Лекция тақырыбы: Коммуникативтік дағды



бет1/6
Дата03.12.2023
өлшемі35,63 Kb.
#132993
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6

Лекция тақырыбы: Коммуникативтік дағды.

Коммуникативтік үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»


А. Линкольн
Коммуникация- басқа адамдармен байланысу, қарым-қатынас орнату.
Қарым-қатынас- адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір-бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Медицина қызметкерлерінің жұмысының нәтижелігі мен деңгей-дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас (коммуникативтік) дағдыларына да байланысты екені анық..
Коммуникативтік дағдылар- медицина қызметкерлерінің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру. Қатынасуда субъектілер (адамдар) сөз, мимика және дене қимылы арқылы бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Коммуникатор- ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат)- ақпаратты қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы- жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі- олардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады. Қажеттілігіне қарай қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, ой-мақсатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардың әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдық орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады. Қатынасу процесінде адамға тән, көптеген психикалық құбылыстар қатысады. Олар арқылы адам, адамзат жинастырған тәжірибені тұжырымдайды, қолданады.
Коммуникативтік білгерлік (компетенттік)- мед.қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас, т.б) вербальды және вербальды емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білуі арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті. Қатынасу арқылы адамдар бір-біріне коммуникативтік тұрғыдан әсер етуі мүмкін. Адамдардың бір-бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалы коммуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері- қатынасқан адамдардың бір-бірінен қатты айырмашылық болуы, оның ішінде: бірін-бірі түсінбеуі және мамандық, саяси, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуалды) психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет