Лекция-презентация №13. Общество и культура



бет1/13
Дата08.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#135289
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қоғам және мәдениет

Қоғам және мәдениет


Жоспар:

Қоғам философиялық ұғым ретінде


Қоғамды әлеуметтік философия зерттейді
Философиялық мағынада, қоғам– бұл табиғаттан бөлініп шыққан және өз әрекеті мен даму заңдарына ие болып тұрған объективті дүниенің бір бөлігі .
Бұл мағынада «қоғам» ұғымы «материя қозғалысының әлеуметтік формасы», «әлеуметтік шындық», «әлеумет» деген сөздермен де беріледі.
Қоғам - бұл жері, дәуірі, дәстүрі ортақ болып тұрған және мәдениеті арқылы біріккен адамдардың әрекет етуі мен өмір сүру жүйесі

Антикалық әлеуметтік философия


Антика философиясында «қоғам» және «мемлекет» ұғымдары бір-бірінен айырылмай, синонимдер ретінде қолданылған. Платон «Заңдар» атты диалогта «…ежелгі қоғам тауда көшіп-қонып жүретін малшылардың отбасыларынан тұрған, оларды ақсақал басқарған... Осыдан ақсақалдың үстемдігі ретінде мемлекет пайда болған…».
Платон мінсіз (идеалды) аристократиялық мемлекет туралы ілімді ұсынған. Ол азаматтарды үш топқа бөледі: билеуші-данышпандар, жауынгер-әскерлер, «демос» (егіншілер, қолөнершілер. саудагерлер). Мемлекет дәрежесiнiң биiктiгi - оны философтар билегенде көрiнедi.
Платон
(427-347 до н.э.)
«Государство»
Аристотель
(384 – 322 до н. э.)
«Политика»
Аристотелъдің пікірінше, адам — «қоғамдық жануар», «саяси жануар». Мемлекет – үлкен отбасы. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы — онда көптеген әлеуметтік қатынастардың өріс алғандығы.

Ортағасырлық әлеуметтік ой: Аврелий Августин


Августиннің пікірінше, тарихтың барысы - екі қарама-қарсы патшалықтың күресі - «Құдайы қаласының» және «Жер бетіндегі қаланың»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет