Лекция құрылықтың биотикалық аймақтары



бет1/8
Дата25.01.2023
өлшемі48,76 Kb.
#62978
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 daris. kur.biot.aimaktar (4)


ЛЕКЦИЯ


Құрылықтың биотикалық аймақтары


1.Құрылықтың биотикалық патшалықтары
2. Биомдардың хорологиясы.
а) Биомдар хорологиясының үшөлшемдігі (трехмерность).
б) Зонобиомдар.
в) Оробиомдар және олардың ерекшеліктері.


1. Құрылықтың биотикалық патшалықтары. 
Құрылықты биотикалық аудандарға бөлу – өте қиын мәселе, өйткені бір мезетте барлық құрылықтардың бүкіл флорасы мен фаунасының алуантүрлілігін есепке алу керек.
Құрылықты биотикалық аймақтарға бөлуді 1978 жылы П.Г.Второв пен Н.Н.Дроздов қарастырған болатын. Бұл аудандастыру схемасында биофилотикалық патшалық жоғары таксономиялық бірлік болып табылады. Ал аудандастырудың өзі биофилотикалық немесе флористикалық-фауналық («фил» гректің phylon – тайпа, туыс, түр) деп аталады. «Фил» деген сөздің түбірін ұзақ уақыт бойы қандай да бір аймақта тіршілік ететін организм түрлерінің кешені деген мағынада түсінуге болады. Құрылықтың биотикалық бөліктері оның өсімдіктер жабыны мен жануарлар әлеміне емес, оның флорасы мен фаунасына негізделген.
Жер шарының экваторлық және тропикалық ендіктерінде орналасқан патшалықтардың биоталары тек түрлік құрамының молдығымен және күрделі құрылымдарымен ғана емес, сондай-ақ қалыптасу тарихының ұзақтығымен де ерекшеленеді. Бұл П.Г.Второв пен Н.Н.Дроздовтың ең көне патшалықтан ең жас патшалықа дейін мынадай «геологиялық қатарды» ұсынуына алып келді:
1. Ориенталдық,
2. Эфиоптық,
3. Мадагаскарлық,
4. Қап тауы,
5. Австралиялық,
6. Антарктидалық,
7. Неотропикалық,
8. Неарктикалық,
9. Палеарктикалық

Сурет. Құрылықтың биотикалық аймақтары (Второв, Дроздов бойынша, 1978):


I – Ориенталдық патшалық және облыстары: 1– Үнді; 2 – Үндіқытай; 3 –Малай; 4– Тынықмұхиттық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет