Лекция. Электролит емес ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы



бет1/18
Дата05.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#134465
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Ýëåêòðîëèò åìåñ åð³ò³íä³ëåð. Åð³ò³íä³ëåð êîíöåíòðàöèÿñû


11 Лекция . Электролит емес ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы..Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы.

Бізді қоршаған әлемде ертінділер ұдайы кездеседі; ауа- оттегі, көміртегі екі оксиді және басқа заттардың азоттағы газ күиіндегі ертіндісі; теңіз суы- заттардың толық бір қатарының (минералды тұздар, газдар, органикалық қосылыстар) судағы ертіндісі; шойын көміртегінің темірдегі қатты ертіндісі және т.б. Көптеген әртүрлі ертінділер адам және жануарлар организмнің құрамында болады.


Химиялық ертінділердің барлық түрлерінен (газ, сұйық, қатты) ең жиі кез-десетін сұйық ертіділер. Ертінділердің құрамы, химиялық қосылыстардағы-дай тұрақты емес, үздіксіз өзгеріп отырады (анықталған бір шегінде).
Ертінділер еріген заттан және еріткіштен тұрады. Еріткіш деп концент-рациясы басқа компонентерінен жоғары компонентті айтады. Ертінді түзіл-генде еріткіш өзінің фазалық күйін сақтайды.
Еріткіштердің жалпы қасиеттерін қарастырайық.
Табиғатта ұшырасатын дүниеліктермен өзіміз әр түрлі жлодармен алған органикалық және бейорганикалық заттар жатады.
Органикалық еріткіштерге органикалық заттар, спирттер, қышқылдар, ацетон, т. б. Жатады. Жалпы жағдайда қарастырылып отырған жүйе түріне қарай еріткіштерді негізінен үлкен үш топқа бөледі:
1.Органикалық және бейорганикалық сұйық еріткіштер (су, күкірт қыш-қылы, аминдер, спирттер, көмірсутектер)
2.Тұз балқымалары әр түрлі тұздар балқымалары: AgCI, NaCI, KNO3 NaNO3, CdSO4-K2SO4 және т.б.
3.Металл балқымалары- қорытпа құйма алуда бір-біріне бір келкі арала-сатын металдар:Ag-Au, Au-Cu, Co-Mo, Fe-Cu, AI-Cu және т.б.

Тұз және металл балқымаларында еру құбылысы жоғары температурада орын алатындықтан кәдімгі жағдайда оларды қатты ертінділер немесе құйма-лар деп атайды.Қатты ертінділер және құймалардың түзілуі олардың құра-мының талдау мәселелерімен физикалық химия саласында кеңірек танысуға болады. Ал еріткіштердің бірінші тобы қасиеттеріне қарай төрт түрге жіктеледі:


-қышқылдық протогенді
-негіздік протофильді
-амфипротонды
-апротононды еріткіштер

Қышқылдық еріткіштер- құрамында сутек ионын оңай беріп жіберетін қосылыстар. Мысалы, қышқылдар, күкірт қышқылы, сірке қышқылы, құ-мырсқа қышқылы және т.б.


H2SO4 H++HSO4-


Негіздік еріткіштер- протонды оңай қосып алатын қосылыстар. Мыса-лы, сұйық аммиак, аминдер пиридин және т.б.
NH3+H+ NH4+
Амфипротонды еріткіштер- протонды оңай беріп те, қосып та алатын, яғни амфотерлік қасиет көрсететін қосылыстар. Мысалы, су, спирттер, сутегі, асқын тотығуы:
Н2О+Н2О=H3O++OH-

CH3OH+CH3OH=CH3OH2++CH3O-




Апротонды еріткіштер- протонды қосып немесе беріп жіберуге бейім емес заттар. Мұндай еріткіштер қосылыстар ионға ыдырамайды. Мысалы: циклогексан, бензол, төрт хлорлы көміртегі, көмірсутектер және т.б. Сонымен еріткіштердің қышқылдық, негіздік және амфипротонды түрлеріне жіктелуі қосылыстардың протон қосып алу, не беріп жіберу қасиетіне негізделген.
Сольваттар мен гидраттадың түзілу процестерін сәйкес сольватация және
гидратация деп аталады.
Гидраттар, қарапайым химиялық қосылыстарға қарағанда тұрақсыз. Бірақ кей жағдайда гидратталған еріген затпен өте берік қосылғандықтан еріген зат бөлініп шыққанда, су оның кристалының құрамына кіреді. Құрамына судың молекулалары кіретін мұндай кристалдық түзінділер- кристаллогидраттар (CuSO4*5H2O, Na2SO4*10H2O, MgSO4*7H2O), ал ондағы су- кристаллогидраттық су деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет