Лекция. Дін, мәдениет және қоғам Әдебиеттер: Тощенко Ж. Т. Социология -м. 1998 Фролов С. С основы социологии М. 1997 Тимошинов В. Культурология. А., 2001



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі136 Kb.
#12920
түріЛекция
  1   2   3   4   5

8 лекция. Дін, мәдениет және қоғам
Әдебиеттер:

  1. Тощенко Ж.Т. Социология –М.1998

  2. Фролов С.С Основы социологии – М,.1997

  3. Тимошинов В. Культурология. А., 2001

  4. Габитов Т. Культурология. А., 2002


Жоспар:

  1. Дін: негізгі түсініктер.

  2. Дінді әлеуметтанулық талдау.

  3. Әлеуметтік бірлік.

  4. Дін және әлеуметтік теңсіздік.

  5. Мәдениет элементтері.

  6. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара- қатынасы.

  7. Мәдениет әлеуметтануы.

  8. Мәдени көптүрлілік.

  9. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар.

  10. Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным: сәйкестік параметрлері.

  11. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет.

  12. Ұлттық бірегейлікті сақтау.


Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, қадірлейтін және тауап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері (пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансценденталді құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі.

Түрлі діндердің түрлі белгілері бар, әлемдегі діндерді бір түсінікпен түсіну мүмкін емес, дегенмен олардың ең басты ортақтығы: киелі, қасиетті заты, не орыны болуы, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культы болуы, табиғиаттан тыс құдіретке, немесе обсолютті, трансцендентті күшке өмірін арнауы, өмірден тысқары өмір туралы фантазиясының болуы.

Дін ритуалдардан, мерекелерден, еске алу мен сыйынулардан, немесе шоқынулардан, тежем-тиымдардан, транстардан, ән-күй-би немесе әлеуметтік топтық жиналыстардан, басқа да мәдение шаралардан тұрады. Оның қасиеттендірілген тарихы, және сол туралы ертегі-аңыздары болады, сол арқылы ол адамдарға өмірдің сондай түрдегі шындығы ең дұрыс дегенге сендіргісі келеді. Дәстүр, наным, табыну және құлшылық діни сенімнің негізі.

Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Бірақ жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді: Христиан, Ислам, Үнді діні, Бұдизм, және Еврей діні.

Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейтін, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар деп есептейтін, бірақ тегі қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сыни ойлайтын, ал мәлім діндерге негізінен сенбейтін адам. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсуде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты сандық шамада сақталуда.

Теология, ғылыми дінтану, салыстырмалы дінтану, әлеуметтану, философия секілді пәндер дінді теориялық және практикалық мағынада зерттейді.

Жер бетіндегі көптеген тілдерде дін (religion) сөзіне дәл келетін сөз жоқ екен. Өйткені діни мәдениет баршаға таралғанымен, оның пайда болуы барша халықта бірдей басталмаған. Ибраһимдік діндер делінетін Христиан, Ислам және Иудаизм (Еврей діні) үшеуі тек әу-баста еврей және араб халықтарын бастау етті, кейін басқа халықтарға таралды.

Ғылыми зерттеулер бойынша, дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілері сақталған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрі де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады.

Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерде негізінен Ибраһимдік діндерге - ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Ибраһимдік діндер - теистік діндер деп аталып, олар Құдайдың дүниені жаратуы және адамзатты ақырзаманда сотқа тартып, жұмақ пен тозаққа жіберуі туралы түсінікке негізделген. Алғашқы адамды Адам атадан бастайтын бұл діндердің негізгі пікірлерін тарих және археология ғылымдары дәлелдемегенімен, бәрібір аса көп халықтар арасында ықпалын сақтап келеді.

Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі.

Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православия және протестанттық конфессиялар бар.

Дүние жүзі халқының 57 пайыздайы, әлемдік үлкен екі дін - христиан мен исламға сенеді. Сонымен қатар, дін ұстанбайтын Дінсіздік және дінге қарсы атеизм және дінге сынни қарайтын агностисизм де әлем халқының 16 пайыздайын ұстайды.[5][6][7]

Антрополог ғалым Clifford Geertz дінге былай анықтама береді: дін дегеніміз

Дінді философияның кемдігі дейтіндер де бар. Бұл тұрғыда, адам терең толғанып, жауап іздеуге тиіс аса мәнді сұрақтарға дін өзінше жауап беріп, бірден көңілді қанағаттандырғандай болады. Философия жауапсыз сұрақтар болса, дін сұрақсыз жауап. Әрине қайсысын таңдау адам өз еркінде.

“Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады. Мәдениет терминінің алғашқы түсінігі аграрлық саламен байланысты болса ортағасырларда бұл терминнің астарында «маданиат» араб тілінде «қала», неміс тілінде «kujtur» өркениет ұғымдары түсіндіріле бастады. Жаңа заман дәуірінен бастап бұл термин адамға қатысты қолданыла бастады. Қазіргі таңда мәдениетті «екінші табиғат» деп түсінеміз. Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байданысты. Әлеуметтануда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын серпінді білім ретінде қарастырылады. Мәдениет әлеуметтануы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізгілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет әлеуметтануы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени серпін заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.

Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты - қазіргі қиын әлеуметтік-мәдени жағдайда олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу.

Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару. Әлеуметтануда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтижелері мен процестеріне көзқарасы тұрғысынан қарастырылады

2. Мәдениеттің алғашқы элементі – тіл. Тіл - адам тәжірибесін сақтаудың, жеткізілудің объективті формасы. Тіл нақтылы мәндермен үйлестірілетін белгілер мен символдардың жүйесі болып табылады. Тіл – аса маңызды қарым-қатынас құралы.

Мәдениеттің екінші аса маңызды құрамдас бөлігі құндылықтық - танымдық жүйе болып табылады. Құндылық - бұл барлық адамдардың жетуге тырысатын мақсаттары. әрбір қоғам өз құндылықтарын өзі таңдайды. Құндылық - бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы.

Құндылықтар өзінің қажеттіліктерін әлеуметтік субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара қатынасында қалыптасады. Әлеуметтік субъектінің құндылық жүйесіне әр түрлі құндылықтарды жатқызуға болады:

1. Өмірлік мағынасы бар (жамандық пен жақсылық туралы, өмірдің мақсаты мен мәні туралы ойлар);

2. Әмбебап: а) виталды (өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, тұрмыс-жағдай, отбасы, туыстар, білім, мамандық, құқықтық тәртіп, т.б.); ә) қоғамдық мойындау (еңбексүйгіштік, әлеуметтік жағдай, т.б.); б) өзара тұлғалық қатынас (адалдық, риясыздық, мейірімділік); в) демократиялық (сөз бостандығы, еркіндік, ұлттық егемендік, т.б.);

3. Партикулярлы: а) отаны мен отбасына бауыр басу; ә) фетишизмдік (құдайға сену, абсолютке ұмтылу).

Әлеуметтануда құндылықтар, ең алдымен, адамның мінез-құлқы мен қоғамдық өмірдің әлеуметтік нормативтік қызметінде қарастырылады.

Мәдениеттің келесі элементі норалар мен ережелер. Нормалар мен ережелер құндылықтардың сақшысы. Қазіргі таңда адам, оның өмірі ең жоғарғы құндылық болса онда ҚР конституциясының бірінші бабында адамның өмірі, құқықтар мен бостандықтарына ешкімнің қол сұғуына болмайтындығы жайлы жазылғаны оған кепіл бола алады. Мәдениеттің келесі элементі – салт-дәстүрлер. Салт-дәстүр - бұл мұраттар мен құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жазбаша немесе ауызша түрде тасымалдау, жеткізу, қолдау және сақтау процесі. Салт-дәстүр адам мәдениетінің барлық салаларын қамтиды. Салт-дәстүрсіз адамзат тарихында ешқандай мәдениет өмір сүре алмайтынымен қоса, онсыз кез келген адамдар қауымдастығының өмір сүруін көз алдымызға елестету мүмкін емес, ал салт-дәстүр - бұл мәдениет және өркениет қоғамы онсыз өмір сүре алмайтын жалпы рухани негіз. Бір сөзбен айтқанда, салт-дәстүр - жеке адамның, топтың, халықтың және адамзаттың мәдени ұқсастығы мен тарихи зердесінің құрамында болатын құндылықтар, нормалар, идеялар, әдет-ғұрыптар жиынтығы.

“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.

Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі [8].

Социологияда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын динамикалық білім ретінде қарастырылады.



Социологиялық зерттеудің объектілері болып қазіргі қоғамда өмір сүретін меңгеру формалары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет объектілерін жасау мен жеткізу, мәдени өмірдегі тұрақты және өзгермелі процестер, әлеуметтік факторлар мен механизмдердің байланыстырушылары деп айтылады. Бұл тұрғыда социология кең таралған, тұрақты және әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, табиғи және әлеуметтік қоршауларымен жалпы қоғам мүшелерінің қатынастарының уақыт бойынша қайталанып отыратын көп түрлі формаларын, қауымдастық мәдениетінің даму деңгейін анықтайтын мәдениеттің даму динамикасын зерттейді.

Мәдениет социологиясы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізігілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени динамика заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет