№
13 Лекция тақырыбы: Денсаулық және медицина
Лекцияның жоспары:
Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты. Денсаулық және қоғам (тарихи перспективада).
Халықаралық перспективадағы денсаулық сақтау. Әлеуметтік маңызды аурулар. Әлеуметтік шеттелу. Денсаулық сақтаудың. экономикалық және әлеуметтік аспектілері.
Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі. Ғылыми медицина. Халықтың қартаюы.
Лекцияның мақсаты: Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағытын қарастырып, анықтау.
Лекцияның мәтіні
Қазақстан Республикасындағы позитивті әлеуметтік өзгерістер заманауи әлемнің тенденцияларымен қатар келе жатыр,
сонымен бірге, ұлттық және аймақтық ерекшеліктер сақталынған. Осы үрдістің маңызды факторлары мен негіздері Қазақстан Республикасы Елбасының кітабында айқындалған Қоғамдық құрылымда жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты – маңызды элементтерінің бірі қоғамдық денсаулық болатын халықтың өмір сапасын жоғарылату.
Қоғамдық денсаулық – адамдар әл-ауқатының
физикалық, әлеуметтік- экономикалық, психологиялық және т.б. түрлерін қамтитын өзара байланысты элементтер мен құрылымдар негізінде қалыптасатын күрделі ашық жүйе. Қоғамдық денсаулық категориясын денсаулықтың негізгі
ресурстары адамдардың табысы, тұрғын үй мәселесі, тамақтануы мен өмір салты екенін ескере отырып, жүйелі бағытта қарастыру керек. Сондықтан денсаулықты жақсарту осы компоненттердің,
сонымен қатар, денсаулықты жақсартатын экономикалық, физикалық, әлеуметтік және мәдени ортаның шарттарының тұрақтылығын талап етеді.
«Медицина әлеуметтануы» терминінің бірінші рет айқындалуын (1895 ж.) Ч.Мак-Интайр есімімен байланыстырады, дегенмен, денсаулық сақтаудың қоғамдағы орны туралы әлеуметтанулық талдау алғаш рет атақты саясаткер экономист У. Петтидің «Саяси арифметика» атты еңбегінде ұсынылған (1690 ж.).
Денсаулық пен сырқат туралы әлеуметтанулық концепциялардың ішінде ерекше маңыздылыққа жарты ғасыр бойы дамытылып келе жатқан рөлдік теория алады. Медицина мен қоғамның, оның әлеуметтік институттарымен өзара байланысын, денсаулық сақтау жүйесінің дамуын әлеуметтік феномен ретінде интенсивті зерттеу тек XX ғасырда дәрігер мен пациенттің арасындағы байланыстың әлеуметтік аспектілерін зерттеген Толкотта Парсонстың еңбектерінен кейін басталады. Оның рөлдік теориясында (1951-1958 жж.) еңбекке қабілетсіздік пен девиацияның парадигмалары «дәрігер мен пациент» жүйесінде қарастырылады. Т. Парсонс тек әлеуметтанулық немесе психологиялық бағыттарда емес, жүйелік бағытта, сонымен қатар, экономикалық бағытта өндіруші мен тұтынушы арасындағы айырбас ретінде зерттеді,
Атақты американдық психолог, қазіргі менеджменттің негізін салушыларының бірі Абрахам Маслоу денсаулық мәселесін
қарастыру кезінде, барлық дене және психоәлеуметтік мүмкіншіліктерді жүзеге асыру – өзіндік актуализациялану деп жазған, бірақ физикалық құрылым психикалық құрылым секілді «норма» және
«денсаулық» түсініктеріне сәйкес келе бермейді
Осылайша, әлеуметтанулық бағыт бойынша «денсаулық» түсінігін қарастыру кезінде, оның екі түрлі сипаттамасын айқындаймыз. Біріншіден, қоршаған орта мен адам арасындағы үйлесімділік міндеттемесі. Осы үйлесімділікті түсінудің субъективті және объективті сипаттамасы бар. Біріншісі адамның және қоршаған ортаның субъективті бағалауымен байланысты. Әр түрлі авторлардың нәтижелері сәйкес