Леонардо да Винчи (1452-1519)- италияның қайта өрлеу дәуірінің аса ірі қайраткері және оның негізін қалаушылардың бірі



бет1/2
Дата29.03.2023
өлшемі0,9 Mb.
#77079
түріСабақ
  1   2

Оқу мақсаты: 6.2.2.3- Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу,мүсін өнері) сипаттау; 6.2.3.2- гуманистік идеялардың ортағасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;


Сабақтың тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?
Сабақ мақсаты:
Барлығы: Антикалық мәдениеттің ерекшелігін біледі
Басым бөлігі: Қайта өрлеу дәуіріндегі өнердің дамуына үлес қосқан суретшілерді анықтайды, өнердегі жетістіктерін сипаттай алады
Кейбірі: Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) ұсынылған ақпаратты түсінеді, ұғымдарды жіктейді.
Бағалау критерийі
  • Қайта өрлеу мен антикалық дәуірдегі мәдениетімен байланыстыруда өнер туындыларының жаңалықтарын анықтайды.
  • Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің басты ерекшелігін көрсетеді.
  • Гуманистік идеялардың ортағасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтайды.

Леонардо да Винчи (1452-1519) - Италияның қайта өрлеу дәуірінің аса ірі қайраткері және оның негізін қалаушылардың бірі.
Леонардо да Винчи тек ұлы суретші ғана емес, ұлы математик,физик,астроном,
архитектор және инженер болған.Ол жас кезінен сурет пен мүсін өнеріне машықтанды.Өз шәкірттерін «Кім көп еңбек етсе,сол адам бақытты болады» деп үйретті. Леонардо сурет салуды өнердің басты түрі деп есептеді. «Адам суреттің көмегімен дүниені таниды.Тәжірибе-дүниетанудың бірден бір қайнар көзі» деген тұжырым жасады. Инквизиция қаһарынан тайсалмай,мәйіттерге «ота жасаумен» айналысты. Оны адамдардың көңіл күйі (реніш,қуаныш,қайғы) өте қатты қызықтырды.Ол өзінің болжамымен өз заманынан бірнеше ғасыр озық кетті.Милан герцогіне былай деп жазды: « Мен жерасты жолдарын салу әдістерін,алуан түрлі зеңбіректер салуды,жарылғыш заттарды жасай білемін. Оның жобасы бойынша Миланды ауыз сумен қамтамасыз ететін канал қазылды.Леонардо сан қырлы өнер-ғылым салалары:сәулет өнері,әскери анатомия,жарық пен көлеңке,құстардың ұшуы,судың ағысы мен өлшемі сияқты мәселелерді зерттеді.Леонардоның «Моно Лиза» (немесе «Джаконда») деген картинасы дүниежүзіне мәлім. Жүзінде әрең білінетін,бірақ соншалықты жұмбақ күлкі ойнаған бұл әйел беймәлім сыр сақтаған,әлдебір құпия жайдың боларын алдын-ала сезіп отырғандай болып көрінеді.
Микеланджело Буонарроти
(1475-1564)
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы
қайраткері,итальян мүсіншісі,кескіндемеші,архитектор әрі ақын,ХҮІ ғасырдағы Еуропа өнерінің дамуына зор үлес қосты.Ол адамды сом денелі,батыл,қайтпас жігерлі етіп бйнеледі.Римде «Вакх» мүсінін жасап,көне заман ескерткіштерімен әуестенді. 1501 ж. Флоренцияға қайтып келіп, «Давид» мүсінін жасады. Ол мүсін құдіретті күш,ерлік,өр тұлға,қайтпас жігерге толы болды. Оның таңдаулы еңбектері «Мойсей», «Көтеріліске шыққан құл» және «Хал үстіндегі құл» атты еңбектері болып табылады. Микеланджело алып ғимараттар салумен шұғылданды.Соның бірі Римдегі Әулие Петр храмы (соборы) қайта өрлеу дәуірінің аса озық архитектуралық ескерткіші болып табылады.
Рафаэль Санти (1483-1520)
Қайта өрлеу дәуірінің аса озық көрнекті суретшісі болды.Ол адам бойындағы барлық тамаша қасиеттерді-сымбатты да қайратты денені,ақылдылықты,ізгі мінезді бейнелеуге тырысты.Оның туындылары ішіндегі ең даңқты картинасы «Сикст мадоннасы» Мұны суретші . Италиядағы Әулие Сикст монастры үшін салды.Бұл ғаламат шығарма адамға деген шексіз сүйіспеншілікке толы: адамзат бақыты үшін ең қымбаттысы баласын да құрбан ете алатын дәріптеді.
Гуманизм идеялары
Ағылшын гуманист жазушысы Томас Мор (1478-1535).Ол Лондон қаласында,сот отбасында дүниеге келді.Өте білімді адам болды,ежелгі тілдерді жақсы білді.Әкесінің жолын қуып, заң қызметкері болды.Кедейлердің басына түскен қайғы қасіретіне ортақтасып,оларды қорғады.1516 жылы «Мемлекетті жақсы ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы туралы алтын кітабы» еңбектері шықты.Томас Мор өзі еңбек құрал-жабдықтары ортақ,әділетті қоғамдық құрылысты армандады.Оның идеясы жекеменшік жоқ,барлық адамдар тең өмір сүретін қоғам құру туралы қиял болды.
Томмазо Кампанелло (1568-1639)-италиялық философ,ақын,саяси қайраткер.Әділетті қоғамдық құрылыстың қандай болатынын түсіндіруге тырысты.1602 ж. Мінсіз қоғам туралы утопиялық «Күн қаласы» еңбегін жазды. «Күн қаласы қоғамдық ой-пікірдің дамуына өзіндік үлесін қосты.
Сурет өнеріндегі гуманизм
Дюрер Альбрехт (1431-1528). Ол Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерінің көшбасшысы болды. Дюрер суретші,инженер,әрі сәулетші және көне тілдерге жетік ақын еді.Ол аса үлкен портрет шеберлерінің бірі болды. Оның таңдаулы гравюраларының бірі- «Төрт салт атты» деп аталады.Онда тәңірдің жер бетіндегі адамзаттың үштен бірін жазалауға жіберген - Індет,Соғыс, Ашаршылық және Ажал кейпіндегі салт аттылар бейнеленген.
Рембрандт Харменсван Рейн (1606-1669)- сурет өнерінің ұлы шебері,голланд кескіндемешісі әрі график. Рембранттың негізгі көңіл қойғаны- адам,оның мінез- құлқы,ақылы мен толғаныстары.Суретші тұрмыстық және діни тақырыптағы картиналарды,байлардың әйелі мен баласының суреттерін салды.Оның аса үлкен жетістігі жарық пе көлеңкені батыл пайдалануы еді.Ең әйгілі картиналарының бірі «Адасқан ұлдың қайта оралуы» қайтыс болар алдында салған еді.Рембрант шығармалары Голландияның бейнелеу және кескіндеме өнерінің дамуына зор ықпал етті.
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілерінің еңбектері неліктен қазіргі күнге дейін құнды деп ойлайсыңдар?
1-тапсырма
П - көзқарас. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз. «Менің ойымша.....................................................................................................................................................................................................................................». О - негіздеу. Тек түсіндіріп қоймай дәлелдеңіз. «Себебі...........................................................................................................................................................................................................................................................................» П - мысал. Өз көзқарасыңды түсіндіре отырып мысал келтіріңіз. Мысалы: «..............................................................................................................................................................................................................................................................................» С – қорытынды. Өз көзқарасыңызды білдіре отырып қорытынды шығарыңыз. «........................................................................................................................................................................................................................................................................................»
Қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің еңбектерін «Попс формула» әдісі арқылы талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет