Үлгілік оқу бағдарламаcы


Биомедицина және биоинформатика



бет10/11
Дата18.10.2023
өлшемі54,06 Kb.
#118944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
16

Биомедицина және биоинформатика

Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника). Медициналық биомеханика протездеу). Эргометриялық биомеханика (оптимизация). Модельдеу "Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу". Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы. Модельдеу " Жүректе өтетін электрлік үрдісті зерттеу". Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері. "Эпигенетика" ұғымы. Эпигенетика туралы жалпы түсініктер. Эпигенетиканың молекулярлық негіздері. Адамдағы эпигенетикалық салдарлар. Эпигенетика және эпигеномика. дезоксирибонуклеин қышқылың метилденуі. "Биоинформатика" ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану.

1) Биологияны физикамен және информатикамен интеграциялауды білу.

2)Биоинформатиканың ролі мен әдістерін сипаттау.



1) Биомеханиканың робототехникада қолдалынуын ашадыі;
2)Электрокардиограмма арқылы жүректің жұмыс жасау механизімін; электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін;
гендердің реттілігін бұзбайтын, гендерді реттеудің механизмін зерттеудегі
эпигенетиканың маңызын түсіндіреді;



17

Биотехнология



Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Медициналық диагностикалауда, әкелікті негіздеуде, тұлғаларды дербестендіру медицинасында, гендерді клондауда, дезоксирибонуклеин қышқылы секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы. Гендік инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Гендік инженерияның маңызы. Гендік модификацияланған ағзаларды (ГМА) қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.
Микробиологиялық зерттеулердің кезеңдері. Ферменттердің медицинада, химия және өнеркәсіпте қолданылуы.

1)Биотехнологияның адам өміріндегі ролі мен мағызын ашу.



1) Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін; гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын;
ферменттерді медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін атайды;
2) Полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицинада мен криминалистикада және маңызын сипаттайды;
3) Гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін; рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы алу тәсілдерін түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет