар тұрып, дүние­ғаламның бар сырын бір 
тілде – өз тілінде жеткізу міндеті – кез келген тіл үшін де бүгінгі 
ғаламдасу әкеліп отырған күрделі сындардың бірі. Оймен біріккен 
сөз ғана қоғамда ұтымды қолданыс ретінде сақталады. Биік елдік 
мұрат, терең білім, ой мен сөз бірлігі – тілді сақтайтын басты 
белгілердің бірі болып қала береді. Ұлтты сақтап, жұрттық тілекті 
егемендікке жеткізген тілдегі мәдениеттілік болатын. Ой мен сөз 

8
бірлігі. Мағына мен құрылым тұтастығы. Мәдениеттілік басы да 
осы – сабақтастықта, бірлікте, жарасымдылығында. Бұның дәлелі 
– қазақтың көркем әдебиеті, ой мен суреті қиюласқан шешендік 
сөздері. Шешендік сөздер – ой мен көркемдігі жарасқан, құрылымы 
ақылға қонымды, уақыт өткен сайын тереңдігі ашыла беретін асыл 
қазына. Шешендік сөздер – ұлт тілі мәдениетінің бар шарттарын 
орындауымен де елге жақын, заман өткен сайын қажет бола бе­
рер сөздер. 
1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың?
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті кең тілім,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! 
(М. Жұмабаев)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өлең қай жылдары жазылған? Осы кездегі халық тарихы жайында не 
білесіздер?

9
2. Ақын өмірі мен шығармашылығын өлең идеясымен сабақтастыра 
әңгімелеңіздер.
3. «Күш кеміді, айбынды ту құлады» осындағы символдық кейіпкер 
халық па, тіл ме?
4. Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табыңыздар. Жеке сөз және сөз тір­
кесі қалпында жұмсалуында қандай айырмашылықтар бар? 
5. Өлеңнен тілдің қандай белгі, қасиеттері көрсетілген?
6. Өлеңді жаттап алыңыздар.
2-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, тапсырмаларын орын даңыздар.
Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян 
Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан,  
құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен  Күршім бар.
Алтай, Күршім – не заманнан қалың Найман мекені. Сол Ал­
тай мен сол Күршімнің қысы – қыспақ, жазы – Самал. Күн  жылт 
етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт АлтайдыңАлтай сынды 
анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамыр­
ласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, 
бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы 
Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі. Алтай 
елі – Алтай жары тау еркесі киік болып, өзге елдерден биік болып, 
Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны.
Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлық 
айнадай боп, көзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, 
бойы құба талындай боп, былқ­сылқ етіп  бұраңдасып, күбірлесіп, 
көлеңдесіп, езу тартса – есің кетіп, сұңқыл қақса – шым­шым етіп, 
бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді. 
(Ж. Аймауытов)
құбыла – шығыс жақ
мәйек –
тыраңдасып –

10
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Үзіндіні мәнерлеп оқыңыздар. Табиғатты суреттеуде қолданылған 
сөздердің мағынасына, өзара ұйқасына, құрылысына, айтулы сазына назар 
аударыңыздар.
2. Жазушының Марқакөлдің сипатын,  орналасқан жерін суреттеуінде 
қандай ерекшеліктері бар:
а)  Өскемен,  Бұқтырма,  Алтай,  Күршім  жер  атауларын    не  үшін 
пайдаланған?
ә) Жоғарыдағы ел, жер, өзен, көл, таудың суретін, табиғатын бейнелей­
тін сөздер мен сөз тіркестерінің қызметін анықтаңыздар.
3. «Ар жағында», «оң жағында», «қақ басында», «алақанның аясында» 
тіркестерінің синонимдерін жазыңыздар.
4. «Күз күзеткен», «қысы қыспақ», «түрі де аспан, сыры да аспан», «жазы 
самал» тіркестерінің мағынасын ашып айтыңыздар.
5. Сөйлем ішіндегі бір сөздің екі рет қайталанып берілуінің мағыналық, 
эмоциялық әсері қандай?
3-жаттығу. Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, кестеге  толты­
рып, әрқайсысымен сөйлем құраңыздар.
Ақберен, ақбөкен, алаша, әбес, айтымпаз, айығу, алагеуім, 
әупілдек, өрескел, әлеумет, сергу, томаға, бесін, сөзуар, кілем, 
керік, ләйлек, сұңқар, әсемпаз, қылаң, сөйлеу, жүгіру.
Зат 
атауы 
Жан­жануар, 
құс аты
Сын, бейне, 
түс, қасиет
Қимыл­
қозғалыс
Уақыт
4-жаттығу.
 
...Кәрі аңшы Ақшегірдің томағасын тартып, үндемей тасқа 
шүйіліп отыр еді. Бір мезгілде алыстағы қағушының айғайы 
естілді. Ақшегір елең етіп, барлық үлкен денесі екі ғана отты шегір 

11
көз болғандай болып, қызыл тасқа шаншылып, қадалып қалды. 
Артынан аз уақытта аңшының қолынан атып жөнелді. Сол кезде 
қызыл тастың аңшыларға қараған қарсы беттегі бір жарықтан 
түлкі етекке қарай шұбатыла берді. Ақшегір аңшылардан бұрын 
қабат тастың арасынан қылп еткен жонын көрген екен. Денесі 
ыстық оттай қайнаған шыдамсыз қыран жай отындай жарқ етіп
аспанға шықты. Етекке түсе алмай асығып, қарбаласып қалған 
түлкі ежелгі кекті жауын кең жерге шығып тоса алмай, қызыл 
тастың қия бетіне құйрығын шаншып, керіп тұрып қалды. 
Майданға шығып, қызықтырып тұрған жерін көрген қыран ай-
налып, аспандап көтеріле берді. Аспандаған сайын жынын 
шақырған қара  бақсының қабағындай төңкеріліп, қайта­қайта 
түйіліп, көтеріліп, күші  мен ызасын жиып жүрді. Аяғында жерге 
қарсы қасқарып, төсін төсепбір екпіндеп көтеріліп алып, бетін 
бұра сала түлкіге қарай шаншыла жөнелді (М. Әуезов. «Бүркіт 
аңшылығының суреттері»).
«.... Сол уақытта тағы да Баймағамбеттің «кеу» деген жіңішке, 
қысқа белгісі тас арасында жаңғыра шықты. Қарашолақ ытқи 
жөнелді. Бұл жолы ызалы ынтамен, қос қанатын ширақ сермеді. 
Шапшаң оралып, аз аяда ширақ айналып, қос қанатын қыса 
сермепекі-үш дөңгеленіп, биіктеп алды. Енді Тұрғанбайдың 
алдындағы құздың бауырына қарай қос қанатты аспанда бір 
қайшыландырып жіберіп, топшысын үшкірлеп лезде құдия 
жөнелді.  Тұрғанбай  үн  қатқан  жоқ  еді»  (М.Әуезов.  «Абай 
жолы»).
3. ... Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, 
Сағадан сыпсың қағып із шалғанда.
Бүркітші – тау басында, қағушы­ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға,
Көре тұра қалады қашқан түлкі
Құтылмасын білген соң құр қашқанға.

12
Аузын ашып  қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.
Қызық көрер, көңілді болса аңшылар,
Шабар жерін қарамас жығылғанға.
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі,
О да осал жау емес қыран паңға.
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмайды ертең таңға.
Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда
(Абай. «Қансонарда бүркітші шығады аңға»)
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.
2. Төмендегі сөздерді жазып, мағынасын еске сақтаңыздар.
топшы  адам қолының, құс қанатының кеудеге 
жалғасқан жері.
үшкірлеу – сүйірленіп, алдыға қарай созыла түсуі.
қырым – алыс жер, қия шет.
саға – өзен немесе  өзен сілемінің қабысып түйіскен жері. 
Бұл жерде сай­саланың түйіскен жері
3. Үш мәтіннің ортақтығы мен айырмашылықтарын анықтаңыздар. 
4. Келесі сөздердің мағынасын «Түсіндірме сөздіктен» қарап жазып 
алыңыздар:
томаға –  
 
бет –     
құдия – 
қарсы бет –    
қағушы –  
қия бет – 
жон –
5. Кестені толтырыңыздар.
Таулы жердің сипатын 
білдіретін сөздер
Түлкінің қимылын 
білдіретін сөздер
Бүркіттің қимылын 
білдіретін сөздер

13
6. «Аң аулау», «құс салу», «құс баптау», «ит жүгірту» тіркестерінің 
мағынасына талдау жасаңыздар.
7. «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» (Абай) тақырыбына әңгіме 
құрастырыңыздар.
Ұлт тілі тарихының деректері
Қазақ тілі түркі тілінің қыпшақ­ноғай (Н. А. Баскаковтың топ­
тастыруы бойынша) тобынан тарайды. Түркі тілдеріне қырғыз, 
қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, құмық, башқұрт, т.б. тілдері 
жатады. Түркі тілдерінде ортақ әдеби, мәдени, мұра – қазіргі 
қазақ халқының да рухани құндылықтары. Қазіргі қазақ тіліне 
негіз болған түркілік жазба ескерткіштері аз емес. Түркі жазу 
нұсқаларын көне, орта және араб жазуымен жазылған ескерткіштер 
деп бөлінеді. Орхон­Енисей, Ж. Баласағұн «Құтты білік», «Ко­
декс куманикус», М. Қашқари «Түркі сөздерінің жинағы» –  түркі 
мәдениетінің  ескерткіштері.
Көне жазба мұралар (ХІV – ХV ғасырларға дейінгі)
1
Көне түркі 
кезеңі
ІV­ІХ ғ.ғ.
Орхон­Енисей, 
Талас ескерткіштері, 
«Қорқыт ата кітабы», 
«Оғызнама» т.б.
2
Ислам дәуірі
Х­ХІІ ғ.ғ.
Әл­Фараби 
(«Музыканың ұлы 
кітабы», «Аргонон», 
«Логика» т.б.), 
М. Қашқари («Түркі 
сөздерінің жинағы»,  
Ж. Баласағұни («Құтты 
білік») А. Иассауи 
(«Даналық кітабы»),
А. Иүгінеки («Ақиқат 
сыйы») т.б.

14
3
Алтын Орда 
– Қыпшақ 
дәуірі
ХІІІ – ХІV ғ.ғ
«Кодекс куманикус», 
Рабғузи («Рабғузи 
қиссалары»), 
Құтып («Хұсрау­ 
Шырын»), Хорезми 
(«Махаббатнама») т.б.
Түркі  тілдері  жалғамалы  тілдер  қатарына  жатады.  Түркі 
тіл дерінің түп­тамырының бір арнаға тоғысатындығы сөздер­
дің мағынасынан, дыбыстық жүйесінен, морфологиялық құ­
рылымынан, синтаксистік құрылысынан да көрінеді. 
Тілдік ұқсастықтармен бірге қазақ тілінің, сондай­ақ басқа 
да түркі тілдерінің әрбірінің өздеріне ғана тән ерекшеліктері де 
бар. Төмендегі кестеге қарап, қазақ тілінің басқа түркі тілдерімен 
ұқсастығын және олардан айырмашылығын анықтауға болады. 
қазақ
ауыз
сөйле
қыс
тіс
алтай
 өөс
сөстә
қыш
тиш
әзірбайжан ағыз
сөйлә
гыш
диш

Каталог: files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Көркемсөз зергері
files -> Мұратбеков Сайын
files -> Литература по физико-математическим наукам
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет