Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009



Pdf көрінісі
бет6/76
Дата27.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#129183
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Андроновшылар шаруашылығы.
Андроновшылар тіршілігінде 
мал өсіру бəрінен де маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі малы 
— қой, сиыр, жылқы болды. Андронов тайпалары тұңғыш рет 
қысты күні малды қолда ұстау дəстүрін енгізді. Тұрғын үйлерге 
жалғастырыла мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан 
түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған. 
Ерте жəне орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі І 
мыңжылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған. 
Олар аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. 
Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған. Мал өсірудің мұндай 
түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал ұстаудың жаңа түрлері 
мен тəсілдері қажет болды. Кейіннен мал өсірудің жайлаулық тəсілі, 


16
17
яғни жартылай көшпелі мал шаруашылығы өмірге келді. Сөйтіп, үй 
іргесіндегіден — жайлауға көшу, отарлы, яғни жартылай көшпелі, 
сосын көшпелі мал шаруашылығы туады. Бұл дала мен шөл жай-
ылымдарын тиімді пайдалануға жəрдемін тигізді. Көшпелі жəне 
жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтуге байланысты бірте-
бірте мал құрамы да өзгере түседі: ірі қараның саны кеміп, қой мен 
жылқы саны көбейе түседі. Андронов тайпаларының тіршілігінде 
теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай жəне тары 
өсірді. 
Қола дəуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде 
жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс 
қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. 
Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты, 
тығыз кенді отпен уату арқылы жəне сонымен қатар үңгіп қазу 
арқылы өндірген. Отпен уату тəсілі бойынша — кен өзегінің 
үстіне от жағылып, əбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға 
бөлген. Уақталған руданы қонысқа əкеліп, арнаулы пештерге са-
лып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ 
қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды. Метал 
балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Ни-
кольское, Петровка ІІ-де бар екені мəлім болды. Метал балқытумен 
бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу жəне қыспалау 
əдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, 
алқалар, білезіктер жасаған. 
Андроновтық тайпалар үй кəсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. 
Қазақстанның далалары мен таулы алқаптарында əрбір отбасы 
ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Əйелдер саз балшықты əзірлеп, одан 
ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған 
шұңқырға от жағып сонда күйдірген. Б.з. дейінгі ХVІІ—ХVІ ғғ. аяқ-
табақтар белгілі бір тоқылған мата қалыпқа салынып істелген. Қыш 
ыдыстар геометриялық ою-өрнектермен əсемделген. Бұл өрнектер 
байлық пен молшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін жəне ыдыс 
ішіндегі затты білдірген. 
Андроновтықтардың баспанасы жертөле мен жартылай жер 
бетіндегі үйлер болған. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған 
пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, тезек жаққан. Кейінгі қола 
дəуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді 
ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Мұндай көлемі үлкен үйлер 
Бұғылы, Ақбауыр қоныстарын қазған кезде кездесті. Осындай үлкен 
үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын 
жəне үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет