Лекция введение в курс «Теоретические основы электротехники (тоэ 1)»



бет1/20
Дата19.10.2023
өлшемі0,89 Mb.
#119738
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1 Дәріс «Электротехника» курсына кіріспе

  • Пәннің мақсаты – бір фазалы синусоидалды және үш фазалы сызықты электр тізбектеріндегі орнатылған процесстерді сапа және сандық жақтарынан зерттеу
  • Пәннің қолданған материалдары төмендегі курстарда алған білім негізінде жинақталады:
    • Жоғары математика
    • Физика

1 Тарау Сызықты тұрақты ток тізбектері. Элект тізбектің элементтері

  • Электр тізбек дегеніміз – өз ара байланысқан ток жүретін электр энергия көздері және электр энергия қабылдағыштарының жиынтығы.
  • Электр энергия көздері дегеніміз – электрлік есем энергияны (химиялық, жылулық, механикалық және т.б.) электр энергияға түрлендіретін құрылғы (гальваникалық элемент, термоэлемент, генератор және т.б.)
  • Электрэнергия қабылдағыштары дегеніміз – электрлік энергияны электрлік емес энергияға (жарықтық, жылулық, механикалық және т.б.) түрлендіретін құрылғы (электр шам, жылытқыш аспап, электр қозғалтқыш және т.б.)

Тұрақты ток дегеніміз – уақыт бірлігінде бағыты және шамасы өзгермейтін ток.

  • Тұрақты ток дегеніміз – уақыт бірлігінде бағыты және шамасы өзгермейтін ток.
  • Электр ток дегеніміз – электр зарядтардың реттелген (бағытталған) қозғалысы.
  • Өткізгіштердің электр тогын өткізу қабілеттілігі өткізгіштілікпен сипатталады.
  • Электр энергияны алу, тарату және түрлендіріуі уақыт бірлігінде тұрақты ток пен кернеу де жүретін электр тізбектері тұрақты ток тізбектері деп аталады

Қарапайым электр тізбектің орын басу сұлбасы

  • ЭҚК әсерінің бағыты энергия көзі ішіндегі зарядтар қозғалысы сырттан (электрлік есмес) берілген күштердің әсерінен болады да төмен нүкте потенциалынан жоғары нүкте потенциалына бағытталады.
  • Кернеу U дегеніміз – Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасын көрсететін шама.
  • Кедергідегі кернеуді кернеудің төмендеуі деп аталады.
  • Электр тізбектің екі түйін аралығындағы кернеуінің бағыты жоғары потенциалды түйіннен төмен потенциалды түйінге бағытталған.
  • Электр тізбегінің электр ток өтуіне қарсы әрекеттілігі электр кедергі деп аталады
  • Электр тізбегіне қосылатын жәнекедергілерібар құрылғыларды резисторлар деп атайды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет