Лекция тақырыбы: Денсаулық және медицина



бет1/5
Дата08.05.2023
өлшемі23,8 Kb.
#91063
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
NDTEDBHOSNSD08052023152427



Ф-ӘД-001/046



13 Лекция тақырыбы: Денсаулық және медицина

Лекцияның жоспары:


  1. Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты. Денсаулық және қоғам (тарихи перспективада).

  2. Халықаралық перспективадағы денсаулық сақтау. Әлеуметтік маңызды аурулар. Әлеуметтік шеттелу. Денсаулық сақтаудың. экономикалық және әлеуметтік аспектілері.

  3. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі. Ғылыми медицина. Халықтың қартаюы.

Лекцияның мақсаты: Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағытын қарастырып, анықтау.

Лекцияның мәтіні


Қазақстан Республикасындағы позитивті әлеуметтік өзгерістер заманауи әлемнің тенденцияларымен қатар келе жатыр, сонымен бірге, ұлттық және аймақтық ерекшеліктер сақталынған. Осы үрдістің маңызды факторлары мен негіздері Қазақстан Республикасы Елбасының кітабында айқындалған Қоғамдық құрылымда жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты – маңызды элементтерінің бірі қоғамдық денсаулық болатын халықтың өмір сапасын жоғарылату.
Қоғамдық денсаулық – адамдар әл-ауқатының физикалық, әлеуметтік- экономикалық, психологиялық және т.б. түрлерін қамтитын өзара байланысты элементтер мен құрылымдар негізінде қалыптасатын күрделі ашық жүйе. Қоғамдық денсаулық категориясын денсаулықтың негізгі ресурстары адамдардың табысы, тұрғын үй мәселесі, тамақтануы мен өмір салты екенін ескере отырып, жүйелі бағытта қарастыру керек. Сондықтан денсаулықты жақсарту осы компоненттердің, сонымен қатар, денсаулықты жақсартатын экономикалық, физикалық, әлеуметтік және мәдени ортаның шарттарының тұрақтылығын талап етеді.
«Медицина әлеуметтануы» терминінің бірінші рет айқындалуын (1895 ж.) Ч.Мак-Интайр есімімен байланыстырады, дегенмен, денсаулық сақтаудың қоғамдағы орны туралы әлеуметтанулық талдау алғаш рет атақты саясаткер экономист У. Петтидің «Саяси арифметика» атты еңбегінде ұсынылған (1690 ж.).
Денсаулық пен сырқат туралы әлеуметтанулық концепциялардың ішінде ерекше маңыздылыққа жарты ғасыр бойы дамытылып келе жатқан рөлдік теория алады. Медицина мен қоғамның, оның әлеуметтік институттарымен өзара байланысын, денсаулық сақтау жүйесінің дамуын әлеуметтік феномен ретінде интенсивті зерттеу тек XX ғасырда дәрігер мен пациенттің арасындағы байланыстың әлеуметтік аспектілерін зерттеген Толкотта Парсонстың еңбектерінен кейін басталады. Оның рөлдік теориясында (1951-1958 жж.) еңбекке қабілетсіздік пен девиацияның парадигмалары «дәрігер мен пациент» жүйесінде қарастырылады. Т. Парсонс тек әлеуметтанулық немесе психологиялық бағыттарда емес, жүйелік бағытта, сонымен қатар, экономикалық бағытта өндіруші мен тұтынушы арасындағы айырбас ретінде зерттеді,
Атақты американдық психолог, қазіргі менеджменттің негізін салушыларының бірі Абрахам Маслоу денсаулық мәселесін қарастыру кезінде, барлық дене және психоәлеуметтік мүмкіншіліктерді жүзеге асыру – өзіндік актуализациялану деп жазған, бірақ физикалық құрылым психикалық құрылым секілді «норма» және
«денсаулық» түсініктеріне сәйкес келе бермейді
Осылайша, әлеуметтанулық бағыт бойынша «денсаулық» түсінігін қарастыру кезінде, оның екі түрлі сипаттамасын айқындаймыз. Біріншіден, қоршаған орта мен адам арасындағы үйлесімділік міндеттемесі. Осы үйлесімділікті түсінудің субъективті және объективті сипаттамасы бар. Біріншісі адамның және қоршаған ортаның субъективті бағалауымен байланысты. Әр түрлі авторлардың нәтижелері сәйкес

келмеуі мүмкін: субъект өзін үйлесімді, дені сау тұлға ретінде қабылдауы мүмкін, ал қоршаған адамдар науқас және қалыпты емес, және керісінше.
Денсаулықты түсінудің екіншісі қазіргі білімнің деңгейімен шеттелген
«денсаулықтың» салыстырмалы күйімен байланысты. Себебі қалыпты генетикалық кодтың барлық элементтерін толық білгенде ғана салыстыру үшін үлгі пайда болады. Ол уақытқа дейін, соматикалық денсаулықтағы, мінез-құлықтағы ауытқулар (айқын көрінетіндерінен басқа) индивидуалдық ретінде қарастырылуы мүмкін.
Осыған байланысты Гоффманның стигматизация теориясы ерекше қызығушылықты туғызады. Осы теорияға сәйкес, сырқаттың немесе кемшіліктің болуы қоршаған ортаға проекцияланады және әлеуметтік өзара қарым-қатынаста көрінетін науқас адамға белгілі бір мінез-құлық ерекшеліктерді белгілейтін науқасқа деген ерекше қатынасты айқындайды,
Осылайша, «Абсолютті сау адам бар ма?», – деген сауал туындайды. Мұның жауабы көбіне теріс. Әрбір адамның белгілі бір гендік кемшіліктері болады, ол ауру механизмін жібереді.
Сонымен қатар, травмаға деген тұқымқуалаушылық бейімді айқындайтын зерттеулер мәлім.
Денсаулық және сырқатпен байланысты көптеген теориялар мен концепциялардың түрлілігін ескере отырып, Н.И. Скок оларды мынадай топтамаларға жіктеді: философиялық, әлеуметтік-биологиялық, биологиялық, әлеуметтанулық, әлеуметтік-психологиялық. Әлеуметтік-философиялық және әлеуметтанулық бағыттар. Қазіргі уақытқа дейін «қоғамдық денсаулық» түсінігінің ортақ анықтамасы жоқ.
Бір топ зерттеушілер қоғамдық денсаулықты «бір жағынан, жеке адамның индивидуалдық өмір ұзақтығын, екінші жағынан, жалпы қоғамның және оның үздіксіз, үйлесімді даму мүмкіншіліктері мен әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын қоғамдық денсаулықтың индивидуалдық деңгейлерінің жиынтығы» ретінде қарастырад. Екінші көзқарас бойынша, қоғамдық денсаулық бұл «биологиялық және абиотикалық шарттарға бейімделу деңгейін көрсететін, әлеуметтік факторлармен айқындалған, тарихи негізделген, индивидуалдықтан жоғары адамдардың іс-әрекетін ұйымдастыру нысаны. «Қоғамдық денсаулық» түсінігінің мазмұны бұл – өмір салты арқылы трансформацияланған денсаулық сақтау саласындағы шынайы қоғамдық қатынастардың бірегей нысандағы бейнесі. Басқаша айтқанда, қоғамдық денсаулық әлеуметтік организм ретінде қоғамның және оның институтының, соның ішінде, денсаулық сақтау, нәтижесі». Осылайша, қоғамдық денсаулық күрделі әлеуметтік категория және көптеген факторлардың жүйелі есептемесі мен талдауын қажет етеді.
«Қоғамдық денсаулық» категориясы мынадай әлеуметтанулық түсініктермен тығыз байланысты: «өмір салты», «өмір сапасы», «денсаулық сапасы» және т.б. Олардың көбі
«өмір деңгейі» деген категорияға негізделеді.
Модельдік бағыт ғылыми зерттеулердің бағыттарын жүйелеуге және денсаулық күйінің динамикасының мүмкіншілікті өзгеру тенденцияларын болжауға мүмкіндік береді.
Денсаулық мәселесі жеке адамдар үшін өзекті мәселе және сонымен бірге, қоғамның көптеген ғылымдарының зерттеу нысаны. Әрбір мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаттары дені сау ұрпақ қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіпөркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігін айқындаған. Соңғы онжылдықтың ішінде елімізде жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы саясат экономикалық және саяси трансформациялардың салдары болды, сонымен бірге, денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше рет түбегейлі өзгерді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет