Лекция 6 функция лингвистикалық ҰҒым тірек сөздер



Дата19.10.2022
өлшемі1,56 Mb.
#44266
түріЛекция

ЛЕКЦИЯ 6


ФУНКЦИЯ - ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҰҒЫМ 

ТІРЕК СӨЗДЕР


СЕМАСИО-ЛОГИЯЛЫҚ
ОНОМА-СИОЛОГИЯЛЫҚ
ДӘСТҮРЛІ, ФУНКЦИО-НАЛДЫ
В.В.Даниленко
О.Есперсен
А.В.Бондарко
А.Салқынбай
М.Шелякин
СЕМАНТИКА-ЛЫҚ ӘЛЕУЕТ
ЖАҒДАЯТ
МӘНМӘТІН (КОНТЕКСТ)

ЛИНГВИСТИКА


ФУНКЦИОНАЛДЫ
МАҒЫНА, ЖАҒДАЯТ, КОНТЕКСТ, ПРАГМАТИКА
СӨЙЛЕУ, ТҮСІНУ
МАҒЫНА
ҚЫЗМЕТІ
ҚОЛДАНЫС ОРНЫ; АЯЛЫҚ БІЛІМ
В.П.Даниленконың түсіндіруінде грамматика семасиологиялық және ономасиологиялық деп ажыратылады.
1
    • О.Есперсен : «Кез келген тілдік құбылысты іштей не сырттай, басқаша айтқанда сыртқы тұрпаты немесе оның ішкі мазмұны жағынан қарастыруға болады. Бірінші жағдайда біз сөздің айтылуынан немесе тілдік сөйленімнің басқа бөлшегінен бастап, содан кейін онымен байланысты мағынаға ауысамыз. Екінші жағдайда, біз мағынадан бастап, ол мағынаның тұлғалық жағынан сол тілде нақты қалай көрініс табады деген сауалға жауап іздейміз»

2
    • А.Салқынбай айтқандай, тілдің функционалдық сипатын зерттеу оның терең ішкі семантикалық құрылымы мен қызметтік қатпарларын зерделеуге мүмкіндік береді.

3
    • Бұл «тұлғадан  оның қызметіне» қарайғы бағыттағы зерттеулердің қажеттілігін М.Шелякин біріншіден, дәстүрлі грамматикалық зерттеулер толықтай әлі де болса қарастырылып бітпеуімен, екіншіден, «тұлғадан  қызметке» қарайғы бағыт «қызметтен  тұлғаға» қарай бағытталған таза функционалды зерттеулерге өтудің алғашқы сатысы болып табылатындығымен байланыстырады.

ТҮЙІН
Функционалды бағыттағы келесі зерттеулерде «тұлғадан  қызметке (мазмұнға)» және «қызметтен (мазмұннан)  тұлғаға» қарайғы бағыттың екеуі де негізге алынады. Тілдік фактілерді сипаттауда «мазмұннан  тұлғаға қарайғы» бағыт негізгі болып табылады да, грамматика құрылымын айқындайтын «тұлғадан  мазмұнға қарайғы» бағытпен бірлікте қаралады. Осы сипатына орай бұл зерттеулерді құрылымдық-функционалды грамматика терминімен атау қалыптасқан, сондай-ақ, тәжірибеде ономасиологиялық грамматика деп те атайды.
ТҰЖЫРЫМ
В.П.Даниленко тілдік құбылыстарды ономасиологиялық тұрғыдан сөйлеуші тарапынан түсіндірудің формуласын былайша береді: «тілден тыс мазмұн – тілдік тұлға/тілдік жүйе – сөйлеу» [3]. Бұл үш таған теориясы тұрғысынан, яғни семантикалық категория – функционалды-семантикалық өріс – категориялық жағдаят шеңберінде былайша түсіндіріледі және В.П.Даниленконың формуласымен төмендегіше сәйкестенеді: мазмұн – семантикалық категория; тілдік тұлға – функционалды-семантикалық өріс; сөйлеу – категориялық жағдаят.

ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА

ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет